08:47
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

1-қадам: Сенім

Сенім – көрінбесе де адамды қозғайтын алапат күш. Адам сенген нәрсесімен өмір сүреді. Мейлі ол қате сенім болса да. Еліме пайдасын тигізетін ұлтын сүйер азамат болам деп сенім арқаласаң, осы бастан бйыңа жақсы қасиеттер жинайсың. Еңбексүйгіштік, қамқорлық, ұйымдастыра білу, көшбасшылық, сабырлылық, жұрттың сөзіңе сендіре білу, қоғаммен қарым-қатынас құра білу, бірнеше тілде керемет сөйлеу, сауатты жазу, спортпен айналысу секілді қабілеттерді оңай меңгересің. Себебі ішінде сенімнің алауы жанып тұрады.

Алаш қайраткерлерінің өмірбаянын оқыдың ба? Олар суық түрменің ызғарлы еденінде отырып та, жігері мұқалмаған. Тамаққа жарымаса да халыққа арнап кітап жазуды тоқтатпаған. «25 мың алаш атылса, соның 13800-і кітап жазған. Ал кітап жазғандардың ішінде біз тек 26-сын ғана білеміз» дейді алаштанушы Елдос тоқтарбай. Бұл дегеніміз – біздің және келер ұрпақтың еншісіне жазылған жұмыс жетіп артылады деген сөз. Олар қолда барды жаратып, қаншама ауыл балаларын оқытқан. Тұла бойы халықтың болашағын құтқару деген сенімге тұнып тұратын. Әрбірі кемінде төрт шет тілінде еркін сөйлеген.

Ал сенде қандай сенім бар? ислам дініне сенсең, екі ғұмырында бақытқа жеткізетін әдеттердің тізімін жайып салады. Өмірлік ізгі қағидаларың болса, соңғы демің жеткенше соған берік болуың қажет.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: