08:34 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Іштен өзгеру Бетіне безеу шыққан жігіт қанша крем жақса да, оның әсері уақытша. Қысқа уақытқа жоғалып кеткен безеу қайтадан сол жерден шығады. Неге? Себебі мәселе терінің бетінде емес, астында. Терінің астында зат алмасу процесі дұрыс жүрмей жатыр. Соның салдарынан тері қабынып, артық қоқысты сыртқа шығарады. Егер ағзаның тепе-теңдігін дұрыс сақтасақ, пайдалы тағам ішсек, стреске түспесек, спортпен айналыссақ, дұрыс уақытта ұйықтасақ, безеу шықпайды. Тура сол секілді әдет қалыптастыру үшін де алдымен іштен өзгеру керек. Спортшының сымбатты тұлғасына қызығып, жаттығу залын бардың делік. Бәрібір бір аптадан соң баруды тоқтатасың. Себебі ішің өзгерген жоқ, сыртыңды ғана өзгерткің келеді. сол үшін жақсы әдет қалыптастырудың алғашқы үш қадамы: сенім, образ және елестетуден басталады. Осы үшеуін дұрыс үйренсек, одан кейін қадамдар оңай жасалады. Машинаны артынан итерсең, бірнеше қадам жүреді. Ал іштен оталса, ешкім итермей-ақ ұзаққа жүреді. Сол үшін ішкі әлемді өзгерту маңызды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
