09:10
Әдет әдептері

ӘДЕТІН ӨЗГЕРТІП, ТАБЫСҚА ЖЕТКЕН ТҰЛҒАЛАР

Британия велоспорт федерациясы

2003 жылы Британия велоспорты құлдыраудың төменгі деңгейіне жетеді. Неге десең, жүз жылдан бері бірде-бір жарыста жеңіске жетпеген. Тіпті бұларға спорттық велосипед құрастырушы компания тауарын сатудан бас тартқан. Олардың жарыста еш жеңе алмауы компанияның абыройына нұқсан келтіреді деп шешсе керек. Осылай құрып кетудің алдында тұрғанда командаға Дэйв Брейлсфорд есімді бапкер келеді. оның жетістікке жету философиясы бар еді: «әр ұсақ істің сапасын 1 пайызға арттырса, бәрі бірігіп, үлкен нәтиже береді».

Осылайша Дэйв велосипедтің орындығын ыңғайлы қылып өзгертеді. Дөңгелектің сыртын спиртпен сүртіп, жолда үйкелісін жақсартады. Шабандоздардың дене қызуы түсіп кетпес үшін жылытқышы бар киім кигізеді. Желге қарсы ыңғайлы киім тіктіреді. Денеге массаж жасауға ең жақсы гельді таңдады. Спортшылардың ұйқысы сапалы болсын деп, жайлы жастық, жұмсақ матрас алады. Оларды таситын үлкен минивэннің ішін ақ түске бояп, көңіл-күйді басып тастайтын артық түстерден арылады. Қарап тұрсаң, жеке алғанда бұлардың әрқайсысы ондай мықты өзгерістер емес. Ал бәрі біріккенде қандай нәтиже бергенін білесің бе?

Небары бес жылдан соң Пекин олимпиадасында алтын жүлденің 60 пайызын қанжығасына байлайды. Тоғыз олимпиада, жеті әлем рекордың жаңартты. Алты жылдың бесеуінде Тур де Франстің жеңімпазы атанды. Он жыл ішінде әлемдік додаларда 178 рет озып шығып, олимпиада ойындарында 66 алтын алған. Бұл ешқандай кездейсоқтық емес, жай ғана ұсақ әдеттерді жақсартудың нәтижесі.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: