22:21
Әдет әдептері

ҚУАТТЫ ҚАБІЛЕТІҢЕ САЙ ӘДЕТ ТАҢДА

Әр адамның қуатты қабілеті бар. біреу жазуға бейім, біреу есепке жүйрік, біреу сәулет өнерін ұнатады, біреу түсіндіргенді жақсы көреді. Мұны жақсырақ білгің келсе, Галлап тестін тапсыр. Ол жерде адам бойындағы 34 түрлі қабілетті ретімен қойып береді. Алғашқы 10 қабілет – сенің ең мықты тұстарын деген сөз. Жақсы әдетті қалыптастырғың келсе, онда осы мықты тұстарыңа сай әдет таңда. Себебі ондай әдетті қалыптастыру сен үшін оңай болмақ. Мысалы, тәртіп деген қасиеті мықты адам үшін таңертең ерте тұру, спортпен белгілі бір уақытта айналысу, шет тілін үйрену әдеттері оңай болады. Шығармашылық таланты бар адамға жарнамаға идея табу, дизайн жасау, копирайтинг үйрену жайлы болады. Коммуникациялық қабілеті жоғары адамға адамдармен танысу, көпшілікті басқару әдеттері майдан қыл суырғандай оңай.

Өзіңнің әлсіз тұстарына сай келетін әдетті үйрену қиын болмақ. Мысалы, талдау (анализ) жасай білу қабілеті әлсіз адамға Microsoft Excell бағдарламасын үйрену көп энергияны талап етеді. Ал мәліметтер базасына қарап, есеп беру тіптен ауыр.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: