08:35 Әдет әдептері |
НЕГІЗГІ ӘДЕТТІ ТАУЫП АЛ Әдеттің түрі көп. Бірақ соның ішінде негізгі бір әдет бар, ол бірнеше әдетке тікелей әсер етеді. Бұл туралы Фарльз Дахигг «Әдеттің күші» кітабында жазады. Негізгі әдет үйдің іргетасы іспеттес, қалған әдеттер кірпіш секілді қаланады. Мысалы, ұйқыға ертерек жатсаң, таңда ерте тұрасың (1), энергияң толып тұрады (2), күнді жақсы көңіл-күймен бастайсың (3), жаттығу жасап үлгересің (4), кітап оқуға (5) және күнделік жазуға (6( уақыт болады, ағылшын тіліне көңіл қоя аласың (7), таңғы асты асықпай іше аласың (8), күніңді жоспарлайсың (9). Тура солай спортпен айналысып бастасаң, ұйқың қанық болады (1), пайдалы тағам жей бастайсың (2), сенімділігің өседі (3), тәртіп пайда болады (4), жұмыс өнімділігің артады (5), арты салмақ кетеді (6), суды көбірек іше бастайсың (7), жаттығу барысында аудиокітап тыңдайсың (8), т.б. Бұл процесс әдетте де айнытпай көрініс табады. Жатарда телефон немесе теледидар қарауды әдетке айналдырсаң, ұйқыңның сапасы бұзылады (1), энергияң азаяды (2), көңіл-күйің болмайды (3), фокус азаяды (4), дұрыс шешім қабылдау қиын болады (5), шаршаңқылық (6), стресс (7) пайда болады. Қай әдет сенің өміріңе ең көп өзгеріс әкелуі мүмкін, ойланшы... баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
