08:30
Әдет әдептері

Әдетін өзгертіп, табысқа жеткен тұлғалар

Джеймс Клир, «Атом әдеттер» кітабының авторы

Джеймс Клир әдеттер арқылы өмірін қалай өзгерткені жайлы айтады: «...Курстастарым түнімен бейнеойындар ойнап, кеш жататын, уақыттың қадірін түсіне бермейтін. Ал мен, керісінше, уақтылы ұйықтауға әдеттеніп, күнде кешкісін ерте жатып қалатын болдым. Студенттер қайбір тазалық сақтайды дейсіз, жатақхана үнемі шашылып жататын. Алайда мен өз бөлмемді таза ұстауға тырыстым. Әдетке қатысты бұл өзгерістер түкке тұрғысыз боп көрінуі мүмкін, алайда соның арқасында әр сәтімді бақылауда ұстауды үйрендім. Бойыма сенім ұялады. Өзіме деген осы сенімнің арқасында оқу үлгерімім де жақсара бастады. Күнделікті тапсырмаларды уақытында орындауды әдетке айналдырғанның арқасында бірінші курсты үздік бағамен тәмамдадым.

Әдет – ұдайы қайталанып отыратын, көп жағдайда өзінен-өзі орындалатын қимыл-әрекет. Әр семестр сайын бірді-екілі ұсақ, бірақ тұрақты әдет қалыптастыра бердім. Нәтижесінде мен оқуды жаңа бастаған кезде ойыма да кіріп-шықпаған жетістіктерге қол жеткіздім. Мәселен, өмірімде алғаш рет аптасына бірнеше рет зілтемір көтеруді әдетке айналдырып, одан кейінгі жылдары салмағы 77 келі қаңбақтай жеткіншектен аяқ-қолы балғадай, жауырыны қақпақтай, дене салмағы 90 келі азаматқа айналып шыға келдім (бойым 193 см болатын).

Екінші курсқа көшкенде питчерлер (доп лақтыратын ойыншы) арасында алдыңғы қатарға шықтым. Үшінші курстың басында мені команда капитаны етіп сайлады. Маусымның соңындағы іріктеуде құрама команданың ойыншылары қатарына қосылдым. Тұтастай алғанда, уақытымен ұйықтау, оқу және спортпен ұдайы шұғылдану тұрғысындағы жаңа әдеттерім төртінші курстың соңында нақты нәтиже бере бастады.

Бетіме бейсбол таяқшасы тиіп, ауыр халде жатқан сол бір оқиғадан соң, алты жылдан кейін ғана мен Денисон университетінің ерлер арасындағы ең үздік спортшысы атанып, Америка Құрама Штаттарының ESPN университеттік командасының ойыншысы болдым. Мұндай құрметке еліміз бойынша небәрі 33 адам ғана ие болған. Оқуды аяқтайтын жылы менің есімім сегіз санат бойынша колледждің рекордтар кітабына енді. Сол жылы маған университеттің ең жоғарғы марапаты – ректор медалі табысталды».

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: