09:02 Әдет әдептері |
МИ ЖАҚСЫ мен ЖАМАНДЫ АЖЫРАТА АЛМАЙДЫ Ми үшін жақсы әдет те бір, жаман әдет те бір. Бастысы, энергиясын үнемдесе болды. Саған жақсылық жасаймын деп, жамандық жасауы да мүмкін. Сол үшін жаман әдеттен арыла алмай жүреміз. Тышқан тәжірибесі жайлы МТИ ғалымы Эни Грейбиэл былай дейді: «Біз лабиринттен шоколад табуды тышқандардың әдетіне айналдырдық. Кейін лабиринтті өзгертіп, сыйдың (шоколад немесе т.б.) орналасқан жерін ауыстырдық. Арада біраз уақыт өткенде «Т» әрпі формасындағы лабиринтті және шоколадты қайтадан бұрынғы орнына қойып, тышқандарды жібердік. Айтсам сенбейсің ғой! Ескі әдет қайтадан қалпына келді. Әдеттер ешқашан толықтай жоғалып кетпейді. Оны ми маңызды ақпарат ретінде жазып сақтап қойды. Әйтпесе, күн сайын көлікті гараждан шығаруды жаңадан үйрену азапқа айналар еді. Даудың басы мида боп тұр, ол жақсы мен жаманды айыра алмайды. Егер сенде бұрын жаман әдет болған болса, ол ешқайда кеткен жоқ. Жай ғана белгі мен сыйды күтіп жатыр». Қазақша айтқанда, ауру қалса да, әдет қалмайды. Әдет болмаса, миымыз күн сайынғы істерді саналы түрде істеуден шаршап, кернеуді, жүкті көтере алмай, өшіп қалған автомат сияқты өшіп қалар еді. Базальды ядросына зақым келгендер қарапайым ішу мен жеуді де орындай алмай қалады. Мүмкін сол үшін мидың ең ортасында орналасқан шығар. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
