09:05 Әдет әдептері |
МИ ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕЙДІ Өте күрделі әдеттер де бар. Базальды ядро деп аталатын кішкентай ми бөлігі оны да әдетке айналдыра алатыны қандай ғажап дерсің! Мысалы, машинаны гараждан көшеге қарай артпен жүргізіп шығару. Көлікті алғаш айдап үйренгенде, бұл процесс ұзақ уақытты, ерекше концентрацияны қажет етеді. Санап көрші: гаражды ашу, машинаның сигнализациясын өшіру, есігін ашу, орындықты ыңғайлау, кілтті ұяшыққа салу, сағат тілімен бұрап оталдыру, артқы және қапталдағы терезені ыңғайлау, артта ештеңе жоқ екенін көз жеткізу, аяқты тежегіш педаліне қою, артқа жүргізу режиміне ауыстыру, аяқты тежегіштен алу, гараж бен көшенің арасындағы қашықтықты ойша есептеу, рульді бұра отырып, көшедегі көліктердің жылдамдығын байқау, қоршауға дейінгі аралықты есептеу, айнадағы қашықтық пен шынайы қашықтықтың аражігін ажырата білу, газдың педалін ақырын басу, жаныңдағы адам музыканы ауыстыра берсе, «қоя тұршы мазаны алмай» деп қабағыңды түю. Ал бүгінде сен бұл әрекетті еш қиналмай жасайсың. Өйткені қайталана берген соң әдетке айналған. Күн сайын таңда көлікті оталдырғанда, базальды ядро іске қосылып, мида сақтаулы тұрған «көлікті көшеге шығару» программасын қосып, машинаны шығаруға көмектеседі. Әрекет бастала бере, ми басқа шаруаларына көшеді. Мысалы, бүгін жұмыста қандай жиналыс болатынын ойлауы мүмкін. Ғалымдардыңң пікірінше, әдеттің қалыптасу себебі – ми ылғи энергияны үнемдеу жолдарын іздейді. Мида басы артық энергия жоқ, сол үшін жиі қайталанатын әрекеттерді әдетке айналдырып қояды. Өйткені әдет мида өте аз қуат алады. Жүру, жүгіру, дем алу, тамақ ішу сияқты негізгі әрекеттер әлдеқашан әдетке айналған. Осылай үнемделген энергияны басқа нәрселер жасауға, айталық, компьютер құрастыруға, ракета ұшыруға жұмсайды. Бірақ энергияны үнемдеу кейде зиян. Себебі қажет кезде ми ұйықтап жатса, маңызды нәрселерді байқамай қалуымыз мүмкін. Мысалы, көлікті гараждан шығарып жатқанда, арт жақта күшік жатуы мүмкін. Бірақ бұл жағын да базальды ядро шешіп қойған. Әдетті процестің басында және соңында қосады. Кезіндегі тәжірибеде тышқан үшін әдеттің басталуына есіктің «шық» етіп ашылуы белгі болады. Сол арқылы тышқан алдында тұрған лабиринт екенін, оны қалай жүру керектігін біледі. Егер оның орнына мысықтың «миуяы» естілсе, бірден сақтық программасы іске қосылады. Тышқан сыйға қол жеткізгенде, яғни шоколадқа жеткенде, ми қайтадан оянып, бәрі ойдағыдай біткеніне көз жеткізеді. Сосын келесі әдетті қосуға кіріседі. Осылайша белгі (есіктің «шық» етіп ашылуы) мен сый (шоколад) бірігіп, алдын-ала сезу мен қатты қалау деген нәрсені оятады. Мысалы, біреу ренжітсе (белгі), бірден торт жеуге (сый) ұмтыламыз. Реніш келгеннен бастап, өзіміді жақсы сезіну үшін ойға торт түседі. Соның дәмі сезіліп, тортты әлі жемесек те, жеген кездегі сезімді сезініп қоямыз. Осы күш бізді орнымыздан атып тұрғызып, тоңазытқыштың алдына бір-ақ әкеледі. Артық салмақтан арыла алмай жүрген адам тоңазытқыштың қасына қалай келгенін білмей қалатыны осыдан. Әдет осылай қалыптасады. Ондай адамды біреу ренжітпей-ақ, өзінің формасына өз көңілі толмаса да, өзін жұбату үшін ми тортқа жүгіртеді. Байқағаныңдай, әдет деген – тағдырдың басыңа қамыт кигізуі емес. Оны өзгертуге болады. Әдеттің қандай бөліктерден тұратынын білгесін, оны қалауымызша өзгерте аламыз. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
