09:01 Әдет әдептері |
АУРУЫ ҚАЛСА ДА, ӘДЕТІ ҚАЛМАҒАН ТЫШҚАНДАР Тышқандардың базальды ядросына микротехнология арқылы құрылғы орнатып, экраннан қандай процесс жүріп жатқанын бақылай алады. Тышқандар үшін арнайы «Т» әрпіне ұқсайтын лабиринт жасайды. Кіретін жерінде «шық!» етіп ашылатын есігі, ал ең түкпірінде сол жағында шоколады бар. Лабиринттің есігі «шық» етіп ашылғанда, тышқандар ары-бері, алға-артқа жүріп, ауаны иіскейді. Дәліздің соңына жеткенде кейбірі оңға бұрылып, қайтадан артқа жүріп, шоколадты табады. Ал кейбірі бірден солға бұрылып, шоколақа тіке барады. Сырттай қарағанда тышқандар әшейін жүрген сияқты көрінеді. Ал экрандағы көріністер мүлде басқа мәлімет беріп тұр. Тышқан лабиринттің ішін кезіп жүргенде оның миы, әсіресе, базальды ядро өте белсенді жұмыс жасап тұрды. Ол ауаны иіскеп, қабырғаға тұмсығын соққан сайын, миы да тоқтаусыз істеді. Шоколадқа жеткенше тышқанның миы ақпараттар базасын жинады. Ғалымдар тышқандарды осы маршрутпен жүз рет жүргізді. Тышқандар ауаны иіскеуде, бұрыс жаққа бұрылуды доғарды. Оның орнына шоколадқа тікелей баруды үйренді. Ал миында басқаша көріністер пайда болды: тышқан лабиринтте қалай жүруді білгенде, мидағы белсенділік төмендеді. Жүру, қозғалу автоматқа айналған сайын, тышқандар да ойлауды доғара бастады. Алғашқы кезде әбден молынан ақпарат жинаған тышқанның миы енді иіскеу, анықтау, түзу жүру секілді функцияларға азырақ энергия жұмсай бастады. Басқаша айтақанда, тышқан енді «қалай жүру керек» деп бас қатырмайды, шешім қабылдамайды. Себебі мидағы шешім қабылдауға жауап беретін аймақтар қозғалыссыз қалған. Олар енді шоколадқа тура баратын жолды біледі. Бірнеше аптадан соң есте сақтауға қатысты аймақтар да қозғалыссыз қалды. Өйткені тышқандар жолды жақсы меңгергені соншалықты – ол туралы ойламайтын да болды. Тура жүру, солға бұрылу, шоколадты жеу – бәрі базальды ядроға байланысты екен. Тіпті мидың басқа бөліктері толықтай «ұйықтап» жатса да, ол ояу боп, мәлімет жинай береді. Мидың жиі қайталанатын әрекеттер тізбегін автоматты әрекетке айналдыруын әдет деп атауға болады. Біз күніне осындай әрекеттердің жүзге жуығын жасаймыз. Оның кейбірі тым қарапайым: бөлмеге кірерде жарықты қосу. Одан күрделірегі де бар: мысалы, киіну, жуыну. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |