16:57 Әдет әдептері |
ӘДЕТ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ? Бүгін ояна сала не істедің? Қолың автоматты түрде смартфонды іздеген болар? Кім не жазыпты деп әлеуметтік желілерді бір қарап шыққан боларсың. Қараңғы бөлмеден қолың жарықтың тетігін өзі тауып, әжетханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шықтың. Дәрет алу кезінде автоматты түрде ауыз, мұрын, жүзіңді шайып, қол мен аяқ та жуылады. Тісті қалай жуып тастағаныңды да білмейсің. Газды қосып, су толы шәйнекті қоясың. Дастарқанға сары май мен нанды қоясың. Төсекті зуылдатып жинап тастайсың. Қай киімді бірінші кием деп ойланбайсың. Алдымен майка киіліп жатады. Аяқ киімді қай аяқпен бастап кием деп бас қатырмайсың. Яоң аяқ өзі киіп жатады. Бауын қалай байлайтын еді деп тіпті кідірмейсің. Ойың жұмыста, ал қолың есікті кілтпен құлыптап жатыр. Ал телефоның әлдеқашан қалтаңда тұр екен. Оны қашан салып қойғаныңды еске түсіре аласың ба? Мұның бәрі әдеттер. Осының қайсысын әдейі үйрендің? «Біздің барлық өміріміз әдеттен тұрады» деп жазыпты 1892 жылы Уильям джеймс деген философ әрі психолог. Әрбір шешіміміз өте мұқият таңдалған сияқты көрінеді. Бірақ олардың бәрі талай мәрте орындалып, автоматқа айналған әдеттер. Әр әдет өз алдына еш маңызға ие емес сияқты көрінеді. Мысалы, тамақ әзіріне бір көкөніс қосу, тіс жазалау, жаттығу жасау, т.б. алайда бәрі бірігіп біздің кім екенімізді, қандай адам екенімізді қалыптастырады. Ойлап көрші, әр адам күніне орташа есеппен 35000 шешім қабылдайды. Жай ғана тамақтың өзіне 226 шешім қабылдайды екенбіз. Бұл мәліметті Корнелл университетінің ғалымдары беріп отыр. Соның бәрін саналы түрде қабылдап жатырмыз ба? Жоқ, оның көбі әдетке айналған. Шөлдесең, шай қайнатасың. Шайға қант, сүт қосасың. Оған шай қасық пайдаланасың. Нанға май жағасың. Лағманға шанышқы қолданасың. 2006 жылы дьюк университетінің зерттеуінде адамның бір күнде қабылдайтын шешімінің 40%-ы саналы шешімдер емес, әдеттің нәтижесі екенін анықталған. Әдет қалай қалыптасатынын зерттеу үшін сонау 1990 жылдары Массачусетс Технология Институтының ғалымдары бас қатырған. Оған себеп болған – 1993 жылы миына энцефалит вирусы кіріп, ортаңғы ми бөлігі ғана сау қалған юджин Поули есімді азамат. Бұл кісі миының біраз бөлігінен айрылғандықтан, 10 секундтан артық есте сақтай алмайды. Бірақ ғалымдар бір істі бірнеше рет қайталап істету арқылы әдет қалыптастырған. Мысалы, «тоңазытқыш қайда?» деп сұрасаң, білмейді. Бірақ қарны ашқанда өздігінен барып, ашып, ұнатқан тамағын жейді. Дәл сол секілді дәретхананың қайда екенін білмейді, бірақ дәрет қықсанда еш қиналмастан тура есігін тауып барып, емін-еркін әжетін өтей алады. Юджинге бір әрекетті жиі қайталату арқылы ғалымдар оның базальды ядродағы жүйке жасушаларының қалыңдап қатаюын байқаған. Демек, әдеттің қалыптасуына базальды ядроның қатысы бар деп ойлап, зертханада тышқандарға тәжірибе жасайды. Қызық осы жерден басталады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |