15:20
Әдет әдептері

ӘДЕТ ДЕГЕН НЕ?

Әдет десе, санамызға «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген мақал оралады. Адамның әдеті өздігінен кете қоймайды. Біздің данышпандарымыз да бұл жайында толғанған. Шәкәрім атамыз: «Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады. Әдетің – мінезіңе айналады. Мінезің – сенің тағдырың» деген. Шортанбай Қанайұлы: «Сүтпен біткен мінез – сүйекпен кетеді» десе, Абай атамыз оған қарсы шығып: «Адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дейді. Олар өз заманына қарап, ой түйгені анық. Ал біз өз заманымыздағы адамның мінез-құлқын зерттеген соңғы жаңалықтардың нәтижесіне қарап отырып, пікір айтамыз. Адамның миын, әдетін зерттеп, іс-әрекет қалай туындайтынын зерттеген ғалымдардың уәжін келтіреміз.

Адамзаттың пайғамбары Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Мінездеріңді көркемдеңдер» деген. Демек, кез келген мінезді тәрбиелеуге болатынына жүз пайыз кепілдік бар. Ал мінез деген – ұсақ әдеттердің жиынтығы. Көліктің ішкі құрылысын білетін адам оны оңай жөндей алады. Сол секілді әдеттің құрылысын білетін адам оны оңай өзгертіп, түрлі бағытқа бағыттай алады.

«Әдет – адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі» дейді википедия. Сонымен қатар, әдет деген нәрсе қазақ халқында салт-дәстүр, ғұрыпқа да қатысты айтылады. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан белгілі бір әрекеттер тобы бар. Ата-анасының істегенін көзбен көріп, санасына сіңірген бала оны автоматты түрде істей бастайды. Себебі баланың көзінде «ата-ана – тек жақсылық қалайтын, қателік істемейтін адамдар».

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: