22:35 Құдайтану баяны |
ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛАРДЫҢ ОЯНҒАН ҮМІТІ Бхактидің дамуы адамның Құдаймен жеке қарым-қатынасындағы терең сұранысын қанағаттандырды. Брахман мүлде қолжетімді болмағандықтан, ол көне Аспан Құдайы сынды, адам жадынан біржола өшеді деген қауіп туды. Буддизмдегі бодхисаттва мен индуизмдегі Вишну аватары идеалының эволюциясы – Абсолюттің адамнан төмен болмауы керектігін шарт етіп қойған – діндарлықтың жаңа даму сатысына шыққанын растады. Басқа жағынан қарағанда осы символдық ілімдер мен мифтер абсолютті бір ғана Құдай көрінісімен беруге болады деген ойды терістейді: буддалар да, бодхисаттвалар да, аватарлар да көп болды және бола бермек. Ең ақыры, бұл мифтерде адамзат мұраты бейнелейді. Әркім көкірек көзі ашылып, Құдайға айналуы керек – біз осы үшін жаратылғанбыз. Б.д. І ғасырында иудаизмде де құдайлық имманенттілікке құштарлық артты. Иса тұлғасы адамдардың мұң-мұқтажына мейлінше сай келді. Бірінші христиан авторы және дін ретіндегі христиандықтың негізін салушы болған апостол Павел: «Иса Тәураттың орнына келді, енді Құдай ол арқылы әлемге өзін көрсетеді» деп есептеді. Мұның астарында не жатқанын болжау ғана қалады. Шамасы, Павел жолдауларында теологияның бірізді және қатаң ережелері болмады, ол арқылы нақты сұрақтарға ғана жауап берілді. Оның Исаны Мессия (Мәсіх) деп танығаны айқын: Мессия – көне еврей тіліндегі Massiach, «маңдайына бақ қонған, пешенесі ашылған» сөзінің аудармасы. Сонымен бірге апостол Исаның ерекше жаратылған адам екенін айтатын, бірақ дініне берік яһуди ретінде, Исаны Құдай бейнесінде болған деп, ешқашан тұжырым жасаған емес. өзінің сезімдерін сипаттау үшін, Пвел үнемі «Мессияда (болу)» сөзіне жүгінген: христиандар «Мессияда» өмір сүреді, олар оның өлімі арқылы шоқынған, ал Шіркеу бір тылсым сипатта Тәніне кіріккен. Павел мұндай ақиқат нәрселерді логикалық тұрғыдан негіздеуге тырысқан да жоқ. Басқа көптеген яһуди секілді, оның да грек рационализмі туралы түсініктері өте күңгірт болды, оны «есуастық» деп атады. Барлығы субъективті, мистикалық әсерге негізделгендіктен, апостол Исаны «біз онымен бірге өмір сүретін, әрекетшіл және тіршілік ететін» атмосфера ретінде сипаттаған. Иса Павел үшін діни толғаныстардың қайнарына айналды, бәлкім, өзінің замандастары Құдай туралы қалай мейірлене сөйлесе, апостол да ол жайында елжіреп сөз қозғаған. Өзіне табыс етілген сенімді түсіндіре келе, Павел: Иса «біздің күнәларымыз үшін» азап шекті және өлді, - деп айтты. Исаның шәкірттері масқара жазадан есеңгірегендері соншалық – оны белгілі бір мүдде тұрғысынан ақтап алуға, жан-тәнін сала кіріскен сияқты. Алғашқы христиандар Исаның қандай да бір кереметтің нәтижесінде тірі қалғанына, бірақ енді уәде бойынша, бұрын тек оның бойында ғана болған «күштер» шәкірттеріне көшкеніне сенді. Павелдің жолдауларынан бізге белгілісі, алғашқы христиандар сипаты әртүрлі, қалыптан тыс толғаныстары бастан кешірген, бұл адамның жаңа идеалы пайда болғаны туралы ойға итермелейді: біреулері кереметтер көрсетті; келесілері көктің тілінде сөйледі; үшіншілері Құдайдың Өзі сыбырлады деп сәуегейліктерін жарилады. Шіркеу рәсімдері шулы әрі қызыққа толы болды, мұнысымен олар қазіргі қауымдық шіркеудегі жаттанды уағыздардан күрт ерекшеленді. Иса өлімінің шынында да бір қайыры болған секілді, ол, Павел жолдауларында көп айтылғандай, «жаңарған өмірді» және «жаңа тіршілік иесін» туғызды. Бірақ олуақыттарда айқышқа керу – Адамның «алғашқы күнәсін» кешу теориясы ретінде жақсы жетілмеген еді, теологияның бұл бөлімі төртінші ғасырдан кейін туындады және тек Батыс үшін маңызды болды. Павел және басқа жаңа өсиеттік авторлар Иса өлімінің құтқарушылығы неде екенін, нақты анықтауға ешқашан тырысқан емес. соған қарамастан, Мессияның құрбандыққа шалынған бейнесінің сол кезде Үндістанда кең тараған бодхисаттва идеалымен біраз ұқсастығы болды. Бодхисаттва сияқты, Иса да адам мен Абсолют арасында дәнекерлік етіп, айырмашылығы мынадан көрінді: Мессия жалғыз дәнекер болды және оның адамдарды құтқаруға дәнекерлік жасауы белгісіз болашақтікі емес, fait accompli болды. Павел Исаның өзін құрбандыққа беруі – теңдесі жоқ оқиға болғанын қайталап айтты. Апостол өзі шеккен азаптардың басқа адамдарға қайырлы болатынына үміттенгенмен, Исаның азаптары мен өлімінің «дәрежесі» жоғары болғанында еш күмән жоқ. Айтқандай, бұл ойдың өзіндік қаупі бар. Сонымен қатар көптеген будда белгісіз аватарлар сенушілерге Ұлы ақиқатты соңына дейін түсіндіру мүмкін емесін ескертті. Христиандықтағы Құдайдың Адамилану тәжірибесі – Құдайдың шексіз болмысы жалғыз бір адамның бойында көрініп қойғаны – бұл кәдімгі пұтқа табынушылыққа алып келетінін анық болжады. Иса Құдай «қуатының» тек өзіне ғана қатысты емесін айтқан. Павел осы идеяны дамыта келе, Исаның жаңа адамның бірінші үлгісі болғанын дәлелдеді. Ол бұрынғы израил жасай алмағанды жасап қана қойған жоқ, ол, бірінші, Адамның барлық адамдардың, соның ішінде гоймнің де – жаңартылған адамзаттың символы болды. Мұндай ойдың да буддизммен көптеген ортақ қыры бар: Барлық буддалар Абсолютпен бірігетіндіктен, әр адамның міндеті де осы болып саналады. (жалғасы бар) әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |