17:40
Құдайтану баяны

ӘУЕЛГІДЕ

Пұтқа табынушылар ортасында адамды құрбандыққа шалу әдеттегі іс болатын; оның өзінше логикалық түсіндірмесі де бар еді. Көп жағдайда отбасындағы тұңғыш сәби неке түнінің талабы бойынша, Құдайдың кіндігінен жаратылып, соның баласы саналатын. Бала туғызған Құдай қуатының бір бөлігін жоғалтатын да, мана айналымын толық қалпына келтіру үшін әлгі тұңғыш перзентті Құдай-Әкеге қайтарып беру керек болатын. Бірақ Исхақтың жағдайы басқаша болды: ол Құдайдың ұлы емес, сыйы болатын, сондықтан құрбандыққа шалуға еш себеп болмады, Құдайдың қуатын толықтыру қажет емес еді.

Шындығында, мұндай құрбандық Ибраһимнің өмірін мәнсіз етер еді; Құдайдың уәдесі бойынша оған ұлы халықтың әкесі болу міндеттелген болатын. Бұдан шығатыны,бұл Құдай көне дүниенің басқа Құдайларынан өзгеше болды: Ол адамдардың қасіретін мүлде бөліспейді және адамдардың көмегіне мұқтаж емес. Оның тұрған сатылық дәрежесі басқадан жоғары және қалағанын талап ете алады. Ибраһим өзінің Құдайына сенім артпаққа шешім қабылдайды. Ол Исхақпен Мория тауына үш күндік сапарға аттанады, сол жерде кейін Иерусалим ғибадатханасының негізі қаланады. Құдайдың әмірінен бейхабар Исхақтың тіпті өзін өртейтін ағашты иығында алып жүруіне тура келеді. Те Ибраһим қолындағы пышағын оңтайлай бастаған соңғы сәтте ғана Құдай жұмсарып, мұның сынақ екенін түсіндіреді. Ибраһи аспанда самсаған жұлдыздай немесе теңіз жағалауында жайылған қиыршық құм секілді көп халықтың әкесі болуға лайықты екенін дәлелдейді.

Қазіргі кезде бұл хикая құлаққа ауыр естіледі, өйткені Құдай жауыз және бірбеткей қатыгез кейіпте көрінеді. Бұл аңызбен қаршадайынан таныс көптеген адамның қазір тап мұндай Құдайға жон арқасын көрсететіні таңғалдырмайды. Сонымен бірге Мысырдан шығу туралы миф те замандастарымыз үшін мейлінше мәнсіз, онда құдай мұсаға және израил перзенттеріне еркіндік сыйлайды. Оқиға желісі баршаға мәлім: перғауын израилдықтарды тұтқыннан босатқысы келмейді, көндіру үшін Құдай оның халқына он қорқынышты апат жібереді: Ніл суы қанға айналады; елдің ішін бақа мен шегітрке қаптайды да, соңынан қара түнек басады. Жантүршігерлік жазаны Құдай кейінге қалдырады: Ол жіберген Өлі Періштесі еврей құлдардың үйін айналып өтіп, Мысырда тұңғыш дүниеге келген ұл балалардың бәрін өлтіреді. Перғауын израилдықтарды босатуға мәжбүр болады, бірақ іздерін суытпай, соңдарынан әскер жібереді. Еврейлерді қызыл теңіздің жағасында қоршауға алады, бірақ тағы да Құдай Өз халқына көмекке келеді: суды қақ жарып, жермен жүретін жол жасайды. Қуып келген мысырлықтар теңіз түбінен ашылған жолға лап қойған кезде Құдай жарылған су «қабырғаларын» қосып жіберіп, перғауынның өзін әскерлерімен қоса қырады.

Бұл Құдай – кейін Яхве Саваоф, «соғыс құдайы» деп аталған сұсты, жауыз және қанішер құдай. Ол Өз жақтастарынан басқаға титтей де мейірімі түспейтін бірбеткей қызуқанды сарбазды еске алады; ол – бір шағын тайпаның ғана құдайы. Егер Яхве осындай жабайы Құдай болып қала бергенде, көп ұзамай оны барлығы ұмытар еді, көпшілік үшін бұл жақсы болар еді. Шығу туралы ақырғы мифті – бізге Тәурат арқылы жеткен қалпында – сөзбе-сөз оқиғалар тізбегі деп қабылдауға болмас, алайда Таяу Шығыс тұрғындары Құдайлардың теңіздерді қақ жаруын әдепкі іс деп қарайтындықтан, оның мәні айқын оды. Дегенмен Мардук немесе Ваал туралы мифтерден айырмашылығы, бұл хикая Яхвенің нақты бір тарихи дәуірде, шынайы өмірде бар теңізді қақ жарғанын растайды. Мәселе шындықты анықтауда емес. Израилдықтардың Шығу оқиғасында қазіргі замандағыдай тарихи шындықты анықтау маңызды болмағаны мәлім. Сипаты қандай болса да, олар алғашқы оқиғаның маңызына назар аударғысы келді.қазіргі заманғы кейбір ғалымдардың пайымдауынша, Шығу туралы хикая – бұл Мысыр билеушілері мен оның одақтастарына қарсы бас көтерген ханаандық шаруалардың бірқатар ереуілдері туралы мифтік жорамал. Сол дәуірлерде ереуілдер өте сирек болған, сондықтан адамдардың жадында өшпестей із қалдырғаны күмән келтірмейді. Мифтің астарында құдіретті билікке қарсы шыққан бұқара халықтың жеңіс салтанаты бедерленген болуы әбден мүмкін. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 236 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: