09:35
Құдайтану баяны

ӘУЕЛГІДЕ

Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан кейін құдайлардың қаскөй күштермен шайқасын бейнелейтін теартландырылған көрінісі қойылатын.

Бұл рәміздік әрекеттердің ғұрыптық мәні бар еді: олар Бабыл халқына өздерінің ұлы өркениетінің негізі болған қасиетті күшке – манаға жанасуына септігін тигізетін. Мәдениет уақытша, әлжуаз жетістік саналды, бейберекетсіздік пен өлім күштері оны кез келген уақытта жо алатын. Мейрамның төртінші күні кешкісін абыздар мен жыршылар құдайлардың бейберекетсіздікті жеңіп шығуы жырланатын қасиетті «Энума элиш» эпосын оқу үшін ең киелі орынға жиналатын. Аңыз жердегі өмірдің пайда болуының нақты баяны емес, ұлы құпияны рәміздік түсіндірудің саналы әрекеті және оның құдіретті күшінің еркіндікке шығуы болып саналатын. Әлемнің жаратылуын егжей-тегжейлі сипаттау мүлде мүмкін емес, өйткені бұл ғажайып құбылысты ешкім көрген жоқ. Оны көзге елестетудің жалғыз ыңғайлы тәсілі мифтер мен рәміздер ғана болатын. «Энума элиш» эпосымен қысқаша танысып шығу – араға жүзжылдықтар салып – біздің Жаратушы Құдайды дүниеге келтірген руханилықтың мәнін сәл де болса түсінуімізге мүмкіндік береді. Жаратылыстың тәураттық және құрандық баяндары әртүрлі болғанмен, ұмытылған бабылдық мифтер із-түзсіз жойылған жоқ және де олар кейінгі дәуірде монотеизм бетпердесін киіп, құдайтану тарихына қайта енді.

Біраздан соң көзіміз анық жететіндей, аңыз яһудилік жәее исламдық мистицизмде өте мкңызды сюжет болып саналатын құдайлардың өз жаратылысынан бастау алады. «Энума эниш» эпосында айтылғандай, алғашқыда құдайлар жұп-жұбымен онсыз да құдіретті субстанциядан – түссіз сұйық қоймалжыңнан пайда болған. Бабылдық мифте (кейін Тәуратта да) жоқтан жаратылу деген мүлде кездеспейді, жалпы, ежелгі әлемге мұндай ой мүлде бөтен. Құдайлар мен адамдардан бұрын әлдебір қасиетті материал, бастапқы шикізат болған. Алғашқы субстанцияны бейнелеуге әрекеттенген бабылдықтар оны Месопотамияның батпақты далаларына ұқсатуға шешім қабылдаған болу керек, ол жерде адамның қолынан шыққан нәзік дүниелерді селдің шайып кету қаупі үнемі төніп тұрған. Сол себептен «Энума эниш» эпосында бейберекетсіздік бұрқырап қайнап жатқан қойртпақ емес, не шет-шегі, не кескін-келбеті, не атауы жоқ біртектес қоймалжың түрінде көрінді:

« ... біртұтас сулары алып жататын.

Қамыс лашықтар әлі болмаған,

Қамыс қопасы әлі көзге шалынбаған.

Құдайлардан әлі ешкім болмаған,

Ештеңенің аты аталып, тағдыры белгіленбеген,

Қойнауларда құдайлар пайда болғанда...»

Осы алғашқы сұйық қоймалжыңнан үш Құдай жаратылды: Абзу (тәтті өзен суларына теңелетін), оның жұбайы – Тиамат (тұзды теңіз) және Мумму, Бейберекетсіздік Құрсағы. Алайда бұл құдайлар, былайша айтқанда, алғашқы сынама үлгілер болды да, жетілдіруді қажет етті. Абзу мен Тиамат есімдерін: «шыңырау», «бос қуыс», «түпсіз тұңғиық» деп аударуға болады. Олар әлі алғашқы бейберекетсіздіктің кескінсіз қалпынан арыла қоймаған еді және айқын болмыс ретінде анықталмаған болатын.

Кейін олардан құдайлар тізбегі туындады – бұл «эманация» процес, кейіннен «Құдайтану баяны» үшін өте маңызды болады. (жалғасы бар)

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 257 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: