00:44
ҰБТ жолында

САРҚЫЛУ

Сарқылудың қалай алдын аламыз немесе онымен қалай күресеміз?

Ол үшін мына 5 нәрсе керек:

  • Дұрыс ұйқы
  • Дұрыс демалыс
  • Дұрыс спорт
  • Хобби
  • Кітап оқу

 

Дұрыс ұйқы дегеніміз не?

  • Күнделікті 7-8 сағаттық ұйқы
  • Тұрақты ұйқы. Күнде бір уақытта жату, бір уақытта ояну
  • Түс мезгілінде 15-20 минут ұйықтап алу
  • Қараңғы жерде ұйықтау
  • Ауа алмасатын жерде жату
  • Дұрыс демалыс қалай болады?

 

Оқушылар сабаққа жоспар құрады, бірақ арасына демалыс уақыт қоюды ұмытып кетеді.

  • Аптасына бір рет үлкен, белсенді демалыс ұйымдастыру. Мысалы: демалыс күні тауға шығу, суға жүзу, көкке шығу, саябақта қыдыру, достарыңмен шай ішу. Бұл күні ешқандай сабақ оқымайсың, тек демаласың. Бұл саған апта бойы үлкен энергия мен ынтамен сабақ оқуыңа көмектеседі.
  • Помодоро әдісі бойынша демалыс. 25 минут сабақтан кейін 5 минут демалыс. Бұл әдісті күнделікті сабақ кезінде де қолдан. Әдетке айналады.
  • Гаджетсіз демалыс. Көп оқушы демалыс дегенді сенбі күні түнімен фильм қарап, әлеуметтік желіні ақтарып, жексенбі күні түске дейін ұйықтау деп ойлайды. Бұл демалыс емес, бұл сенің қайғыңды көбейтеді. Сондықтан демалысты барынша интернетсіз, гаджетсіз өткізуге кеңес береміз.
  • Демалыс – зорығу емес. Кейбір оқушылар демалыс күні өзіне ауыр тапсырмалар қойып алады. Мысалы, 3000 м биік тауға шығу, 2 км жүзу. Егер сен белсенді демалыс кезіне осындай ауыр мақсаттар қойсаң, физикалық тұрғыдан шаршап қалуың мүмкін. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: