23:02
ҰБТ жолында

САРҚЫЛУ

Бір сарынды оқу жылынан кейінгі шаршау бәрімізе таныс. Кейбір адамдарды шаршау күнделікті мазалай бастайды. Оқуға деген ынта мен қызығушылық азаяды. Осылардың барлығы – «ЭМОЦИОНАЛДЫҚ САРҚЫЛУДЫҢ» белгілері.

«Сарқылу» терминін 1974 жылы америкалық психиатр Герберт Фрейденбергер енгізген. Сонымен қатар ол «сарқылған адамды» жанып кеткен үймен салыстырады. Ол ғимарат сырт көзге жап-жақсы болып көрінуі мүмкін, оның ішіндегі бостық тек ғимаратқа кірген кезде ғана белгілі болады.

Физикалық белгілері:

  • Шаршаңқылық
  • Жалығу
  • Сыртқы орта өзгерістерін тез қабылдағыштық
  • Астения (әлсіздік)
  • Бастың жиі ауыруы
  • Асқазан-ішек жолындағы мазасыздық
  • Салмақтың шектен тыс көп не аз болуы
  • Демікпе
  • Ұйқысыздық
  • Есте сақтау қабілетінің азаюы
  • Назарын шоғырландыра алмау

Оқушылар ҰБТ-ға дайындық кезінде жиі сарқылуға ұшырайды. Соның кесірінен қанша дайындалса да, нәтиже болмай, үмітсіздікке түсе бастайды.

Сарқылу процесі әртүрлі жүреді. Бір оқушыларда ұзақ. Біреуінде қысқа болады. Сарқылу, әсіресе, қыз балаларда жиірек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 27 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: