10:43
ҰБТ жолында

КЕДЕРГІЛЕР

Қарым-қатынас кедергісі

Талап ете алмау

Кейбір оқушылардың үйінде жұмыс көп немесе сабақ оқуға жағдай жасалмаған. Сол себепті ҰБТ-ға дұрыс дайындала алмайды. Өзіңнің 16-17 жастағы саналы, жеке тұлға екеніңді естен шығармауың керек. Сол үшін ата-анаңнан дайындық кезінде мазаламауын, жұмыстарды азайтуын, өзіңнің алға қойған мақсатыңның бар екенін ескертіп, кейбір керекті материалдарды алып беруін талап етуің керек. Олардың да мүмкіндігін ескере отырып, әрине. Кейбір ата-аналар жай ғана бұл нәрселерді білмеуі немесе ескермеген болуы мүмкін. Сен айтқаннан кейін, олар сендерге міндетті түрде көмектеседі. Қай ата-ана баласын жақсы болғанын қаламайды дейсің.

 

Дұрыс жолға бастамайтын адамдармен араласпау

Сенің ынтаң күшті болғанымен, араласатын ортаң, адамдар ондай болмайтын болса, онда саған үлкен кедергі келтіреді. Шәйнектегі су тез қайнап үшін астындағы от жақсы болуы керек. Өзің сияқты жақсы оқитын балалармен бірге жүруге тырыс. Әйтпесе, «Бал арасы гүлге, шыбын қоқысқа апаратынын» ұмытпа. Егер ортаңда ондай адамдар мүлдем жоқ болса, сен қатарыңның алды болып, үлгі, мотивация болатын ешкім болмаса, керек десең, мектебіңді, қалаңды ауыстыр. Сенші, ол соған тұрады. Кейбір оқу орталықтарында алыс аудандардан, ауылдардан келіп оқитын көптеген оқушы бар. Олардың негізгі себебі де сол: дайындалатын дұрыс орта жоқ. ҰБТ-ға дайындалып жүргенде, сыныпта ең жақсы оқитын бір оқушы 11-сыныптардың ішінде үздік еді, сол үшін қалаға барып дайындалатын. Соның арқасында ҰБТ-дан жоғары балл жинады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: