22:08 ҰБТ жолында |
КЕДЕРГІЛЕР Қарым-қатынас кедергісі «ЖОҚ» дей алмау Оқушыла өздерінің күнделікті жоспарын құрады және сонымен жүруге тырысқан кезде, достары қыдырып қайтуға шақырады, көмектесуге шақырады, ата-анасы: «бір жаққа барып қайтайық», - дейді... Сөйтіп, оларға «жоқ» дей алмайды да, жсопары жайында қалады. Оның бір момын оқушысы болды, ол кім шақырса, соған бара беретін. Бірде қосымшада отырса, бір досы сыныпқа кіріп, сол баланы сұрады. Содан кейін оқушы досымен бірге шығып қайтуға сұранды. Ол. «Сенің бүгін орындау керек тапсырмаларың бар емес пе?» - деді және досынан сұрады: «Маңызды іс пе?» Досы: «Менімен бірге киім алуға баратын еді», - деді. Оқушысынан: «Сен де аласың ба?» - десе, «Жоқ, досыма серік болайын дегенмін», - дейді. Мұндай оқиғаны «басқалардың бақыты үшін, өзінің бақытын құрбан ету» дейміз. Сен алдыңа мақсат қойдың ба? Жоспар жаздың ба? «Иә» болса, сол ережемен жүруің керек. Басқалардың жұмысы мен өтініші екінші орында болу керек. Егер өзіңнің жоспарларыңды өзін құрметтеп, уақытында орындамасаң, басқалар сенің өзіңді де құрметтемейді. егер сен жоспарларыңды айтып, бос емес екеніңді ескертсең де, болмай жатса, онда олар сенің уақытыңды, мақсатыңды, демек, өзіңді де құрметтемейді деген сөз. Олар сені өз пайдасы үшін қолданып үйреніп қалған. Күнделікті жоспарың орындалып бітпейінше, ұсынылған барлық іске «жоқ» деп үйрен! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |