22:19
ҰБТ жолында

КЕДЕРГІЛЕР

Әлеуметтік желі және гаджет кедергісі

Кіммен аралассаң, соған ұқсайсың...

Бұл проблеманы айтпаса да, түсінікті шығар. Бұл сенің ғана емес, 90% оқушылардың проблемасы. «Кішкене кіе тұрайын» дейді де, қаншама уақыттың бос кеткенін байқамай қалады. Сосын ашуланып, барлық аккуанттарын өшіріп тастайды. Бірақ бір аптадан кейін қайтадан кіріп алады. Ондай жағдай көп оқушының басында бар. Алайда ескеретін бір жайт бар. Әр оқушының тәуелділігі әртүрлі, сол үшін сендерге әртүрлі шешімдер ұсынады. Қайсы саған сәйкес келсе, соны пайдалан.

Ерік-жігерің мықты болса немесе әлеуметік желіліерге қызығушылығың аз болса, онда бір жылға мүлдем кірмегенің дұрыс. Өлмейсің, қорықпа! Керекті материалдар интернетте толып тұр. ҰБТ-ға керекті пайдалы желілер бар: ТЕЛЕГРАМ, ВК, Инстаграм. Бұл жерлерде саған керекті ҰБТ нұсқалары, лайфхактар жеткілікті. Қалғандары – сабақ оқитын жер емес.

Егер ерік-жігерің орташа немесе аздау болса, әлеуметтік желіліерді қаншама рет өшіріп тастап, қайтадан кірген болсаң, онда саған АУЫСТЫРУ тәсілі керек.

 

АУЫСТЫРУ ТӘСІЛІ

Инстаграм, Тик-ток, Ютубта кімге жазылған болсаң, ақырындап соларға ұқсай бастайсың. Сол үшін әлеуметтік желіліердегі жазылған парақшаларыңды төмендегідей ауыстыр:

Мыналарды

Мыналарға ауыстыр

Әнші, вайнер, биші, күйші, блогер, таныс, сыныптас

Мотивациялық, психологиялық, мағыналы, ҰБТ-ға қатысы бар, жетістікке жеткен адамдар, біліміңді арттыратын пайдалы

Осылай істесең, әлеуметтік желіге кірген кезде де, жақсы нәрселер ала аласың.

Интернеті болмаса да, гаджетін қарай беретін оқушыларға айтарымыз: гаджеттегі ҰБТ-ға қатысы жоқ суреттердің бәрін өшіріп, оның орнына нұсқаларды немесе сабаққа керекті формулаларға толтыр. Суреттер қатты керек болса, копьютерге немесе флэшкаға жазып ал. Бірақ гаджетіңде тұрмасын! Екінші кезектегі өшіретін нәрсе – күніне 1045 статус қоятын контактілер. Себебі сол статустарды көріп отырып та уақыт кетіп қалады. Контактілердің арасында бір-ақ рет керек болған таксистің нөмірі немесе бір рет қана керек болған сатушының нөмірлері бар. Байқап қарасаң, сенің өміріңе мүлдем қатысы жоқ адамдар және солардың статустарын көріп отырасың.

Мыналар қалсын

Мыналарды өшір

Нұсқа, формулалар, логикалық ойын, шахмат

Артық сурет, контакт, программалар, ойындар

Осылай істесең, тағы біраз уақытың үнемделеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: