22:29 ҰБТ жолында |
КЕДЕРГІЛЕР Орта кедергісі Қатты Байқаған болсаң, мектептегі сабақ оқитын парталар, орындықтар қатты әрі тік болып келеді. Себебі егер орындығымыз жұмсақ болса, ұйқымыз келеді және дене бітіміміз қисық өсуі мүмкін. Сол үшін де мектеп қанша бай болса да, қатты орындықтар қояды. Сенің үйдегі сабақ оқитын орындығың да сондай қатты болуы керек және арқасында тіреуі болғаны жөн.
Алыс Сабақ оқитын орның жатын орныңнан, төсегіңнен алыс болғаны дұрыс. Жақын болса, сені үнемі сәл жата тұруға шақырып тұрады да, қалай ұйықтап қалғаныңды білмей қаласың.
Әсерлі Өзіңе-өзің жағдай жасамасаң, ешкім саған жағдай жасамайды. Оны дұрыс түсін. Сабақ оқитын орныңды сәнде және сабақ оқуға ынталандыратын сөздерді, суреттерді үлкен қылып шығарып іліп қой. Яғни, сабақ оқитын орның сені сабақ оқуға ынталандыру керек, әсер ету керек.
Бір пән Көптеген оқушылардың сабақ үстеліндегі кітаптар, басқа да заттар толып тұрады. Бұл дұрыс емес, көп заттың тұруы бір нәрсеге назарды назарды шоғырландыруға кедергі жасайды. Сол себепті сабақ үстелінде тек оқитын пәнің ғана тұру керек. Мысалы, қазір география пәнін оқығың келсе, тек география кітабы ғана тұрсын, қалған кітаптарды басқа жаққа қоя тұр. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |