11:25
ҰБТ жолында

КЕДЕРГІЛЕР

Орта кедергісі

Жарық  

ҰБТ-ға дайындалатын оқушының сабақ оқитын орны барынша жарық болу керек. Себебі жарық дұрыс түспейтін, қараңғылау жерде сабақ оқу, біріншіден, ұйқыны келтіреді, екіншіден, көзге зиян және көңіл-күйге де әсер етеді. Сондықтан сабақ оқитын жер жап-жарық болу керек.

 

Таза  

Таза болмаған жерде білім қонбайды. Сабақ оқитын орныңда тамақ ішпе және қоқыс салатын жәшік болса, күнде тазалап тұр. Сабақ оқитын үстел тамақ ішетін немесе тамақ жасайтын үстел болмағаны дұрыс.

 

Тыныш 

Ол оқушыларының үйіне қонаққа барған кезде, кейбір отбасылар көпбалалы болғандықтан, ол үйде жақсылап сабақ оқу мүмкін емес. Егер сабақ оқуға тыныш орта болмаса, ата-анаңа сен үшін ҰБТ маңызды екенін және тыныш жер болмаса, сабақ оқи алмайтыныңды айтып түсіндіруің керек. Ол кісілер оған мән бермеген болуы мүмкін. Бір ата-анасына қонаққа барған кезде, осы нәрсені айтқан еді, ертесінде оқушы оған келіп: «Кеше келгендеріңіз жақсы болды, маған бір бөлмені арнайы босатып берді», - деді мәз болып тұр. Бұның басқа да шешімдері бар. Мүмкіндігің болса, жатақханасы бар курстар бар, соларға барып дайындалуға болады немесе кейбір оқушылар туыстарының үйіне барып дайындалатын. Іздеген адам табады.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: