23:34
ҰБТ жолында

КЕДЕРГІЛЕР

Жауларыңды біл

ҰБТ-ға дайындық кезінде, толық тыныштықта дайындалу мүмкін емес. Дайындық кезінде әр оқушының алдынан қандай да бір кедергі күтіп тұрады. Ол кедергілер оқушыларға әртүрлі деңгейде әсер етіп, дайындығын әлсіретеді.

 

Бірінші. Ой кедергісі

Сенімсіздік

Көп оқушылардың ойында «ҰБТ-дан жоғары балл ала аламын» деген ой шын мәнісінде жоқ, сол үшін де, дұрыс дайындала алмайды. «Бұйырғаны болар, жоғары балл алып кететін шығармын» деген оймен жүре береді. Егер сенің жоғары балл алуға сенімің болмаса, дайындалмай-ақ қойсаң да болады. Сенімсіздік сенің жетістігіңді шектейді.

Қуаныш Шонбай ағаның курсын оқып жүргенде, осы инсайтты үйренген болатын.

Кез келген нәтиже – әрекеттің жемісі. Мысалы, сен ҰБТ-дан жоғары балл алдың. Бұл – керемет дайындығыңның, яғни, керемет әрекетіңнің жемісі. Сен орныңнан қозғалмасаң, нәтиже болатын ба еді?

Ал әрекет неден туындайды? Әрине, жоспардан. Мысалы, сен кешке жатарда, ертеңге жоспар құрдың: сағат 06:00-де тұрып, тарих жаттаймын. Егер сен осылай жоспар құрмаған болсаң, таңертең өзіңнен-өзің ояна салып, тарих жаттамайсың ғой? Не үй салатын адамды алайық. Құрылысшы үйді жоспарламай тұрып, үй салуды бастап кетпейді ғой?

Ал жоспар – мақсаттың жемісі. Себебі егер сен «ҰБТ-дан жоғары аламын» деген мақсат қоймасаң, сен оған ешқашан жоспар құрмайсың. Сенімдіміз, қазір сенің қолыңда дүкен ашудың жоспары жоқ. Неге? Өйткені ондай мақсат қоймадың.

Ал мақсат – ойдың, арманның жемісі. Ғалымдардың зерттеуінше, адамның миына әр секунд сайын ішінде жаманы бар, жақсысы бар 4000-ға жуық ой кеселі екен (қаншалықты нақты екенін білмеді). Жақсысын не жаманын қолдану – сенің еркіңде, көзқарасыңа, сеніміңе байланысты. Мысалы, өмірді оңай деп қабылдасаңыз, өмірді оңайлататын ойлар келеді. «ҰБТ-дан жоғары балла ала аламын», - десең, оны жасауға керекті ойлар келе бастайды. Бұл кітаптың да сенің қолыңда болуының себебі – саған «жоғары балл аламын» деген ой келді. Көрдің ғой, ойдың қаншалықты маңызды екенін? Сондықтан ойыңа мән бер!

Өзің туралы қалай ойласаң, солай болып қалыптасасың!

  1. Ұяң ойлар ұялшақ адам қалыптастырады.
  2. Сенімді ойлар сенімді адам қалыптастырады.
  3. Мықты ойлар мықты адам қалыптастырады.
  4. Мақсатты ойлар мақсатты адам қалыптастырады.
  5. Жүзеге аспайтын ойлар өмірге бейімделген адам қалыптастырады.
  6. Әлсіз ойлар әлсіз адам қалыптастырады.
  7. Егер де адам өзін-өзі аяй берсе, ол әрдайым өзін аяп жүретін болады.
  8. Энтузиазмға толы ойлар белсенді адам қалыптастырады.
  9. Мейірімділік мейірімді адам қалыптастырады.
  10. Сәттілік туралы ойлар табыскер адам қалыптастырады.

Не ойласаң, соның жемісін көресің! Қазір сенде болып жатқан нәтижелер – сенде туындаған ойлардың жемісі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: