00:14
ҰБТ жолында

ТЕЗ ЖАТТАУДЫҢ 10 ТӘСІЛІ

7. Тыңдау арқылы жаттау тәсілі

2014 жылы оқушылармен жұмыс жасаған кезінде, бір оқушысының құлағынан құлаққап түспейтінін байқады. Сосын шақырып алып, музыканы кп тыңдау зиян екенін айтып едім, ол күліп: «Ағай, мен музыка тыңдап жүрген жоқпын, тарих жаттап жүрмін», - деп жауап берді. Ол таң қалды. Сөйтсе, ол сол күнгі өтілген тақырыпты телефонындағы диктофонға жазып алып, қайтадан тыңдап жүреді екен және жаттағысы келген кез келген сұрақты осылай жазып алып, жолда жүргенде тыңдап, жаттап жүреді екен.

 

8. Беріліп жаттау тәсілі

БІР ТАҚЫРЫПТЫ ТОЛЫҚ ОҚЫП ШЫҒУ

БІР КІТАПШАНЫ ТОЛЫҚ ЖАТТАП АЛУ

Ол ҰБТ-ға дайындалған уақытта осы БЕРІЛІП ЖАТТАУ тәсілі арқылы бір кітапты бір күнде жаттап алатын. Сол кезде Исова деген тарих пәнінен тест жинағы бар болатын, қазіргі Жұбаншовқа ұқсас. Кітапшаны жаттау үшін арнайы бір күн сабаққа бармайтын, өзіне тыныш жерді тауып алып, таңертеңнен кешке дейін жаттайтын. Өзімен су, жейтін тамақ алып алатын. Біресе жазып, біресе тұрып, айқайлап, ішінен жаттап, әртүрлі тәсілдерді қолданып, сол кітапшаны бір күнде жаттап алатын. Осы тәсілдің арқасында тарих пәніне көп уақыты кетпеді және ҰБТ-дан 24/25 алды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: