16:13 ҰБТ жолында |
ЖАРЫСЫП ОҚУ Басқалардан озғың келсе, екі есе жылдам қимылда немесе екі есе ерте қимылда! ҰБТ-ға дайындық кезінде сыныбында, тобында жарысып оқитын біреу болса, сен басқаларға қарағанда ең аз дегенде 2 есе алда жүресің. Ол ҰБТ-ға дайындалған кезінде Юсуф деген досы болды. Ол екеуі жарысып оқитын, әсіресе физикадан. Егер Юсуф екі нұсқа бітірсе, ол үш нұсқа бітіруге тырысатын. Бір күні Юсуфтан 7 нұсқа бітіргенін естіп, ол ішінен «мәәә» деді де, сол күні бар күшін салып, 8 нұсқа бітіргені есінде. Бір нұсқада 25 сұрақ 8х25=200 есеп, бұл керемет жылдамдық. Себебі олар ауылда тұрады: қосымша жұмыс жетеді. Соның бәрін істей жүріп, басқа пәндерді де қалдырмай, 8 нұсқа аяқтағанда, өзіне таң қалған және сол кезден бастап жарысып істеуді әдетке айналдырды. Жарысып істеу сен өзің байқамайтын ерекше күшіңді, потенциалыңды ашады. Жарысу арқылы көптеген спортшылар олимпиада кезінде, өзінің жаттығу залындағы деңгейінен жоғары нәтиже көрсететінін бәріміз көріп жүрміз. Жарысу арқылы небір компаниялар өз өнімділігін еселеген кездерін де көрдік. Ендеше, сен де бір бәсекелес тауып ал және сол адамнан асу үшін әрекет ет, міндетті түрде тез арада нәтиже болады және бұл істен ләззат алатын боласың. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |