11:24 ҰБТ жолында |
МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫН МЕҢГЕРІП АЛУ Дайындықты бастамай тұрып, таңдаған пәнің бойынша барлық мектеп оқулықтарын түсінсең де, түсінбесең де, бір рет оқып шықсаң, сенің дайындық өнімділігің 5 есеге дейін артады. Мысалы, тарих пәні бойынша 6 мен 11-сынып аралығындағы оқулықтарды бір рет оқып шықтың делік. Сенің миыңда тарихтың жалпы бір картасы қалыптасады. Мұғалім сабақ өткенде, дайындық кезінде өзіңнің тақырыптың қай жерінде екеніңді, осыдан кейін не болатынын, қайсы керек, қайсы керек емес екенін алдын-ала біліп отырасың. Мұғалім саған кітапта жазылған ақпарттың 60%-ын, ең маңызды деген жерін ғана бере алады. Демек, қалғанын сен оқулықты өзің оқып қана біле аласың. Жаратылыстану пәндерінің кітаптарын оқып алсаң, онда ол пәндерді түсіну деңгейің тіптен жоғарылайды. Өзі физикадан сабақ беріп жүрген кезінде, мектеп оқулығын бір рет болсын оқыған бала мен оқымаған баланың айырмашылығы жер мен көктей екендігін байқады. Оқыған бала физикалық құбылыстарды түсініп отырады және өте тез қабылдайды. Мектепте оқып жүргенде апайлары «Келесі тақырыпты алдын-ала оқып келіңіздер» деп, оқып келсе, сабақ қызықты болып, өздерінше белсенді болып отыратын еді. Ал оқымаса, аспаннан түскендей болып, түсіну қиынға соғатын еді. Көбінің бастарынан өткен шығар. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |