11:13
ҰБТ жолында

БІЛМЕЙТІН СҰРАҚПЕН КӨБІРЕК ЖҰМЫС ЖАСАУ

Абылай деген оқушысы болды. Дайындық кезінде басын көтермей есеп шығарады, бірақ прогресс жоқ. Бұл жағдай біраз оқушыларда бар. Сосын ол оның себебін іздеді. Абылай басын көтермей есеп шығарғанда, тек өзінің білетін сұрақтарын ғана шығарады екен. Кейбір оқушылар сабақ кезінде мұғалімнен немесе қасындағылардан ұялып, тек өзі шығара алатын сұрақтарды шешеді. Бұл дұрыс емес. Сен осылай бір жыл бойы дайындалсаң да, прогресс болмайды. Себебі сенің прогресс көрсететін сұрақтарың осы білмейтін сұрақтарда. Сол үшін де кейде оқушыларға «егер ішінде білетін, шығара алатын сұрақтар болса, қалдырып кетсеңдер болады, шығара алмайтын, білмейтін есептермен көбірек жұмыс жасаңдар» деп айтатын.

  • Білетін 1000 сұрақ талдағаннан гөрі білмейтін 10 сұрақ талдаған дұрыс.
  • Мысалы, математикалық сауаттылықтан білетін 100 есеп шығарғаннан білмейтін 10 есеп шығар!
  • Егер нақты білетін және шығара алатын сұрақ болса, тастап кете бер де, қиналамын-ау деген сұрақты қара!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 10 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: