09:53 ҰБТ жолында | ||||||||||||||||
2 КҮНДЕ 1 РЕТ ПӘН БОЙЫНША НҰСҚА ШЕШІП ОТЫРУ ӘДІСІ Бұл тәсілді қолдану үшін, сен таңдаған 5 пәні бар нұсқалар жинағы болу керек. Бір ғана нұсқа емес, нұсқалар жинағы. Яғни, оқушы «анау нұсқаны аяқтадым, басқа нұсқаны қайдан тапсам екен» деген проблемаларға уақыт та, күш те жұмсамауы тиіс. Ішінде барлық пән қамтылған немесе саған керекті 5 пәннен тұратын нұсқалар жинағын сатып алсаң болады.
Бірінші күні – ТЕСТ ЖАЗУ
Мысалы: 85/120 болуы керек, 110/140 емес. Осы тәсіл арқылы тестті бір күннің ішінде жазып шығасың. Нұсқадағы пәндердің бірден барлығын жазып шығуға болады. Ал егер уақытың жетпесе, бөліп-бөліп істеуге болады. Мысалы, таңертең 1 сағат уақытың бар, сөйтіп тестті бастайсың және бірден таймерді қосып қоясың, тестті тоқтатқан кезде таймерді де тоқтатасың. Түстен кейін 2 сағат уақытың бар, таймерді қосасың да, келген жеріңнен тестті бастайсың, кешке тағы 1 сағат уақытың бар және сонымен аяқтайсың. Ең бастысы 4 сағаттан аспау керек және жоғарыдағы ережені сақтауың керек.
Екінші күні – ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ Егер кеше тапсырған тестте сен 120 сұрақтың 85-і ғана дұрыс жазылған болса, демек, 35 сұрақ қате деген сөз. Енді осы 35 сұрақпен қатемен жұмыс істеу керексің. Қатемен жұмыс жасаудың жолдары көп, бірнешеуін жазып кетейік.
Қате болған 35 сұрақты 35 жауабындай көріп, бәрімен жеке-жеке жұмыс жасайтын болсаң, келесі тесттің өзінде сенде міндетті түрде прогресс болады. Себебі сен 35 білмейтін сұрақты білесің. Дайындықты енді бастаған болсаң, алғашында қате сұрақтар көп болады және жоғарыда айтылғандай 2 күнде 1 нұсқа жаза алмауың мүмкін. Ол кезде де мұңайма! Ештеңе бірден бола салмайды, басында 3 күнде 1 нұсқа талда. Ол да қиын болып жатса, 1 аптада 1 нұсқа талдап отыр. Басында 120 сұрақтан 35 сұрақ қана дұрыс болуы мүмкін, бұл – қалыпты жағдай. ҰБТ-ға дайындалатын оқушылардың 60%-ы таза біліммен осындай нәтиже көрсетеді. Маңыздысы, тоқтап қалмай, табандылықпен еңбектену керек. Егер осы айтылған ереже бойынша дайындалсаң, бір айда 40 ұпайға дейін прогресс көрсетесің. Өзіңді бақылап отыру үшін мынадай кесте құрып ал:
Сенде прогресс міндетті түрде болады! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |