09:55
ҰБТ жолында

ӘРЕКЕТ = НӘТИЖЕ

Енді қалғаны – тек әрекет. Кез келген әрекет жемісін береді. Мысалы, сенің ҰБТ-ға дайындалмауың – ол да бір әрекет және оның жемісі – ҰБТ-дан аз аласың және грант, әрине, жоқ. Марғұлан Сейсембай деген миллиардер ағаның мынадай керемет сөзі бар: «Жетістік оған істеген әрекетпен анықталады». Бұл тақырыпты көп созбай-ақ қояйық. Одан да әрекетке әсер ететін керемет нәрсемен бөлісейік. Ол – декларация.

Декларация – бір істі бастар алдында қабылданған және егер сол істі істемеген жағдайда қолданатын ескерту немесе жаза. Мысалы, 18-ге толмаған оқушылардың кешкі сағат 23:00-ден кейін көшеге қамқоршысынсыз шығуына болмайты, егер шығатын болса, жаза қолданылады, сол үшін жасөспірімдер түнде көшеге шықпайды. Яғни бір әрекетті орындатқызып тұр, біздің жағдайымызда түнделетіп жалғыз жүрмеуді. Сол сияқты сен де ҰБТ-ға дайындық алдында өз-өзіңе декларация қабылдауың керек. Мысалы, «Мен күніне тарих пәнінен 50 сұрақ жаттаймын. Егер жаттамасам, ең жек көретін адамыма сыйлық жасаймын» деген сияқты саған жасауға ауыр тиетін жаза қою керек. Әркімге әртүрлі дүние ауыр тиеді, оған болса, ақша ауыр тиеді. Сол үшін өзіне «Егер мен аптасына 200 бет кітап оқымасам, біреуге 10000 теңге беремін» деген жаза қойғам. Бастапқыда біраз уақыт қиналды, соңғы бір күн қалғанда еске түссе тіптен жаман, қаншама рет норманы бітіру үшін түнімен отырғаны есінде. Бір рет есінен шығып кетіп, жазасын өтегені де бар. Қазір шүкір, күнделікті кітап оқып тұрады және 200 беттен асыратын болды, оған көмектескен нәрсе – осы ДЕКЛАРАЦИЯ. Бұны көп танымал адамдар мен бизнесмендерден көрген. Олар алдарына бір мақсат қояды және «оған жетпеген жағдайда, мынадай нәрсе істеймін» деп декларация қабылдап жатқанын талай рет инстаграмнан көрген. Ол оқушыларға «ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары» атты марафон жүргізген кезде, осы әдісті оларға айтқан болатын, солардың қабылдаған қызықты декларацияларымен бөліседі.

Олардың аттарын да жазса болатын еді, бірақ оқушылар уөп болғандықтан оларды сақтамаған еді. Сол үшін есінде барын ғана жазады. Егер осы марафонға қатысып, сенің де қабылдаған декларацияң болады. Айталық:

«Егер мен осы ай соңында 90 баллға жетпейтін болсам, онда сыныптастарымның бәріне шоколад алып беремін».

«Егер мен осы алдыма қойған мақсатыма жетпейтін болсам, бір жыл бойы теледидар қарамаймын».

«Егер мен осы қойған нормативтерді күн сайын орындамасам, шашымды тақырлатып алып тастаймын».

«Егер мен келесі айға дейін 15 баллға прогресс жасамайтын болсам, бір ай бойы ыдыс-аяқ жуамын».

«Егер мен осы мақсатыма жетпейтін болсам, бір ай бойы мектептің парталарын жуамын».

«Егер мен осы жоспарымды істемейтін болсам, онда бір ай бойы ауланы сыпырамын».

«Егер мен күніне 40 есеп шығармайтын болсам, ең жек көретін адамыма 5000 теңге беремін».

«Егер мен осы мақсатыма жетпейтін болсам, онда досымның үйін тазалап беремін».

«Егер мен осы қойған мақсатымды орындамайтын болсам, бір жыл Тик-ток түсірмеймін» деген сияқты көптеген декларациялар болды. Декларация басқаларға зиянын тигізбейтін және сіздің қалауыңызға ұнайтын нәрсе болмауы керек. Кейбір оқушылары сондай нәрсе қойған. Мысалы, бір оқушысы мынадай декларация қабылдаған: «Егер мен осы мақсатыма жетпейтін болсам, досыма шоколад алып беремін». Бұл өте жеңіл. Тағы бір оқушы: «Егер осы мақсатыма жетпесем, тамақ ішпеймін». Бұл болса, сенің денсаулығыңа зиян. Ондай дүниені жазуға болмайды. Бір оқушысы тіптен былай дейді: «Егер мен осы жоспарымды орындамайтын болсам, онда ең жек көретін адамыммен төбелесемін». Бұл тағы да дұрыс емес, біз өзгелерге зиян тигізбеуіміз керек.

Декларация жария болуы керек. Ол жайлы басқалар да білсін. Егер өзің ғана қабылдасаң, орындамай қоясың. Сондықтан, достарыңның алдында, сыныптастарыңның немесе инстаграмда оқырмандарыңның алдында қабылдау керек. Сонда ол кісілер сенен сұрап тұрады және сен солардан ұялғаннан болсын, намысқа тырысып, әйтеуір орындайтын боласың.

«Қаңтар айына дейін 73 балға жетемін. Декларация: егер жете алмасам, ең жек көретін адамыма 5000 теңге беремін» деп мақсатыңның қасына жазып қою керек. Жалқауланған сәтінде, осыны көріп, қайтадан алға қадам басасың.

Жалпы ҰБТ-дан жоғары балл алу жүйесі былай:

Ой-арман – Мақсат – Жоспар – Әрекет – Нәтиже.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: