23:11
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Ақшаны қайда сақтаған дұрыс?

Бүгінде көпшілігімізге ақшаны сақтаудың бірнеше жолы белгілі. Мәселен, үй жағдайында сандықшаға жинасаң, ал банкте депозит ашып, сақтай аласың. Сонымен қатар акция түрінде яки белгілі құнды зат ретінде жинайтындар да табылады. Ал статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі қаражатын үйде емес, банкте сақтағанды жөн көреді екен. Иә, ақшаны депозитте сақтау өте тиімді әдіс. Дегенмен осы тұста нені ескеру керек екенін білесің бе?
Ақшаны депозитте сақтау арқылы оның саған қалай жұмыс жасап жатқанын аңғаруыңа болады. Бұл әдісті көп жағдайда ертеңгі күніне бей-жай қарамайтындар қолданып жатады. Өздерің білетіндей, тауарлар бағасы күн сайын қымбаттап жатыр. Осы тұста, ақшаны үйде сақтасаң, ол инфляцияға ұшырайтынын ескеруің керек. Ал депозитте сақтау арқылы бұл кедергіні алдын аласың.
Депозиттің тағы бір артықшылығына тоқталып өтейік. Мысалы, сен таңдаған банк Ұлттық банктің кепілдігіне кірсе, ол банкротқа ұшыраған жағдайда салған ақшаңды қайтарып ала аласың.
Сондай-ақ мұнда тұрақты өсім болады. Нақтырақ айтсақ, депозит ашқан кезде бекітілген жылдық пайыз сақталады.
Алайда қаржыны депозитке саларда ең бірінші банктің қаржы рейтингісіне қарап алғаның жөн.
Ақшаны сақтау уақытына қарай депозит ұзақмерзімді және қысқамерзімді болып келеді. Аты айтып тұрғандай, қысқамерзімді депозиттің пайыздық мөлшері төмен болады. Сонымен бірге ақшаны қалаған уақытыңда айыппұлсыз шешіп алуға мүмкіндігің бар. Ал бұл ақша жинауға кедергісін келтіреді.
Ұзақмерзімді депозиттің пайыздық мөлшері жоғары болады. Бір артықшылығы, белгіленген мерзімінен бұрын қаражатты шешіп алуға мүмкіндік болмайды.
Ал енді “акция түрінде сақтауға бола ма?” деген сұраққа жауап берейік. Акцияларда тәуекел жоғары болатынын есіңнен шығарма. Себебі оның бағасы бірде түсіп, бірде көтеріліп отырады. Сондықтан толыққанды ақпаратқа көз жеткізіп, сақтағаның дұрыс.

* * *

Отырар алқабынан шыққан теңгелер туралы не білеміз?

 Осы уақытқа дейін көшпенділердегі ақшаның шығу тарихына тоқталған едік. Олар ақша орнына түрлі металлды пайдаланғанын да жақсы білеміз.
Ал бүгін Отырар алқабында шығарылған теңгелер тарихына тоқталамыз. Өздерің білетіндей, Отырар — бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлар
бойы пайдаланып келген ақшаның барлық тарихы көрсетілген, уақыт айнасындай болған ежелгі қала. Ақшалар мұнда әртүрлі болатын. Ал ол уақытта ақша реформасы қазіргі кезге қарағанда әлдеқайда көп болды.
Отырар көшпелілермен айырбас сауда жүргізетін орын болды. Мұнда түрлі жәрмеңке ұйымдастырылып, ел экономикасы жақсы дамыды. Отырарда бірнеше түрдегі қола теңге шығарылды. Теңгелердің бет жағында шаршылы садақ, конус тәрізді құрбан шалатын орын, «X» нысанды таңбалары бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің билеушілері соқтырған болса керек.
Жергілікті теңгелер Жетісуға қарағанда Отырарда ертеректе қалыптасқан. Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан табылды. Сонымен қатар мұнда халықаралық және аймақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды. Сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ сауда да жасады. Бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады.
Міне, Отырар алқабынан шыққан теңгелер тек ішкі саудаға ғана емес, сыртқы сауданың дамуына да айтарлықтай әсер еткен.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: