22:52
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Қарлұқ қағанатының сыртқы экономокикалық байланысы дінге қалай әсер етті?

Қарлұқ қағанатының экономикалық жағдайының қарқынды дамуына мал шаруашылығы, металл өндірісі және өзге елдермен жүргізілген сауда айырбасы да әсер етті. Мәселен, қарлұқ қаласының құрамында негізгі тайпаларды құраған көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен.
Қарлұқтардың мекені өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті елді-мекен болып келді.
Талас алқабында VIII-IX ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сусь, Куль, Такабет сияқты қалалары болған.
Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар өндірумен шұғылданды. Атап айтатын болсақ, алтын, күміс, мыс өндірді.
Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан, Меркі, Ашпара қалалары танымал болды. VIII-X ғасырда Жетісу қалалары құрылысы жағынан әрі үйлердің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді.
Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды. Олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды.
Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан, Шаш, Тараз, Құлан, Суяб арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған.
Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін дамытумен қатар сырттан басқа діннің де енуіне әсер етті. Халықтың басым көпшілігі ата-баба дінін ұстанған. Оны тәңірлік, шаман деп атады. 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды.

* * *

Бір күнде бір кітапты қалай оқып бітіруге болады?

 Ақпарат алудың жаңа жолдары пайда болса да адамзат баласының кітапқа деген құрметі төмендеген емес. Күн санап кітап оқуды былайша оқу өз алдына, жылдам оқитындардың қатары да көбейген.
Тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлғалар бар. Мысалы, Наполеон Бонопарт өзінің көшбасшылығымен ғана емес, сонымен қатар оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол минутына 2000 сөз оқитын болған.
Француз жазушысы Оноре де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқып бітірген. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Америка президенті болған Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген екен. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.
Психологтар адам неғұрлым кітапты көп оқыса, соғұрлым оның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайды деген ұстанымды алға тартады. Қарпайым адам бір нүктеге қарағанда он әріпті, кейбіреулері екі-үш сөзді ғана көреді. Жылдам оқитын адамдардың мүмкіндігі жоғары. Ол бір оқығанда жүз немесе бес жүз белгіні және отыз үш сөзді бірден көре алады.
Ал баяу оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек 60 пайызын ғана қабылдайды. Ал жылдам оқығанда керісінше туындының 80 пайызын түсінуге мүмкіндік береді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді. Сонымен бірге зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтаған.
Кітап оқудың өз логикасы бар. Оны оқымай тұрып, алдымен қырымен қоямыз. Өлең не проза болған жағдайда онда басқа тәсіл қолданамыз. Ал мақала не талдаулар болса кітап бетіндегі сандарға ғана қараймыз.
Кітапты оқудың құпиясы: бірінші сіз сөзге немесе ойға салмақ түсіріп отырасыз ба соған байланысты. Егер сіз ойға салмақ түсіріп оқиытын болсаңыз кітап жылдам оқылады.
Қазіргі таңда жылдам оқытудың компьютерленген әдісі де бар. Жылдам оқуды үйрену үшін барлығы Эвелин Вудтің тәсілін пайдаланады.
Эвилен Вуд тәсілі
1 Бұл тәсіл бойынша бірінші қойылатын талап – көп оқу.
2
Екіншіден, мәтінді іштей айту әдетінен айыққан жөн. Яғни, көзбен көргенді оймен де оқу керек. Сонда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
3️ Үшіншіден, секундомердің көмегімен, өзіңнің қаншалықты тез оқығаныңды тексерген дұрыс. Егер нәтижеге көңілің толмай жатса, тағы қайталап барынша тез оқуға тырысу қажет. Адам өзің осылай тәрбиелейтін болса, жылдам оқуға машықтанып кетеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: