* * *
Оғыздар экономикасында бартерлік сауда қалай жүзеге асты?
Экономикалық жағдайда оғыздардың басым көпшілігі негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Оның ішінде қой, жылқы, түйе, сиыр, ішінара ешкі өсірумен шұғылданды. Сонымен қатар аң аулады.
Көшпелілермен қатар отырықшы және жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Сырдария алқабындағы қалаларды мекендеді. Махмуд Қашғаридың айтуынша – Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ қалалары.
Түрлі әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты малынан айырылған көшпелі оғыздар отырықшылардың қатарын толықтырды. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен және қолөнерімен айланысты. Түрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бұйымдар жасады.
Оғыздардың шаруашылығында зат айырбасы мен сауда маңызды орын алды.
Жетісу, Хорезм, Мауараннахрмен сауда жасауда Сырдария алабындағы қалалар (Янгикент, Сабран) елеулі рөл атқарды.
Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін шығарып отырды. Ал соғыс кезінде қолға түскен адамдар арқылы құл саудасын өрістетті. Оғыздармен жауласқан тайпалар мен халықтар өз кезегінде қолға түскен оғыздарды да құлға айналдырып, сатып отырды.
9 ғасырда Хорасан билеушілері жылма-жыл Бағдад халифтеріне 2000 құл (оғыз) жөнелтіп тұрды. Орта ғасырлардағы деректемелерде оғыздардың әлеуметтік жіктерге бөлінгені айтылады.
Ал Ибн Фатлах 10.000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болғанын жазады. Байлар да, кедейлер де, құлдар мен қатардағы қауым мүшелері де болды.
* * *
Барлық маманға қажет 4 дағды немесе «4 C» жүйесі
Жетістікке жету үшін сенің тек кәсіби біліктілігің аздық етеді. Осы тұста көкейіңде «неге?» деген сұрақтың туындайтыны рас. Себебі XXI ғасыр күтпеген өзгерістерге толы.
Алдағы 5-10 жылда жасанды интеллект толыққанды дамыса, кей салада қызмет ететін мамандардың орнын роботтар басатыны айқын. Ал мұндай жағдайда адамдар SOFT SKILLS дағдысын дамытып, жасанды интеллектпен бәсекеге түсе алады.
⠀Ендеше ешқандай саланы, ешбір адамды таңдамайтын кез келген маманға қажет 4 дағды не?
⠀Сендерге түсінікті болуы үшін «4 C» дағдысын тізбектеп шығайық.
⠀1. Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сен кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласың.
⠀Осылайша өз бетіңше қорытынды шығарып үйренесің. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесің.
⠀2. Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап, кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды.
⠀3. Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты. Алайда бұл кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады.
⠀4. Communication – коммуникация. Қазір барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да кез келген адаммен келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды.
⠀XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сенің де қолыңнан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңді әрдайым шыңдап отыруың қажет.
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|