23:09
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының экономикасындағы ТОП-3 ұқсастық

Қарлұқ, оғыз, қимақ тайпаларының экономикалық жағдайы күнделікті атқарып отыратын шаруашылықтарына тікелей байланысты еді. Олар ішкі жағдайын ретке келтіре отырып, сырт жақтағы елдермен де сауда байланысын орната білді. Мәселен, мал шаруашылығы, аң аулау кәсіптері ел экономикасының негізгі бағыттарының бірі болды.
1️ Оғыздардың, қарлұқтардың, қимақтардың экономикалық жағдайының дамуына түрткі болған басты кәсібі - көшпелі мал шаруашылығы болды.
Көшпелілер маусымдық жайылымдарды ауыстырып, ұзақ уақыт көшіп жүрді. Өзендердін белгілі өткелдерінен, қолайлы тау асуларынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға жететін ғасырлар бойы қалыптасқан көші-қон жолдары болды.
Орта ғасыр жазушылары қимақтардың, оғыздар мен қарлұқтардың жылқы, қой, ешкі, сиыр, огіз, түйе өсіргенін айтады.
Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің ерекше маңызы болды. Жылқының жүрдектігі, төзімділігі арқасында алыста жатқан жайылымдарды игеріп отырды. Жылқы соғысқа, аң аулауға пайдаланылды.
2️ Оғыздардың, қимақтар мен қарлұқтардын күнкөріс кәсіптерінің бірі аң аулау болды.
IX ғасырда әл-Йакуби көшпелі түріктер «көбіне жабайы аң-құстың етін жейді» деп жазды. Жахиз түріктердің аң аулау тәсілдерін қызықты етіп суреттейді. Оның сөзіне қарағанда, олар аң аулағанды жақсы көреді. Тіпті, шапқыншылықта жүрген кезінде де аң аулайтындарын айтады.
3️ Қимақтардың, оғыздар мен қарлұқтардың арасында терісі қымбат түлкі, сусар, кұндыз сияқты аңдарды аулаушылар да болды.
Қимақтар сонымен қатар бұлғын, ақ тышқан және жыртқыш ірі аңдардан: жолбарыс, барыс аулаған. Ертіс бойында ықшам киінген, ат үстінен сүңгімен жолбарысты түйрегелі жатқан қимақ аңшысының суреті салынған қола тоға табылды. Аң терісі бұл тайпалардың басқа елдерге шығарып сататын дүниелерінің бірі болды.

* * *

Ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік беретін ТОП-5 қосымша

Шет тілін меңгеруде өзіңе ыңғайлы әдісті таңдау өте маңызды. Себебі адамдардың қабылдауы әртүрлі болып келеді. Мәселен, бірі тест тапсырмаларын орындау арқылы жылдам игерсе, енді бірі фильмдерді қарап меңгеріп жатады. Ендеше назарларыңа ТОП-5 қосымшаны ұсынамыз!
Duolingo - тілді ойын түрінде үйренуге арналған мобильді қосымша. Бүгінде орыс тілін білетін пайдаланушылар қосымшадан ағылшын және неміс тілдерін оқи алады. Дайындық барысында испан, швед және француз тілдерін де қатар алып жүруіңе болады.
FluentU - бейне көмегімен тілдерді үйренуге мүмкіндік беретін сайт. Тапсырмалар ретінде әртүрлі деңгейдегі нақты бейнелер ұсынылады. Мысалы, бейнеклиптер, фильм трейлерлері, жаңалықтар, қойылымдар және т.б. Сайтта испан, француз, неміс, жапон және ағылшын тілдері де қолжетімді.
Conversation Exchange - бұл сайтта шетел адамдарымен сөйлесу арқылы тілді меңгере аласың. Нақтырақ айтсақ, сөйлесу дағдыңды өзге ұлт өкілдерінің тәжірибелі мамандарымен дамытып, олармен танысуыңа мүмкіндік бар.
Memrise - мұнда есте сақтау ойындарының арқасында тілдерді үйрене аласың. Сондай-ақ бағдарламаның арнайы қосымшасы бар. Яғни, тіл меңгеру кез келген жерде қолжетімді. Қосымшада 50-ге жуық тіл бар.
Busuu - суреттер мен тесттер ойын түрінде берілген ыңғайлы қосымша. Нақтырақ айтсақ, тілдерді қызығушылығыңа қарай үйренуіңе мүмкіндік бар. Қосымшада ағылшын, неміс, француз, испан, итальян, португал, жапон, түрік, араб, поляк және қытай тілдері қолжетімді.
Babbel - тізімде көрсетілген басқа қолданбалардан айырмашылығы, аталмыш қосымшада бастапқы және күрделі деңгейлер де берілген. Яғни, тек жаңадан бастаушыларға ғана емес, жалғастырушыларға да жарамды. Ағылшын, неміс, француз, испан, итальян, португал, поляк, швед, норвег және дат тілдері бар.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: