08:39
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы сауда байланысының ерекшелігі

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстармен және жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады.

Бұл ретте көшпелілер белсенді роль атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады.

Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас заманға қарай, әртүрлі аймақта әрқалай болды. Олардың қарым-қатынасында қақтығыс, бейбітшілік, шаруашылық, сауда әрі мәдени әсерлер аз болған жоқ.

Мәселен, экономикалық жағдайда мал кәсібімен айналысатын көшпелілер отырықшылардан егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын алды. Ал отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары отырықшы және көшпелі елдер арасында қарқынды түрде іске асты.

X—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды.

Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Осы сәтте қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.

Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазып өткен.

Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.

* * *

Шет тілін қалай жылдам үйренуге болады?

1️ Қысқа әрі қарапайым диалогтардан баста.

90 күн ішінде қысқа әңгімелерді оқи отырып, ауызекі тілді меңгеруге болады. Сондықтан күнделікті түсінуге жеңіл, қарапайым ақпараттарды оқуға кеңес береміз.

Алғашқы аптада жаңадан бастаушыларға арналған кітаптарды оқу арқылы тілдің 50%-ын құрайтын 100-200 сөзді үйренуіңе болады.

2️ Бастапқы ақпараттарға назар аудар. 

Егер мақсатың тілді тез үйрену болса, өз деңгейіңе сай мәтіндерді оқып, аудио нұсқасын тыңдауды әдетке айналдыруың керек.

Мәселен, испан тілін енді үйреніп жатып, бірден фильмдерді қарап кете алмайсың. Себебі бұл әрекетің тым ерте әрі беретін нәтижесі төмен болуы мүмкін. Оның орнына деңгейің бойынша ақпараттарды саралап, қажетті тапсырмаларды орындай аласың.

3️ Сөздердің айтылымына және сол тілде сөйлейтін адамдардың сөйлеу мәнерін бақылауға ал.

Тілді үйрену барысында көптеген сөздер мен грамматиканы меңгеріп алуға мүмкіндік бар. Алайда болашақта түзеуге болмайтын бір нәрсені ескергенің жөн. Бұл - сөздердің айтылымы. Тілді үйренген кезде бірден айтылымын назарға алатын болсаң, келешекте еш қиындық туындамайды. Себебі меңгерген сөздерді қайта түзетіп отырғаннан гөрі, оны бірден дұрыс жаттап алған тиімдірек.

Кез келген шет тілін жылдам меңгерудің 3 ережесі бар.

* Алдымен сөздің айтылымын дұрыс үйрену;

* Сөздерді аудармау;

* Интервалды қайталау әдісін қолдану.

Ал ең тиімді әдіс – сол тілде сөйлейтін адамдармен байланыс орнату. Олардың сөйлеу мәнерін бақылауға ал. Сонымен қатар диалогтарын көп тыңдап, дауысы мен интонациясын қайталауға тырыс. Сенде шынайы болып көрінгенше, әрекетіңді тоқтатпа.

4️ Көп оқу маңызды емес. Бастысы - ақылмен оқу.

Шет тілін тез үйрену үшін мына тәсілдерді ескергенің жөн.

Кітап тарауларын басынан аяғына дейін оқып шық. Мүмкіндігінше көп ақапаратты түсінуге тырыс.

Тарауларға қайта оралып, тағы бір мәрте көз жүгіртіп шық.

Осы арқылы барлық тарауда қайталанып отыратын сөздерді бірден таба аласың.

5️ Үйреніп жатқан тілде күнде сөйлесуге тырыс.

Егер тілді тез үйренгің келсе, сол тілде күнделікті сөйлеуді әдетке айналдыр. Қазіргі уақытта шет тілін меңгеру үшін міндетті түрде шетел асудың қажеті жоқ. Өйткені интернет желісінде барлық мүмкіндік қарастырылған. Арнайы қосымшаларды пайдалану арқылы шетел тұрғындарымен видео немесе аудио байланыс орнатуға болады. Сондай-ақ фильмдерді субтитрмен қарай отырып, тыңдау қабілетіңді дамыта аласың.

6️ Сөздік қорыңды дамыт.

Кез келген тілді үйрену - жаңа сөздерді меңгеруден басталады. Ал оларды тез жаттап алуың үшін, бірінші жиі кездесетін сөздер тізімін жазып шық. Содан соң арасын суытпай, қайталап отыруың керек. Сонымен қатар сөздерді жаттау барысында бейнесін көз алдыңа елестетуге тырыс.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: