08:40
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Көпшіліктің назарын өзіңізге қалай аударуға болады?

Көпшіліктің алдына шығып сөз сөйлейтін адамның мақсаты - тыңдарманға пайдалы болу және оларды өзінің сөзіне сендіру болу керек. Ал қазір көбі "жазып алып шыққан сөзімді ұмытпасам болды" деген пікірде. Олай болса, бүгін тыңдарманның назарын өзіңізге қалай аударуға болатыны туралы айтамыз.

Баяулау.

Адам тез сөйлеген кезде ойы шашыраңқы болады. Ал шашыраңқы ой тыңдаушыға жүйесіз жетеді. Сол себепті ойыңызды баяу жеткізгеніңіз ұтымды әдіс болмақ. Сөзіңіз баяулаған сайын өзіңізге одан әрі не айтатыныңыз анық көріне бастайды.

Қағаздан қарамау.

Көпшіліктің алдында сөйлейтін сөзіңізді басынан аяғына дейін дайындап алып-шығып, тыңдаушыға қағаздан мәтін оқып бермеңіз. Бұл жалықтырады. Қағаз алып шығуға болады. Алайда ол жерде айтатын мәтініңізді емес, неден кейін не айтатыныңыз жазылған кішігірім нұсқаулық жазылуы керек. Сенімділік үшін...

Кідіріс жасау.

Адамдардың көбі сөйлеп жатқанда "ііііі", "эээээ", "ммммм" деп кідіріп қалады. Сәйкесінше тыңдаушыға бұл кері әсерін тигізеді. Бұл - ойды жүйелей алмаудың белгісі. Сол себепті "ііііі" деген кідірістерді іштей айтып, сырттай үндемей қалған дұрыс. Үндемей қалған кезіңізде ойыңызды жинақтап алуға мүмкіндік туады. Ал тыңдарман сіз не айтады екен деп күтеді.

Әңгімеге қимыл қосу.

Айтатын ойыңызды бір орында тұрып қана жеткізбеңіз. Қимылдаған сайын тыңдаушының назарын өзіңізге аударатын боласыз. Айтып жатқан әңгімеңізге қимылыңыз сай келгенде көпшілікті баурап алатыныңыз анық.

Дауыс ырғағын өзгерту.

Тыңдарманды жалықтырып алмау үшін бұл әдісті міндетті түрде қолдануыңыз керек. Өйткені бір ырғақта айтылған әңгіменің әсерлі болмайтыны белгілі. Дауыс ырғағын өзгерткеннен бөлек мимика, жестикуляция арқылы жеткізген әрбір ойыңыз өтімді болады.

* * *

Көшпелі қазақтың бартерлік саудасындағы ең бағалы тауарлары туралы не білеміз?

Көшпенділер саудасы мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге сауда да жасады. Бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты: елдер арасындағы, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халықаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді, оның дамуында соғдылар мен түріктер маңызды рөл атқарды.

Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оның Суяб, Тараз және Испиджаб қалалары арқылы өтетін учаскесінің суреттелгені мәлім. Испиджабта одан солтүстік-батыс жақтағы Фарабқа, Шауғарға және одан әрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шыққан.

Сауда түрік ақсүйектеріне едәуір пайда келтірді. Себебі оларда қолға түскен олжаны сатуға мүмкіндік болды. 567 жылдың өзінде-ақ Иштеми-қағанның сауда ісін жолға қою үшін Иранға екі рет елші жібергені кездейсоқ емес. Елшілік табысқа жеткізбеді. Сонда қаған Византияға да елші жіберді, бұл жолы елшілік сапар сәтті аяқталып, екі мемлекет арасында сауда-саясат одағы жасалды.

Қытайдан жібек, қағаз, айналар әкелінді. Орта және Таяу Шығыстан, Византиядан Қытайға опа-далап, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны, маталар апарылып отырды.

Соғдылықтар күміс бұйымдар, тұрлі түсті шынылар, дәрі-дәрмек және бояу заттарын, кілемдер шығарып, сатумен айналысты. Византиядан, Соғдыдан, Қытайдан және басқа елдерден шыққан әсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, қала тұрғындарының үйлерінде қалып отыратын.

Көшпелілермен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Нева- кет, Дех-Нуджикет қалаларында жиналатын жәрмеңкелерде жүзеге асты. Жетісудың оңтүстік-батысында маңызды сауда орталыгы Тараз болды. Ол жөнінде деректемелерде «көпестер қаласы» деп айтылады. Шу аңғарында Суяб осындай қала болды, онда «түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрады», ал қала тұрғындарының жартысы көпестер еді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: