09:18
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Сөйлеу өнерінде “өлең оқудың” маңызы қандай?

Өлең оқу дағдысы адамға кез келген жерде еркін, діттеген ойын тура әрі қызықты жеткізуге көмектеседі. Себебі өлең оқығанда сіз еркіндікке қол жеткізесіз. Сонымен қатар бойыңыздағы қысылу мен ауырлық сезімінен арыласыз.

Өлеңнің табиғатын, әуенінің әуезділігін сезінбей, шығарманың идеясы мен мазмұнын жеткізбей, оның оқылу заңдылықтарын меңгермей тыңдарманның жүрегіне автордың айтар ойын жеткізу мүмкін емес.

Біле жүріңіз, өлең оқуда оны жүрекпен сезінумен қатар, дауыс бояуы да үлкен рөл атқарады. Сол себепті алдымен дауыс түрлерін анықтап алғаныңыз жөн.

Темір немесе қатты дауыс. Бұл - дауыстың қаттылығы мен қуаттылығын білдіреді.

Жұмсақ дауыс – өзіне еліктіріп, тартып тұрады.

Әуенді, сыңғырлаған дауыс - темпераментті, сезімтал адамдарға тән. Көбіне мұндай адамдар жайдары болып келеді.

* * *

Ұлы Жібек жолының ең маңызды 2 қызметі туралы не білеміз?

Көне түркілер дәуірлеген кезеңде көшпелі тұрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды.

Дүние мүліктер, киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді.  Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешендеріне орасан ықпалын тигізді.

Тұрақты байланыс және сауда-саттық қарым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтастырып, тек материалдық айырбастың ғана емес, сондай-ақ ізгі идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мәдени құндылықтардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді әдісіне айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәтижесінде Көк түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — төл сына жазуы қалыптасты.

Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакас және Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. І-мыңжылдықтың соңы мен ІІ-мыңжылдықтың бас кезіндегі түркілердің аса қуатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дәлел болады.

Дала өркениеті шын мәнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік құбылыс емес, динамикалық, футуристік мән-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: