08:40 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз |
* * * Әлемдегі ең бай мемлекеттер тізімі Жер көлемінің кіші болуы кей елдерге әлемде бай болуға кедергі келтірмейді. Бұл тізімде олар басымдық танытты. Тізімді жасау кезінде елдің әрбір тұрғынының жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) үлесі және оны сатып алу көрсеткіші ескерілді. Ал екінші көрсеткіште (ПОҚ) әртүрлі елдердегі өмір сүру деңгейі мен құны, сонымен қатар инфляция қарқыны ескеріледі. Шағын елдер арасында ондаған жеңімпаз көш бастап тұр. Тізімдегі елдердің жартысы еуропалық аумаққа тиесілі. Жапония ЖІӨ 38 893 $ көрсеткішімен соңғы сатыда тұр. 1️⃣ Финляндия Финляндияда бұл көрсеткіш 41 812 $ 2️⃣ Франция Францияда бұл көрсеткіш 42 384 $ құрайды. 3️⃣ Ұлыбритания Алайда оны Ұлыбритания басып озды– 42 513 $. 4️⃣ Оман Келесі тізімде Оман тұр. Араб түбегі мемлекеті 43 737 $ көрстекішіне жетті. 5️⃣ Бельгия 44 881 $ нәтижеге Бельгия қол жеткізді 6️⃣ Канада Канаданың әрбір тұрғынының жан басына шаққандағы жалпы өнімі 46 239 $ болды. 7️⃣ Дания Данияның ЖІӨ бойынша көрсеткіші 46 602 $ құрады. 8️⃣ Тайвань Тайвандағы көрстекіш 47 790 $ - ға жақындады. 9️⃣ Австрия Австрия 47 856 $-ға жетті. 🔟 Исландия ХВҚ мәліметтері бойынша, Исландия осы рейтингте 48 070 $-ды құрап 20-шы орында тұр. Бұл Жапония көрсеткіші бойынша он мың долларға жуық. 1️⃣1️⃣ Германия Бұдан кейін Германия (48 189 $). Бұл ел ЖІӨ өндірісі бойынша көш бастап тұр. 1️⃣2️⃣ Австралия Австралия көрсеткіші Германияны сәл басып озады – 48 806 $. 1️⃣3️⃣ Швеция Содан кейін Швеция – 49 678 $. 1️⃣4️⃣ Бахрейн Парсы шығанағының 30-дан астам аралын алып жатқан елдің ЖІӨ 50 302 $ көрсеткішіне жетті. 1️⃣5️⃣ Нидерланды Нидерландыда бұл көрсеткіш 50 846 $тең. 1️⃣6️⃣ Сауд Арабиясы Сауд Арабиясының көрсеткіші 54 078 $ құрайды. 1️⃣7️⃣ Америка Құрама Штаттары Ал Сауд Арабиясын басып озған Құрама Штаттардың жалпы ішкі өнімі 57 293 $ құрады. 1️⃣8️⃣ Гонконг Гонконгта ЖІӨ көрсеткіші 58 094 $құрады. 1️⃣9️⃣ Швейцария Швейцарияда 59 375 $. 2️⃣0️⃣ Сан-Марино Сан-Марино, барлық жағынан Италиямен қоршалған-өте кішкентай мемлекет. ЖІӨ көрсеткіші 64 443 $-ға жетіп отыр. * * * Орта Азиямен жүргізілген керуен саудасы XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Орта Азиямен сауда-саттық жасады. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті. Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5-6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды. Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды. Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды. ▪️Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды. Көпестердің саны да арта түсті. ▪️XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
