08:43
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Көшпелі қазақ қала мәдениетін қалай қалыптастырды?

✔️ Көшпелі қазақ өмірінде бірнеше қалалар болды. Әрі олар топтарға бөлінді.

Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.

Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңдығы 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді.

Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады.

Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болды.

Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді.

Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қаласының орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар.

📌 Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.

Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орталық және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімшілік қолөнер-сауда сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен.

* * *

Әрбір адамға қажет 4 дағды туралы білесіз бе?

Жетістікке жету үшін сіздің тек кәсіби біліктілігіңіз аздық етеді. Осы тұста көкейіңізде «неге?» деген сұрақтың туындайтыны рас. Себебі қазір біз өмір сүріп жатқан заман, XXI ғасыр күтпеген өзгерістерге толы.

Алдағы 5-10 жылда жасанды интеллект толыққанды дамыса, кей салада қызмет ететін мамандардың орнын роботтар басатыны айқын.📌

Қорқынышты, ә?! Ал мұндай жағдайда адамдар роботтармен қалай бәсекеге түсе алады? Әрине, адамның бойында SOFT SKILLS дағдысы жоғары дамыған жайғдайда.

Ендеше ешқандай саланы, ешбір адамды таңдамайтын кез келген маманға қажет 4 дағды не?

Қымбатты оқырман, сұранысқа ие маман болу үшін «4 C» жүйесін білгеніміз жөн.

⠀📍 Сіздерге түсінікті болу үшін «4 C» тізбектеп шығайын.

1️ Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сіз кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласыз.

Осылайша өз бетіңізше қорытынды шығарып үйренесіз. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңызды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесіз.

2️ Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап,  кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды.

3️ Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты, бірақ кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады.

4️ Communication – коммуникация. Қазір кез келген уақытта барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да адамдармен дұрыс келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды.

⠀🔴 XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сіздің де қолыңыздан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңізді әрдайым шыңдап отыруыңыз қажет.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: