23:40
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Жауалап алу мен айырбас: Көшпелі және отырықшы саудасы қалай дамыды?

📌 IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарның қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбасқа дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.

▪️Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.

▪️Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда  болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.

Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті.

▪️Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.

Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды.

▪️VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды.

🔺Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі — төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.

🔺Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі — әскери саясат тәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісуды монғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдари мен Ферғанаға қоныс аударды.

📌Қалалардың қирауына ішкі, отырықшы иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. Іле даласында қала мәдениеті XIII ғасырда, Шу аңғарында — XIV ғасырда, Талас өңірінде XV ғасырда құлдырап, тоқырай бастады. Жетісуда кала мәдениетінің мүлде кұруы Ақсақ Темірдің Моғолстанмен соғыстарының салдарынан болды.

* * *

Адамдар алдындағы қорқынышты жеңуге арналған ТОП-4 жаттығу

Әлем көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатыр. 🪐 Ертең не күтіп тұрғанын білмейміз. Бірақ... Бірақ кез келген іске алдын ала дайындалсақ, алынбайтын қамал жоқ.

Ойлаңызшы, жақын 5-10 жылдықта 129 маманның орнын роботтар басады. 😮Шынымен қорқынышты көрсеткіш бұл.

Ал адамдар жасанды интеллектпен солардың жасай алмайтын істерін орындай алған кезде ғана бәсекеге түсе алады. Соның бірі жұмыс барысындағы әріптестеріңізбен, басшылықпен, жалпы кез келген маманмен, адаммен жоғары деңгейде байланыс орната білу. Мұның барлығы ораторлық шеберлігіңізді дамыту арқылы жүзеге асатын дағды.

Міне, ендеше сіздердің әдемі әрі анық ойыңызды жеткізуге арналған бірнеше жаттығуды назарларыңызға ұсындық.

1️ Тілді түрлі паразит сөздерден тазарту. Ол үшін алдымен, паразит сөздерді тізіп шығыңыз.

Мәселен, уже, блин, ужас, давай, т.б. Содан кейін бұл сөздерді мәдениетті сөзбен алмастырыңыз: уже келдің бе? - келіп қалыпсың ғой; блин, не істесем болады? – қап, не істесем екен?

2️ Мәтіннің кез келген 2-3 жолын алып бастапқыда жоғары дауыспен, екінші рет баяу дауыспен оқисыз. Бұл еркін болуға, қысылу-қобалжу сезімдерінен арылуға көммектеседі.

Содан соң өзіңізге ыңғайлы орта тонға ауысып, әдеттегі дауыс ырғағымен оқып шығасыз.

Осылайша процессті бірнеше рет қайталайсыз. Яғни, жоғарғы тоннан, төменнгі тонға, төменгі тоннан орта тонға ауысып отырасыз. Күніне 3 рет жаттығып отырғаныңыз жөн.

Камера алдында өз бетіңізше бірнеше рет видео түсіріңіз. Дегенмен түсірілген видеоларды көрмей, өшіріп тастаңыз. Камера алдында етіңіз үйреніп, өзіңізді еркін сезіне бастаған жағдайда ғана көруіңізге болады.

3️ Кез келген ортада сөз бастамас бұрын айтатын ойыңызды жинақтап алыңыз! Бұл түрлі ыңғайсыздық тудыратын жағдайлардың алдын алады.

Мәселен, айтатын сөзіңізді ақ параққа жазыңыз! Соңынан ойыңызды анық жеткізетіндей сөздерге басымдылық беріңіз. Яғни, екпін (акцент) түсіру.

Сондай-ақ сөздің жүйелі болуымен қатар, оның әуезді, құлаққа жағымды болғаны жөн. Адамдарды тыңдата алу үшін даусыңыздың ауқымын кеңейтіп, дауысқа арналған жаттығуларды жасағаныңыз дұрыс.

4️ Қызығушылықтары әртүрлі адамдармен араласыңыз.

Әр сала мамандарымен қарым-қатынас құру - сіздің тұлғалық жетілуіңізге оң әсерін тигізеді.

       Егер араласатын достарыңыз бен таныстарыңыз аз болса, желіде ұйымдастырылып жатқан түрлі тимбилдингтер мен қайырымдылық шараларына қатысу кез келген адам үшін қолжетімді.

Себебі, мұндай іс- шараларға бару сізден көк тиын да сұрамайды.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: