08:38
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Тиын сыртындағы бейнелер қандай мағына бергенін білесің бе?

Тиынның шығуы және оның төлем құралы ретінде қолданыла бастауы, қоғамда экономикалық дамудың басталуы, айырбас сауда барысында - ақша айналысының қажеттілігі туындады. Ал әлеуметтік дамуда биліктің пайда болуы ол тиын шығару мүмкіндігіне ие болды. Тиынды шығаруға тек мемлекет құқылы болды.

Тиынның қыры - аверс және сыры - реверс бар. Жазулар және тиын аңыздары аверсте, сонымен қатар реверсте де орналасады. Тиында сонымен бірге тиын шығаратын мемлекет, монархтың титулы және аты, тиын сарайының аты, тиынның шығу мерзімі жазылуы мүмкін. Тиынның өзіне белгіленген салмағы болады, ол басқа елдердің тиындарының салмағымен тең және ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс. Бірінші тиындар Грецияда және Кіші Азияда күмістен соғылса, ал Қытайда мыстан құйылған. Уақыт өте келе тиын құны да күміс, алтын басты орын алды. Кейінірек оларға никель, аллюминий қосылды. Сонымен қатар темір мен қорғасын көп қолданыла бастады.

📍Тиынды соққанда оның беріктігін арттыру үшін алтынға және күміске мыс немесе қалайы қоспасын қосады. Бұл қоспа лигатура деп аталады. Тиынды асыл металдың үлесі – проба деп аталады. Ол мемлекетпен белгіленеді. Бірақ кей уақытта мемлекеттік тиын шығаруда тиынның пробасын төмендетіп, салмағын азайтты.

Мұның себебі өз шығын шығара отырып, мемлекетке мол табыс әкелуі. Мұндай жағдайда тиын өз құнын жоғалтпайды. Бұл көбіне орта ғасырларда қолданылды. Тиындағы жазулар мен бейнелер мемлекетте қандай билік формасы екендігі туралы мәлімет берді.

📍Тиындағы бейнелер мен жазулар көбіне саяси жағдайлар мен қоғамдық өмірді – соғыстар, жаулап алушылық, мемлекеттегі ішкі тартыстар, мемлекеттік және діни реформаларды көрсетті. Кейбір кездерде қандайда бір жағдайларға байланысты арнайы тиындар соғылды.

* * *

Икигай әдісі арқылы қолыңыздан келетін істі қалай анықтауға болады?

Міне, жаңа жылдың алғашқы күндері басталып та кетті. Осы тұста, біраз адам өзіне есеп беріп, өткеніне көз жүгіртіп, болашағына жоспар құрады.

Себебі кез келген адам жаңа қадамдар жасап, өміріне өзгеріс енгізгісі келеді. Сондықтан бірі өзінің сүйікті ісін тауып, нақты сол жолда тұлға болып қалыптасуды көздейді

📌 Қазіргі уақытта қолыңнан келетін істі анықтау қиын емес. Нақтырақ айтсақ, мықты және әлсіз тұсыңды арнайы икигай құралы арқылы білуіңе болады. Бұл танымал жапондық әдістердің бірі.

Икигай сөзі - “өмір сүрудің мәні” деген мағынаны береді. Бұл ұғым құндылығыңды, өз жолыңды, қандай маман иесі болатыныңды, мақсатыңды анықтауға көмектеседі. тұлғаның ішкі өздік болмысын әйгілеп, соған адал түрде іс жасап, кәсіп таңдауын көрсетеді. Әр адам өз ішкі өздік болмысына сай келетін өмір сүріп, өзі қызығатын іспен/кәсіппен шұғылданғанда, оған өте жайлы сана күйі қалыптасып, бәрі жеңіл әр жағымды болады. Өзі ұнатқан іс болғандықтан адамда шаршау, жалығу, агрессия, стресс секілді жағымсыз сезімдер сирек болады.

Икигай төрт ережеден тұрады. Олар:

1.Жаның қалайтын іс

2.Қолыңнан келетін іс

3.Ақша әкелетін іс

4.Қоғамға пайдалы іс

Аталмыш ережеге сәйкес ақ параққа жақсы көретін істеріңнің тізімін жазып шық. Содан соң бұл тізімнен қолыңнан келетін істі іріктеп ал. Іріктелген тізімнің арасынан ақша әкелетінін бөліп аламыз. Осылайша, соңғы ережеге сай қоғамға пайдалы істі жүзеге асырасың.

Құндылықтар жүйең бейне сенің өміріңнің көкжиегі, ол арқылы сен көз алдағы нәрселердің шектемесінен шығып, алысқа, ұзақ болашаққа беттей аласың, "мен кіммін және кім болуға тиіспін" дегенді анықтай аласың. Ал қалайтын ісің және сен тамаша орындайтын ісің сенің сол құндылықтарды іске асыратын ұрымтал мүмкіндіктерің есептеледі. Ал, өмір мақсатының болмауы, не жоғалуы, ісіңнің көңілің мен қалауыңа сай келмеуі өміріңнің өзіңе жағымсыз болуын туғызатын басты себеп есептеледі.

📌 Статистикалық бақылаулар бойынша, икигаи адамның стрессін төмендетеді, жалпы ағызаның саулығы мен сергектегін сезінуге мүмкіндік береді. Икигаиды сезбеген адамдарда жүрек-қантамыр аурулары көбірек байқалады екен.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: