08:34
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Көшпелі қазақтың сауда байланысында орын алған маңызды тауарлар

XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті.

Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.

Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды.

Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.

Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды.

Көпестердің саны да арта түсті.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.

Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және Орта Азия көпестері айналысты. Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді.

Сонымен қатар жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін.

Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.

Жәрмеңкелік сауда мал шаруашылығымен айналысатын және отырықшы диқандардың екі арасында қарқынды дамыды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдарын әрі мал өнімдерін көп айырбастай алды.

Ал жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды.

Негізгі себебі - Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды.

Сонымен қатар қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.

Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын.

Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін.

Ал Орта Азия саудагерлері түрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ертұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын.

* * *

Көңіл күйді көтерудің ТОП-5 тәсіл

1️ Физикалық жаттығулар

Физикалық белсенділіктің физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар психологиялық жағдайға да пайдалы екендігі дәлелденді.

Тұрақты дене жаттығулары көңіл күйді жақсартуға және күйзеліс пен үрей сезімін төмендетуге көмектесетіні дәлелденген.

Жаттығу кезінде алаңдаушылық сезімі мен стресстің қалыптасуына, сондай-ақ, мидың серотонин мен норепинефринге деген сезімі артады. Ал бұл өз кезегінде күйзеліс сезімін жеңілдетеді.

Жаттығу кезінде оң эмоцияларды ынталандыратын және ауырсынуды қабылдау сезімін төмендететін эндорфин өндірісі ынталандырылады.

Сонымен қатар, жаттығу адамдарға қорқыныштарын сезініп және олармен күресуге көмектеседі.

2️ Көңілді әуен тыңдаңыз

Бір сәтке демалып, көңілді сергітетін ән мен күй тыңдаңыз.

Сізге қуат беретін сүйікті әуендер тізімін жасаңыз.Әуеннен ләззат алып, қуана біліңіз. Қайғылы музыка сіздің онсыз да құбылмалы көңіл күйіңізді түсіреді. 

3️ Мақсаттар қойыңыз

Көңілсіз күн мен енжарлық, жалқаулық, сіздің энергияңыз бен жұмысыңызға кесірін тигізеді. Мақсат қойыңыз.

Себебі мақсат қою өмірлік қуат деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл сондай-ақ ең мотивациялық фактор. Бұл әдіс мазасыздық деңгейін толығымен жояды және сенімсіздікті азайтады.

Жоспарлау - ең пайдалы мақсаттарды дәйекті түрде анықтап, оларға жетудің негізгі құралы.

Сондықтан ескеріңіз өміріңнің мәні, ол – мақсат. Адам жаны рухынан қанағат табатын мақсаттың алдында әлсіз. Жаныңның рахат сезімге бөленуі – мақсаттың орындалуынан.

4️ Жақын жандарыңызға хабарласыңыз

Достарыңызбен сөйлесетін ортақ топ болса, сол жерге: қолдау сөздер, мен көңілді стикерлер жіберсеңіз адамның жүрегіне жылулық сыйлайсыз. Жақындарыңызға жиі қоңырау шалыңыз. Әр адаммен сөйлескен сайын жүрегіңіз тыныштық табады.

5️ Өзіңізді мақтаңыз

Өзіңізге алғыс айта алатын он әрекеттің  тізімін жасаңыз. 

* Сіз таңғы асты дәмді әзірлей алдыңыз ба? 

* Жақсы. 

* Сіз пайдалы кітап оқыдыңыз ба? 

* Керемет. 

* Ерте оянып, таңғы жаттығу жасадыңыз ба?

* Жарайсыз!

            Мақтаудың нақты он себебін табу керек.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: