09:06 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз |
* * * FILA әдісі: Уақыт пен міндеттерді басқарудың тиімді тәсілі FILA әдісі — уақытты және міндеттерді басқарудың құрылымдалған әрі икемді жүйесі. Бұл тәсіл әсіресе студенттер, зерттеушілер, кәсіпкерлер мен өзін-өзі дамытуға ұмтылатын жандар үшін пайдалы. Әдістің атауы төрт негізгі элементтен тұрады: • F – Facts (Фактілер) • I – Ideas (Идеялар) • L – Learning (Оқу) • A – Action (Әрекет) FILA әдісінің 4 қадамы 1️⃣ Фактілер (Facts) Жұмысқа кіріспес бұрын қажет ақпаратты жинаңыз және саралаңыз. Бұл кезеңде зерттелетін тақырып, жоба немесе тапсырмаға қатысты нақты мәліметтер анықталады. Мысалы, бастапқы деректер мен ережелерді жүйелеу. 2️⃣ Идеялар (Ideas) Жинақталған ақпарат негізінде жаңа идеялар мен жұмыс бағыты ұсынылады. Мақсатқа жетудің балама жолдары қарастырылады, жоспар түзіледі. 3️⃣ Оқу (Learning) Жетістікке жету үшін қандай білім мен дағдылар қажет? Бұл кезеңде жаңа ақпараттар меңгеріліп, курстар, тренингтер немесе практикалық жаттығулар арқылы білім тереңдетіледі. 4️⃣ Әрекет (Action) Соңғы қадам – нақты іске көшу. Жоспар орындалып, жұмыс барысы бақыланады, нәтижелер сарапталады. FILA әдісін уақытты басқаруға бейімдеу 📍 Мақсатты айқындау • Күндік, апталық, айлық мақсаттарды нақты қойыңыз. • Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттерді бөліп көрсетіңіз. 📍 FILA-кесте жүргізу • Әр күнге арналған жеке жоспарды FILA құрылымымен құрыңыз. • Жұмысыңызды күнделік немесе электронды жүйеде жазып отырыңыз. 📍 Фокус пен басымдық • Маңызды әрі шұғыл істерді бірінші кезекке қойыңыз. • Уақытыңызды қажетсіз немесе төмен басымдықтағы тапсырмаларға шығындамаңыз. 📍 Үзілістер мен тынығу • 45-60 минут жұмыс істеп, 5-10 минут демалыс жасаңыз. • Әлеуметтік желілер мен алаңдатушы факторларды шектеңіз. 📍 Нәтижелерді талдау • Күн соңында немесе апта соңында жоспарланған және орындалған жұмыстарды салыстырыңыз. • Тиімділікті арттыру үшін қандай өзгеріс енгізу қажет екенін анықтаңыз. FILA әдісінің артықшылықтары ✔️ Жүйелілік – Әр қадам нақты құрылымға негізделеді. ✔️ Тиімділік – Уақыт жоғалтпай, басымдыққа ие істерге көңіл бөлінеді. ✔️ Икемділік – Әдіс кез келген сала мен адамға бейімделе алады. ✔️ Үздіксіз даму – Жаңаны үйренуге, дағдыны жетілдіруге жол ашады. FILA — уақытыңызды басқарудың ақылды тәсілі. Күнделікті өмірде, жұмыста, оқуда – қай салада қолдансаңыз да, сіздің өсуіңізге, тәртіп пен мақсатқа ұмтылысыңызға септігін тигізеді. * * * Өз ісіңізде үздік болудың 5 жолы Уақытыңызды тиімді жоспарлап, мақсаттарыңызға жылдам жетіңіз! 1️⃣ - қадам. Уақытты дұрыс жоспарлаңыз Кайдзен әдісіне сәйкес: - Күн сайын 1 минутыңызды қиын көрінетін істерге арнаңыз (кітап оқу, шет тілін үйрену). - Нәтижесінде, бір апта ішінде 7 минут жұмсау арқылы 7 күнде тұрақты дамуды көресіз. - 30 күнде бұл 30 минутқа дейін артады, ал алты ай ішінде күн сайын шамамен 3 сағат нәтижелі әрекет жасайсыз! 2️⃣ - қадам. Мақсаттарыңыздың тізімін жазыңыз Зерттеулерге сәйкес, қағазға жазылған мақсаттардың орындалу мүмкіндігі 42%-ға жоғары. Мақсаттарыңызды қалай жіктеу керек: - Үлкен мақсатты 5-10 кіші мақсатқа бөліңіз. - Әр кіші мақсатты орындауға 3-5 қадам жасаңыз. - Мақсатыңызға қарай күнделікті 1-2 сағат жұмсап, оларды кезең-кезеңімен орындаңыз. 3️⃣ - қадам. Ерте ұйықтап, ерте тұрыңыз - Таңертең ерте ояну арқылы күніне орта есеппен 2-3 сағатыңыз артық болады. - Бұл жылына шамамен 700 сағатқа дейінгі қосымша өнімділікке тең Зерттеулерге көз жүгіртсек, ерте тұратын адамдардың 58%-ы күні бойы сергек әрі көңілді жүреді. Сонымен қатар басқаларға қарағанда жоғары табысқа жете алады. 4️⃣ - қадам. Спортпен айналысыңыз - 30 минутқа созылған күнделікті жаттығу көңіл күйді 50%-ға жақсартады. - Жаттығу арқылы миға баратын оттегі 30%-ға артып, ойлау қабілеті жоғарылайды. - Аптасына 3 рет спортпен айналысу физикалық шыдамдылығыңызды 15%-ға еселейді. 5️⃣ - қадам. Миыңызды жаттықтырыңыз - Күніне 20-30 минут кітап оқу ми белсенділігін 68%-ға арттырады. - Логикалық сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу ми жұмысын 20%-ға жақсартады. - Шет тілін үйрену нейрон байланыстарын 60%-ға дейін күшейтеді. Ми жұмысын дамыту арқылы жұмысқа деген тиімділігіңізді 2 есе арттыруға болады. Есіңізде болсын, мақсатыңыз айқын болса, жетістікке бір табан жақындай аласыз! Осы орайда Абайдың: Талап, еңбек, терең ой; Қанағат, рақым, ойлап қой. Бес асыл іс, көнсеңіз, - деген өлең жолдары көкірегіңізге сәулелі нұр құйып, алға жылжуыңызға түрткі болары сөзсіз. * * * Ми жұмысын жақсартудың 4 жолы Психолог Бенджамин Хард есте сақтау қабілетін жақсартуға байланысты бірнеше кеңес ұсынады. 🧠 Құпиялардың бірі - үнемі жаңа нәрсені үйрену және әркет ету. Әртүрлі оқу жүйесін пайдаланыңыз Көп уақытыңызды бір идеяны талқылауға немесе жаңа нәрсені үйренуге арнау өте маңызды. Алайда, сіз оқытудың әртүрлі әдістеріне жүгінуіңіз керек. Егер сіз тек кітапты оқып жатсаңыз, миыңыз белгілі бір айналымда жұмыс істейді. Бұл сіздің жадыңыздың тезірек дамуына септігін тигізеді. Әр адамның өз оқу жүйесі бар. Күрделі жағдайларда біз қосалқы әдістерге сүйенеміз. Бірақ кейбір дүниелерден бас тартып және одан аулақ боламыз. Оларға мыналар жатады: * Қиял: идеяларды ойлап табу * Көрініс: өзіңіз ойлаған идеяларды жүзеге асыру * Талдау: сіз зерттеп жатқан нәрсенің синтезі және идеялармен не істеу керектігі туралы * стратегиялық жоспарлар жасау * Шешім қабылдау: Сіздің идеяңызды ұстанатын бір жолды таңдау * Әрекет: Сіздің идеяңызға жетуге көмектесетін әрекеттер * Сынақ: әртүрлі бұрыштардан мәселенің шешімін қарастыру Оқытудың қосымша әдістерін қараңыз, сонда сіздің миыңыз тез және жақсы жұмыс істейді. ⏰ Жаңа нәрсені үйрену үшін күніне 15-30 минут бөліңіз Бала кезіңізде көзіңізге түскен затты сұрап, қорықпай ұстап, байқап көретінсіз. Дәл сол уақытта сіздің миыңыз даму үстінде болды. Өкінішке қарай уақыт өте келе адамдар жаңа әрекеттер мен тәжірибені тоқтатады. Себебі есейген сайын оның бойында үрей пайда болады. Бұл дұрыс емес. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге талпыныңыз. Мысалы: 📌 Тілдер Бұл мидың жұмысын жақсартуға арналған тәжірибе. Дегенмен тек бір ғана техникаға сүйеніп, тілдерді үйренуге болмайды. Мұны қалай жасауға болатыны туралы бірнеше кеңестер берілген: * Тілдік қолданбалар * Карталар * Фильмдерді түпнұсқасымен қарау * БАҚ-пен байланыс * Шет тіліндегі музыканы тыңдау * Түпнұсқадағы кітаптарды оқу * Шетел мәдениетін зерттеу Бұл кеңестерді тәжірибеде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым нәтижесін көресіз. Күніне бөлінген 15-30 минут уақытыңызды барынша белсенді оқуға жұмсасаңыз, ойлау жүйеңіз кеңейеді. 📌 Музыкалық аспаптар Бұл миға өте пайдалы. Оқу процесін бейне ойындарға айналдыруға тырысыңыз. Мысалы, тапсырмаларды немесе мақсаттарды белгілі бір уақытта орындауыңыз керек жайлы миыңызға белгі беріп, алдыңызға кішігірім жоспарлар қойыңыз. Телефондағы қолданба арқылы фортепиано ойнауды үйреніңіз. Бұл көңілді және мазмұнды. Жаңа нәрсені үйрену кезінде миыңыз қалай өзгереді 📍Біріншіден, оқыту жадты жақсартады. Ең үлкен энтузиасттер іс жүзінде фотографиялық жадты дамытады. Бұл нақты дәлелденген. 📍Екіншіден, кішігірім мақсаттарыңызды орындау кезінде жеткен жетістіктеріңіз, өзіңізге деген сенімділікті тудырады. 📍Үшіншіден, бір тақырыпты зерттеу сіздің өміріңіздің басқа салаларында шығармашылық серпілістерге ықпал етуі мүмкін. Тақырыпты толығымен жаңа әдіспен меңгеру арқылы ми сіздің қазіргі жұмысыңызға байланысты әртүрлі бірегей сілтемелерді шығарады. Бұл «жанама оқыту» деп аталады. Бұл ең тиімді құрал. * * * Уилл Смиттен өміріңді өзгертетін ТОП-6 мотивация ✔️ Дарынды, табысты әрі бай Голливуд жұлдызы – Уилл Смитті көпшілік әйгілі американдық актер және хип-хоп әртісі ретінде біледі. Бірақ бұл жігіттің таланты кино-музыкамен ғана шектелмейді. ✔️ Себебі ол мотивациялық жаттықтырушы да бола алады. Түрлі ток-шоуға шақырған қонақтар оның пікірін, дүниетанымын, көп нәрсеге көзқарасын тыңдауға қызығады. Желіде Уилл Смиттің дәйексөздерін табу қиын емес. Актердің көптеген мәлімдемесі өмірлік даналықты қамтиды және оны адамдармен бөлісіп отырады. 🟢 Әйгілі актер «Бақытқа ұмтылу» фильміндегі кейіпкер - Крис Гарднерге шын өмірде де көп жағынан ұқсайды. Егер аталмыш фильмді көрмегендер болса, міндетті түрде тамашалауға кеңес береміз. Өйткені ол нақты оқиғаларға негізделген. Уилл - өте жігерлі әрі еңбекқор адам. Ол алдына өршіл мақсаттар қойып, оларға батыл жасап, жетуге дайын. Ол өзі қалаған нәрсеге қалайда қол жеткізетін жан. 🟩 Нақыл сөздері : 1️⃣ Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ. Мен осы қарапайым хабарды бүкіл адамзатқа өз жұмысым, өз өмірім арқылы жеткізуге тырысамын. Байқап көріңіз, сонда бәрі жақсы болады! 2️⃣ Шындық үшін өлуден қорықпаңыз. Шындық – мәңгілік болатын жалғыз нәрсе. 3️⃣ Өмірде сізді ашуландырып, менсінбейтін және қорлайтын адамдар болады. Бірақ оларға мән бермеуге тырысыңыз. Олардың әрекеттерін құдайға тапсырыңыз. Әйтпесе өз жүрегіңізді де өшпенділікке толтырып аласыз. 4️⃣ Мен күнде таңертең оянған кезде, бүгінгі күннің кешегіге қарағанда жақсы болатынына сенемін. 5️⃣ Сүйудің 10 тәсілі: тыңдау, сөйлеу, беру, дұға ету, жауап беру, бөлісу, ләззат алу, сену, кешіру және уәде беру. 6️⃣ Өмір - өзімізбен және тағдырымызбен не істеу керек екенін көрсететін айна. Таңертең тұрып, бақытсыз екенімізді түсінсек, демең бұл үшін бірдеңе істеу керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
