09:16
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Артық ойдан арылудың ең қарапайым әрі тиімді жолы туралы не білеміз?

‼️ Бүгінгі ақпарат ағыны адам санасына жүк, жүрекке уайым, санаға күмән жүктеп жатыр. Әрбірімізде шешілмей жүрген сұрақтар, басталмай қалған істер, іште бүккен ойлар бар. Осындайда санадағы түйткілді тарқатуға көмектесетін ерекше тәсіл бар – ол фрирайтинг әдісі.

Фрирайтинг – қазақшаға аударғанда “еркін жазу” немесе “еркін хат” деген мағынаны білдіреді. Бұл – қолыңызға қалам алып, ішкі дүниеңізді сүзгіден өткізбей, ашық әрі шынайы түрде ақ қағазға түсіру. Бұл әдіс көп жағдайда психологиялық жеңілдік беріп, нақты шешім табуға жол ашады.

Кімдерге пайдалы?

 • Бір істі бастағысы келіп, батылдық таппай жүргендерге;

 • Мәселесіне жауап таппай жүргендерге;

 • Жаңа идея іздеген шығармашыл жандарға;

 • Ішкі ойын сыртқа шығара алмай жүрген, эмоционалды тығырықтағы адамдарға;

 • Шабытын жоғалтқандарға;

 • Мидағы ауыр ойдан арылғысы келетін кез келген адамға бұл әдіс нағыз көмекші құрал бола алады.

Фрирайтингті қалай жазуға болады?

 1. Тыныш ортаға жайғасыңыз. Қолға қалам мен таза парақты алыңыз.

 2. Оятқышты 20 не 30 минутқа қойыңыз.

 3. Ішкі сұрағыңызды анықтаңыз. Мысалы:

– «Мен неге алаңдаймын?»

– «Қандай бағытқа бет бұруым керек?»

– «Мені не бақытты етеді?»

 4. Таймер қосылғаннан кейін – жай ғана жаза беріңіз. Ойыңызға келген кез келген дүниені – талғамай, сұрыптамай, тоқтамай қағазға түсіріңіз.

 5. Таймер шырылдағанға дейін тоқтамаңыз. Ой келмей жатса – «ештеңе ойыма келмей тұр» деп жазыңыз. Маңыздысы – жазу.

 6. Уақыт біткен соң жазғаныңызды оқып шығыңыз. Ішінен маңызды ойларды, қайталанған тіркестерді түртіп алыңыз – бұл сіздің ішкі түйсігіңіздің жауабы болуы мүмкін.

Фрирайтингтің басты ережелері:

▪️ Ойланбаңыз – жазыңыз. Қағазға ой сүзгіден өтпей түсуі тиіс. Қателер мен стильге мән берудің қажеті жоқ.

▪️ Шынайы болыңыз. Біреудің пікіріне тәуелді болмай, өз ішкі дауысыңызға құлақ түріңіз.

▪️ Ойыңыз бөлініп кетсе – тоқтамаңыз. Мазасыз ойлардан арылудың бірден-бір жолы – оларды жазып тастау.

▪️ Сөз емес, сөйлеммен жазыңыз. Ойыңыз тұтас ағын секілді ағуы керек.

Фрирайтинг – әр адамның ішкі дауысы. Ол сіздің санаңызға жиналған ауыр ойды сыртқа шығарып, маңызды шешімге бір қадам жақындатады. Кейде адамға психолог та емес, кеңесші де емес, тек өзі керек. Осы әдісті күнделікті өміріңізге енгізсеңіз – жауабын таба алмаған сұрақтарыңыз өздігінен тарқай бастайды.

* * *

Әр қазақ оқуы тиіс ТОП-5 тарихи кітап

Қазақ халқының өткені — ұлт рухының, болмысымыздың, бүгініміздің алтын арқауы. Назарларыңызға әр қазақ оқуы тиіс бес тарихи шығарманы ұсынамыз.

1️ Көшпенділер

“Көшпенділер” – қазақ әдебиетіндегі ең ауқымды тарихи эпопеялардың бірі. Авторы — Ілияс Есенберлин. Үш кітаптан тұратын бұл трилогия (“Алмас қылыш”, “Жанталас”, “Қаһар”) XV–XIX ғасырлар арасындағы Қазақ хандығының қилы тағдырын баяндайды. Шыңғыс ханнан бастап Кенесарыға дейінгі тарихи тұлғалар, хандықтардың құрылуы, ел үшін жанын берген батырлар мен сөз бастаған жыраулардың бейнесі – барлығы осы эпопеяда шебер суреттелген. Есенберлин бұл еңбекті партиялық цензураның қыспағында жүріп жазып шыққанымен, қазақ рухын оятқан, елдік сананы жандандыруға үлес қосқан шедевр қалдырды.

2️ Алтын орда

Тарихи тереңге бойлаған бұл трилогияда түркі өркениетінің ұлы кезеңі – Алтын Орда дәуірі сипатталады. Романда ел тағдырын, мемлекет іргесінің қалануын, ұлы даладағы билік пен бірліктің күрделі жолын көркемдікпен өрнектеген. Есенберлин бұл туындысында тек өткенді баяндап қоймай, ұлт болмысы мен рухын жаңғырту жолында жазушылық жауапкершілікпен қалам тербеген.

3️ Қан мен тер

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың аталған трилогиясы — халық пен уақыттың тынысын тап басып бейнелеген күрделі шығарма. Үш кітаптан тұратын роман («Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу») Арал өңіріндегі балықшы ауыл өмірі арқылы кеңестік жүйенің ауыр көлеңкесін, қарапайым халықтың тағдыр-талайын терең суреттейді. Автор өзі өскен топырақты шексіз сағынышпен жырлайды. Туған жер, әділет, азат ой, тағдырлы адамдар – бәрі де бұл шығармада шынайы тілмен бейнеленеді.

“...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді” – дейді жазушы.

4️ Аласапыран романы

“Аласапыран” роман-дилогиясы 1980-1982 жылдары жарияланды. Негізгі кейіпкер – Ораз-Мұхамед сұлтан. Қазақ пен орыс әлемі түйіскен тұста өмір сүрген тарихи тұлғаның тағдыры арқылы сол дәуірдегі саясат, мәдениет, күрделі өзгерістер мен дипломатиялық қатынастар кең ауқымда ашылады. Алайда Ораз-Мұхамед куә болған, ұғынған дүние шындығынан ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы орыс, қазақ қоғамында орын алған қым-қуыт өзгерістерді, күрт бұрылыстар сырын кең де айқын топшылау қиын емес.

5️ Қызыл жебе

Бұл роман-трилогия қазақ халқының аяулы ұлы, кеңестік кезеңде әділет пен азаттық үшін күрескен қайраткер Тұрар Рысқұловтың өміріне арналған. Шығарма Тұрардың балалық шағынан бастап, саяси аренадағы күрделі кезеңдерге дейінгі өмірін шынайы суреттейді. Жазушы кейіпкері арқылы халыққа қызмет етудің, әділдік пен адалдықтың құнын ұғындырады.

Шығарманың өн бойында кездесетін кейіпкерлердің қай-қайсысының да өзіндік ерекшелігі, мақсат-мүддесі айқын суреттеліп, жазықсыз жапа шеккен жандардың өзара ыстық ықыласы мен достығы әсерлі де нанымды бейнеленеді. Шерхан Мұртазаның халқына өлшеусіз еңбек сіңірген Тұрар Рысқұловты “тірілткен” “Қызыл жебе” роман-эпопеясы ұлттың рухын көтерген бірден бір шығарма.

* * *

Мотивацияны қалай оятуға болады?

Өз-өзіңізді шабыттандыру – кез келген мақсатқа жетудің алғашқы әрі маңызды қадамы. Күш-қуат та, ниет те ішкі сенім мен себептен туады. Ал оны үнемі ұстап тұру үшін мына тәсілдерді қолданып көріңіз.

1️ «Не үшін?» деген сұраққа шынайы жауап беріңіз

Мотивация нақты себептен басталады. “Мен мұны не үшін үйренгім келеді?”, “Бұл менің болашағыма қалай әсер етеді?” деген сұрақтарға шынайы әрі ашық жауап беріңіз.

Мақсаттарыңызды қағазға түсіріңіз. Қаншалықты ұсақ болса да – бәрі маңызды. Оларды күн сайын көзіңіз түсетін жерге іліп қойыңыз. Күйіңіз түскен сәтте сол тізімге қайта көз жүгіртіңіз. Бұл сізді алға жетелейді.

2️ Әр істен қызық табуға тырысыңыз

Оқу — өзіңді танудың жолы.

Мысалы, әдебиет пәнінен жалықсаңыз – кейіпкерлердің сізбен қандай ұқсастығы барын іздеңіз. Олар қандай шешім қабылдады, олардың орнында болсаңыз не істер едіңіз?

Просмотров: 2 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: