00:46
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

"3-6-9" әдісі: Арманыңызды мақсатқа айналдыратын сиқырлы формула

️Әр адамның жүрегінде орындалса деп тілейтін арманы бар. Бірақ армандардың бәрі шындыққа айнала бермейді — себебі көпшілік оларды нақты ниетке айналдырып, күнделікті әрекетпен бекіте алмайды. Осындай сәтте ойды шоғырландырып, санаға мақсатты бекітетін ерекше әдістердің бірі – "3-6-9" техникасы. Бұл – аффирмация мен визуализацияны біріктіретін қарапайым әрі тиімді тәсіл. Күн сайын санаулы минут бөліп, ойды дұрыс бағыттай білсеңіз, бұл әдіс арманыңызға бір қадам жақындатады.

"3-6-9" — мақсатқа жетуге бағытталған визуализация және аффирмация әдісі. Техника нумерология мен "тартымдылық заңы" принциптеріне сүйенеді. Алғаш рет оны көпшілікке танымал еткен – танымал спикерлер мен TikTok-тағы мотивациялық контент авторлары. Бірақ бұл әдістің түбінде әйгілі өнертапқыш Никола Тесла тұрғаны айтылады. Ол:

«Егер сіз 3, 6 және 9 сандарының ұлылығын түсінсеңіз, онда сіз әлемнің құпиясын ұғасыз» – деген.

3-6-9 техникасы қалай жұмыс істейді?

Бұл әдістің мақсаты — сіздің ойыңызды нақты ниетке бағыттап, оны күнделікті әрекетке айналдыру.

Ол мынадай қарапайым ережелерге негізделген:

• Таңертең – мақсатыңызды немесе аффирмацияңызды 3 рет жазыңыз.

• Түсте – сол сөз тіркесін 6 рет қайталап жазыңыз.

• Кешке – сол ойды 9 рет жазыңыз немесе іштей қайталап, елестетіп жатыңыз.

✍️ Қандай сөйлем жазу керек?

Міндетті түрде нақты, сенімді және позитивті болсын. Болашақта емес, қазірдің өзінде орындалып қойғандай жазылады.

Мысалы:

Мен өз кәсібімді ашып, табысты болып жүрмін.

Мен IELTS-тен жоғары балл алып, шетелде оқып жүрмін.

Мен өз көлігімді мініп, бостандықты сезініп келемін.

Неліктен дәл 3-6-9?

Бұл сандар сананың терең қабаттарына әсер етеді деп есептеледі. Кейбір дереккөздерде бұлар ғаламдағы энергия ағынын білдіреді:

3 — ойдың басталуы,

6 — ниеттің күшеюі,

9 — шындыққа айналуы.

Кімге пайдалы?

Өзін жоғалтып алғандарға

Арманына сенуді ұмытқандарға

Мақсат қойып, оған жетуге тұрақты әрекет еткісі келетіндерге

Мотивация жетпей жүргендерге

Нәтиже болу үшін...

Әр сөйлемді сеніммен жазып, елестетіп, эмоциямен қайталау керек.

Жазып отырып — көзіңізді жұмып, өзіңізді сол арманның ішіне енгізіңіз.

Қорытынды:

"3-6-9" — бұл тек сандар ойыны емес. Бұл – сананы бағыттау, ниетті нақтылау, және тұрақты фокус арқылы армандарды шындыққа айналдыру техникасы. Ең бастысы – бұл әдіс сіздің миыңызға “бұл мүмкін” деген ойды бекітеді.

* * *

ҰЛЫ ДАЛА ЭКОНОМИКАСЫ.

ҚОЛА және ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ

  Ұлы дала экономикасының тарихы - Қола дәуірі мен Ертетемір дәуіріндегі динамикалық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл кезеңде жергілікті егіншілік және металлургия қоғамдарынан сак (скиф) заманындағы жоғары мобильдікөшпелі қоғамдарға дейін ұлы дала халықтары экологиялық және геосаяси өзгерістерге бейімделіп, тіршілік ету мен әлеуметтік даму саласындағы ерекше қабілеттерін көрсетті.

 

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: