11:30
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
  • * *
  1. секунд ережесі” арқылы кез келген іске қалай кірісуге болады? — Мел Роббинстен кеңес
  • Белгілі америкалық медиатұлға әрі бизнесвумен Мел Роббинс өзінің өмірін түбегейлі өзгерткен “5 секунд” ережесін ойлап тапты. Бұл әдіс қарапайым әрі тиімді, бірақ көп нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Нақтырақ айтсақ, кез келген істі бастау үшін 1-ден 5-ке дейін санап, дереу іске кірісе аласыз. Бұл әдіс қалай жұмыс істейді? Бүгін осы жайында кеңестер ұсынамыз.
  • ️Мелдің айтуынша, егер сіз бес секунд ішінде әрекет етуді бастап кетсеңіз, миыңыз кідіріс жасап үлгермейді. Бұл ереже адамның нақты шешім қабылдауына көмектеседі.
  • Шешім қабылдау дегеніміз:
  •  • өз қорқыныштарыңыз бен күмәнді ойларыңызға қарамастан қадам жасай білу;
  • жайлылық аймағынан шығу;
  • идеяларыңызбен бөлісу және көзқарасыңызды білдіру;
  • құндылықтар мен сенімді қалыптастыру;
  • тіпті қиын күннің өзінде төсектен тұруға шабыт.
  • “Бес секунд ережесі” дегеніміз не?
  • өмірін өзгерткісі келгенімен, көп жағдайда әрекетсіз қалып жатады. Яғни, мидағы түрлі ой мүмкіндікті шектеп тастайды. Осылайша алға жылжу қиын әрі қауіпті болып көрінеді.
  • пайымдауынша, бір қадам алға басудың қиынға соғуы “әдеттерімізге” байланысты. Біз бір істі жиі жасағандықтан, ми сол әрекетке үйреніп кетеді. Мел Роббинс те осы мәсәлемен бетпе бет келді. Ол күнін ерте бастап, көп нәрсеге үлгеру үшін төсектен ерте тұруға тырысады. Десе де оны жүзеге асыру қиынға соғады. Бір күні ол теледидардан бір жарнамаға көз шалады. Мұнда зымыран ұшуға дайындалып, санақ бестен кері қарай жүреді. Бұл жарнама Мелдің өмірін түбегейлі өзгертуге себепші болады. Мәселен, таңертең жылы төсектен тұрғысы келмегенде өзін зымырандай сезініп, іштей  5-4-3-2-1 деп санап көруге бел буады. Бұл бір қарағанда күлкілі идея болып көрінуі мүмкін. Бірақ нәтижелі әдістердің бірі болады. 
  • ️ Біз бастан кешіретін күмәндар, қорқыныштар және жағымсыз эмоциялар - жай ғана әдеттер. Ал №5 ережесінің кері санағы осы үлгіні өзгертуге көмектеседі. Психологияда мұны “бастау кезеңі” деп атайды. Ережені қаншалықты жиі орындасаңыз, миыңыз соғұрлым тезірек үйреніседі. Жаңа шешім - жаңа өмірдің жаршысы.
  • әдісті кез келген салада қолдануға болады. Аризона университетінің Корнелл және Дюк мектептерімен бірлесіп жасаған жаңа зерттеуі ми мен әрекет ету инстинкті арасында күшті байланыс бар екенін дәлелдеді. Сіз мақсат қойған кезде, миыңыз оны істер тізіміне жазып алады.
  • себепті:
  • қандай да бір істі бастай алмай жүрсіз бе? 5 секунд ішінде орныңыздан тұрып, әрекет етуді бастап кетіңіз.
  • Оятарды сағат 6:00-ге қойдыңыз ба? Қоңырау шырылдағанда бірден орныңыздан тұруға тырысыңыз.
  • Қандай да бір адамға хабарласуға жүрексінесіз бе? Телефонды алыңыз да нөмірін теріңіз;
  • Денсаулығыңызға қамқорлық жасаймын деп көптен ойлап жүрсіз бе? Бірден тексеріске жол тартыңыз.
  • кеңестер шағын әрі үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Бастысы әрекет етуден қорықпаңыз. Табысқа жету үшін бірінші қадам жасаудан маңызды ештеңе жоқ екенін жадыңызда ұстаңыз.  Ішпыстырарлық өміріңіздің нүктесін қоятын – тек өзіңіз.

* * *

Жаңа кинолар хақында

"Азартник" қылмыстық драмасы. Бұрынғы карташы Нурик күнкөріс үшін жүкші болып жұмыс істеп, бос уақытында такси жүргізеді. Алайда тағдыр оны қайтадан картаға әкеледі. Ол үй, көлік сатып алып, өмірі реттелгендей көрінеді. Бірақ бұл ұзаққа созылмайды. Қалаға Түркиядан келген кәсіби ойыншы Нурикті жеңіп, барынан айырады – ақшасы, үйі, көлігі, тіпті жары да сол ойыншының қолында кетеді. Басты рөлдерде: Нұрсұлтан Мейірбек ,ании Беркінбай, Индира Меңдібаев, Ұлықбек Қадыров. Жас рейтингі: 18+       

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=S-zDo2Bo0OI

"Қызыл көйлек" драмасы. Ыстықкөл жағасында жас отбасы ескі кафені қалпына келтіруге кіріседі. Алайда олардың арманы қорқынышты түске айналады – ғимараттың қабырғаларында өткеннің қараңғы құпиялары қайта тіріледі. Тылсым құбылыстар мен түсініксіз үрей әр түнді өмір үшін күреске айналдырады. Армандаған мекен енді қашып құтылу мүмкін емес орынға айналады. Басты рөлдерде: Айжан Сыдықова, Саламат Қалыбек уұлу. Жас рейтингі: 18+       

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Fyd-N7GH5WI

"Ғашығым" мелодрамасы. Мақсат Айсұлуға алғаш көргеннен-ақ ғашық болады. Алайда көп ұзамай ол Айсұлудың Тілек атты “жігіті” бар екенін біледі. Тілек — оның ата-анасының достарының ұлы. Ата-анасы Мақсатты қолдамай, Тілекті қызына лайық деп санайды. Мақсат Айсұлудың жүрегін жаулап алу үшін, өз отбасын құру үшін актерлерді жалдайды, бірақ бұл жоспары сәтсіз болады. Басты рөлдерде: Мадалена Абдрахманова, Бакболот Қоңырбаев.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=TsPX47u6RO4

"Minecraft в кино" фантастикасы. Сәтсіздікке тап болған төрт адам кенеттен құпия порталға тартылып, оларды қиял күшімен жасалған ерекше кубикалық әлемге алып барады. Үйіне қайта оралу үшін, олар осы әлемнің заңдарын меңгеріп, тәжірибелі шебермен қызық саяхатқа шығуға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Джек Блэк, Джейсон Момоа.       

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=c_uiTcuqa7I

"Падение короны" тарихи драмасы. 18-ші ғасыр, Француз революциясының орталығы. Король мен оның отбасы тұтқындалып, түрмеге жабылады. Әлеуметтік өмірдің әсемдігі оқшауланумен және дәрменсіздікпен ауысады. Қымбатшылыққа үйренген патшайым алғаш рет өз болашағынан және балаларының тағдырынан қорқып, осал күйге түседі. Басты рөлдерде: Гийом Кане, Мелани Лоран. Жас рейтингі: 18+               

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=6pu-vYCCiZw

"Смерть единорога" фантастикасы. Ридли әкесімен бірге демалыс өткізуге мәжбүр болады. Әкесімен қарым-қатынасы тек ғажайып арқылы ғана түзеледі деп ойлаған сәтте, олар… нағыз бір мүйізді құлыншақты қағып алады. Әкесінің жұмыс істейтін ашкөз отбасы оның емдік қасиеттерін пайдаланып ақша табуды шешеді. Алайда, құлыншақтың ашулы ата-аналары пайда болып, байларды аулауға кіріседі. Басты рөлдерде: Пол Радд, Дженна Ортега. Жас рейтингі: 18+             

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=r0eKbYttj64

"Последний охотник на демонов" триллері. Ескі қақпалар ашылып, біздің әлемге жеңілмейтін титанның басшылығымен жындар легі шабуыл жасады. Шабуылдың эпицентрінде қалған полицей Джейк жерді қараңғылық армиясы жұтпай тұрып, порталдың жабылу жолын табуға тырысады. Басты рөлдерде: Мишель Моррон, Уильям Моусли. Жас рейтингі: 18+             

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=FAd-zFJ4e7A

"Проклятие матери. Одержимая" қорқынышты фильмі. Жалғызбасты ана қараңғылық күштерімен байланыс орнатып, өзінің балаларының ештеңеден мұқтаж болмауын қамтамасыз ету үшін бақсыдан көмек алады. Басты рөлдерде: Шариф Дааниш, Дафф Вардхана. Жас рейтингі: 18+       

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=bhRMDt1Dilc

"Астрал. Спуск к дьяволу" қорқынышты фильмі. Эвелин күтпеген жерден әпкесінен үлкен үйді мұраға алады.Басты рөлдерде: Алекс Палладино, Шон Бриджерс. Жас рейтингі: 18+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dRJL5TpTTbM                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшес

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: