11:33 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Апталық жоспарды дұрыс құрудың 8 қадамы Мұхтар Әуезов айтқандай: “Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, екінші – күш керек, содан соң – тәртіп керек”. Расымен, кез келген істі нәтижелі орындау үшін алдымен жоспар құрып, тәртіппен әрекет ету маңызды. Егер тәртіп пен жүйе сақталса, жетістікке сөзсіз жетуге болады. Ендеше назарларыңызға апталық жоспарды тиімді құрудың үлгісін ұсынамыз! ✅ 1️⃣ Арнайы құрал дайындаңыз ✔️ Жеке бір дәптер бастаңыз немесе mind map (ми картасы) қосымшасын қолданыңыз. Барлық жоспарыңызды осы жерге тізіп шығыңыз. Егер нақты тапсырмалар болмаса, істеріңізді салаларға бөліңіз: • Оқу және жұмыс • Денсаулық • Отбасы • Хобби және тұлғалық даму Әр санаттың жанына орындалуы тиіс тапсырмаларды жазыңыз. 2️⃣ Аптаның маңызды 3 тапсырмасын анықтаңыз Апта бойы орындауға тиіс ең маңызды үш істі таңдаңыз. Бұл істер – сіздің басты басымдықтарыңыз. 3️⃣ Міндеттерді нақты күндерге бөліңіз • Барлық тапсырманы апта күндеріне бөліңіз. • Мерзімі нақты белгіленген міндеттерді бірінші жазыңыз (мысалы, кездесулер, дәрігерге бару, төлемдер). • Уақыты белгіленбеген тапсырмаларды бөлек тізімге қосыңыз. 4️⃣ Уақытты нақтылап жазыңыз • Әр тапсырмаға белгілі бір уақыт бөліңіз. • Маңызды міндеттерді нақты уақытқа қойып, басымдық беріңіз. 5️⃣ Демалыс уақытыңызды жоспарлаңыз • Жұмыстан тыс уақытты да ұмытпаңыз. • Мысалы, сенбіні – отбасылық күн, ал жексенбіні – табиғатта серуендеу күні деп белгілеңіз. 6️⃣ Белгісіз тапсырмаларды қарындашпен жазыңыз • Кей тапсырмалардың уақыты белгісіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда оларды қарындашпен жазып қойыңыз. • Әр күннің нақты жоспарын кешкісін дайындап отырған дұрыс. 7️⃣ Маңыздылық деңгейін көрсетіңіз • Тапсырмаларды орындау ретіне қарай белгілеңіз: • А1, А2 – ең маңызды істер • В1, В2 – маңызды, бірақ кейінге қалдыруға болатын істер • Бір тапсырманы орындамай жатып, келесі деңгейдегі іске ауыспаңыз. 8️⃣ Апта соңында сараптама жасаңыз • Апталық жоспарларыңызды талдап, қаншалықты орындалғанын бағалаңыз. • Мақсатқа жету үшін қандай қателер кеткенін анықтаңыз және келесі аптада оны қайталамауға тырысыңыз. Егер осы үлгіні тұрақты қолдансаңыз, сіздің уақытыңыз тиімді жоспарланып, барлық мақсатыңыздың орындалатыны сөзсіз! * * * Көшпелі қазақтың саяси өмірінде қандай киім-кешектерге сұраныс жоғары болды? Көшпенділердің киім ерекшеліктері әртүрлі болды. Мәселен, үй жағдайында, саяси қарым-қатынаста, экономикалық байланыста киетін киімдері бөлек еді. Атап айтатын болсақ, сақтар мен ғұндардың бастарына киген киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе мауытыдан тігілген қауырмалы бешпент, металл қаңылтырлардан тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік сақ киімдерінің үнемі ат үстінде жүретін киелі көшпелі өмір салтына ыңғайлы болғанын көрсетеді. ✔️ Сақ көсемі өңіріне алтын жапсырмалар қадалған және елтірімен әдіптелген қызыл түсті жарғақ камзол киген. Ал жеңі түгел сұр былғарымен оюланып кестеленген. Шекпелі өрнектермен әшекейленген, басына қоңыр киіз қалпақ киген. Әйел үстіне жүннен тоқылған шұбар түсті матадан ұзын етек көйлек киіп, омырау тұсына дөңгелек алтын қапсырмалар қадаған. Көйлектің үстінен иығына қызыл түстермен қиюластыра кестеленген жүн тоқымалы жамылғы жамылған. Бас киімі де өзгеше бөркімен және түтікшелі бұйым қабымен ерекшеленеді. ✔️Қазақ халқының ұлттық киімдері – этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. ✔️Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, кәжекей, желетке; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. ✔️Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. * * *
* * * Жаңа кинолар хақында "Жауап бер" детективі. Күйеуін өлтірді деп айыпталған Диананың шулы соты бес әйелді бір залда тоғыстырады: судья, прокурор, адвокат, жәбірленуші және айыпталушы. Әрқайсысының өмірінде зорлық-зомбылықтан қалған өз жарасы мен сыры бар. Сот барысында ашылған жаңа деректер мен шынайы мойындаулар оларды өз өмірлеріне терең үңіліп, өткен мен шындық арасында таңдау жасауға мәжбүр етеді. Басты рөлдерде: Аружан Бекболат, Бейбіт Құсайынов, Айнұр Болат, Әсел Қалиева, Мадина Ақылбекова, Нұрай жеткен. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=fPmZFgAAGss "Qazaq alemi" комедиясы. Бейбіт пен Ермек – ауылда бірге өскен адал достар. Олар алаңсыз қызық күндерін бірге өткізіп, жарқын өмірді армандап жүреді. Бейбіт ауылдың сұлу қызы Мадинаға ғашық. Бір күні ол батылдық танытып, Мадинаға сөз салады. Алайда Мадина ұсынысты қабылдамай, шарт қояды: егер Бейбіт атақты кинопродюсер Нұрлан Қоянбаевтың мобилографы атанса, оның жауабын қайта қарауға уәде береді. Осы мүмкіндіктен шабыт алған Бейбіт жақын досы Ермекпен бірге Алматыға жол тартады. Жол бойындағы оқиғалар мен таныстықтар олардың өмірін түбегейлі өзгертеді: екеуі әртүрлі жұлдызбен кездесіп, қызықты түсірілімдерге қатысады, күлкілі әрі күрделі сынақтарды бастан кешеді. Достық пен махаббаттың ара-жігін ажырату барысында, Бейбіт шынайы бақыттың атақта емес, қасындағы жандардың қолдауында екенін түсінеді. Достар өз армандарын жүзеге асырып, Мадинаның жүрек кілтін тауып, Нұрлан Қоянбаевтың сеніміне ие бола ала ма? Басты рөлдерде: Нұрлан Қоянбаев, Жалғас Елеусінов, Бағжан Данай, Рахат Ақнұр, Зарина Хаджиметова, Қарлығаш, Мұхамеджанова, Рамазан Амантай, Жан Байжанбаев. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=wcpeDXKeLtM "Муфаса: Арыстан патша" мультфильмі. “Муфаса: Арыстан патша” мультфильмі Рафикидің Симба мен Наланың қызы Киараға айтатын аңызына негізделген. Бұл оқиға Прайд жерлерінің сүйікті патшасы Муфасаның қалай патша болғанын және оның күрделі тағдырын баяндайды. Сюжетте жетім қалған Муфаса мен оған қамқорлық танытқан болашақ патша Така арасындағы ерекше байланыс суреттеледі. Бірге бастан кешкен саяхаттары олардың достығын шыңдап, өлімге қарсы тұратын қиын сынақтарға әкеледі. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=aSg27eO_Bgc " Первая ведьма. Новые души" қорқынышты фильмі. Үш жыл бұрын тұрғындар бірінші бақсының рухын өз қалаларынан қуып шыққан еді. Алайда ежелгі зұлым қайта оралудың жолын тауып, жаңа құрбандарды қажет етеді. Ал зұлымның қолынан қаза тапқан қыздың отбасы кез келген қиындыққа төтеп беріп, бақсының жаңа денеге ие болуына жол бермеуге ант береді. Өйткені егер ол мақсатына жетсе, сансыз адамның өмірі қыршын кетпек. Басты рөлдерде: Надеч Кугимия, Елилча Капаун. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xLzEHCjSYIQ "Баба Яга спасает Новый год" шытырман оқиғасы. Жаңа жыл қарсаңында Юра есімді бала әкесімен бірге мерекелік жәрмеңкеге барады. Онда ол байқауға қатысып, байқамай ұзақ уақыт тұтқында болған Қар патшайымын босатып жібереді. Қазіргі заманға оралған Қар патшайымы мың жыл бұрын оны еркіндігінен айырған Аяз атадан кек алуды ұйғарады. Бірақ бұл ғана емес — ол бүкіл әлемді мұзға айналдыруды көздеген сұмдық жоспарын жүзеге асырмақ болады. Өз мақсатына жету үшін ол Юраны ұрлап, оны мұз патшалығына алып кетеді. Аяз ата Юраны ғана емес, бүкіл ғаламшарды құтқару үшін Баба Яга, Иван Царевич, Марья-өнерпаз және басқа да сиқырлы кейіпкерлердің көмегіне мұқтаж болады. Олар ертегіге толы жаңа, таңғажайып оқиғаларды бастан өткеріп, Қар патшайымының сұмдық жоспарларын тоқтатуға аттанады! Басты рөлдерде: Людмила Артемьева, Ян Запник. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=eNyvHnk4cLM баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |