11:28 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Кез келген іске шабыт сыйлайтын 5 әдіс 1️⃣ Ең алдымен белгілі бір нәрсені “не үшін үйренгім келеді” деген сұраққа жауап беріп, нақты мақсаттардың тізімін жазыңыз☝ ✍ Оларды қағазға жазып, көз алдыңызға елестетіңіз. Мектепке барғыңыз келмеген сәтте, сол тізімді оқып шығыңыз. Осы сәтте автоматты түрде шабыт пайда болады. 2️⃣ Барлық істен қызықты нәрсе табыңыз Зерттелетін материалдың сіздің өміріңізбен қандай байланысы бар екенін қарастырыңыз. Мысалы, әдеби кітапты оқудан жалықсаңыз - мұндағы кейіпкерлермен ортақ нәрсені табуға тырысыңыз. Ал егер биологияны оқығыңыз келмесе, өзіңіз және басқа тіршілік иелері туралы қаншалықты көп білетініңізді елестетіп көріңіз. 3️⃣ Таймер пайдаланыңыз⏰ Сабақ оқуға 30-50 минут бөліп, содан кейін қысқа үзіліс жасаңыз. Ол аяқталғаннан кейін оқуға қайта кірісіңіз. 4️⃣ Өзіңізді үнемі жігерлендіріп отырыңыз✅ Сабақ оқып болғаннан кейін өзіңізді марапаттаңыз. Мәселен, сүйікті тамағыңызды жеп, үй жануарларымен ойнаңыз, қызықты видео қараңыз немесе ыстық ванна қабылдаңыз. Ал емтиханнан кейін өзіңізді әлдеқайда маңызды нәрсемен қуантыңыз. Мысалы, достарыңызбен кофе ішіңіз немесе көптен бері қалап жүрген нәрсеңізді сатып алыңыз. 5️⃣ Біреумен үйреніңіз Ол адаммен бір бөлмеде бірге тұрудың қажеті жоқ. Бірақ сіздің мәселелеріңізге бей-жай қарамайтын және сіздің жетістіктеріңіз туралы сөйлесетін адамның болуы маңызды. Бір-біріңізге әр апта сайын жасалған жұмыс туралы есеп беріп отырыңыздар. Осы кезде мақсатқа жету оңай болады және уақытты тиімді басқарасыздар. * * * Күз мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер Күз мезгілінде табиғатпен бірге адамдар да сұлғырт тарта бастайды. Себебі тұмау мен түрлі инфекция осы уақытта белең ала бастайды. Дегенмен көпшілігіміз бұл мезгілде сергек әрі көңілді жүру үшін ағзаға бірқатар дәруменнің қажет екенін ескере бермейміз. Нәтижесінде жиі ауырып, иммунитетіміз төмендеп, әлсіздік пайда болады. Иммунитетті жақсарту, ауру-сырқаулардан алдын алудың бірден бір жолы – дұрыс тамақтану мен дәрумендер. Сонымен, күз мезгілінде қандай дәрумендер қажет, оларды қандай тағамдардан табуға болады? Ендеше біз ұсынған кеңестерді оқып шығыңыз! ✔️
|
|
Всего комментариев: 0 | |