10:56
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз...

* * *

Азиядағы ең бай кәсіпкер - Джек Маның жетістік жолы

Джек Ма - қытай кәсіпкері және филантроп. Ол Alibaba Group, жоғары табысты интернет бизнес тобының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы. Сонымен қатар Forbes мұқабасына алғаш рет пайда болған қытайлық кәсіпкер.

2004 жылы Bloomberg  компаниясының мәліметі бойынша Джек Маның жеке байлығы 32,7 миллиард құрап, әлемде 18-ші және Қытайдағы ең бай азамат ретінде тіркелді. 

1995 жылы Ма Сиэтл сауда делегациясымен аудармашы болып барады. АҚШ-та достардың бірі Джекке интернеттің қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Бірақ Yahoo! іздеу жүйесі арқылы Қытай туралы мәлімет жоқтың қасы екенін аңғарады. Компьютердің қыр-сырымен толық таныспаған Ма, өз интернет-компаниясын ашу үшін, оның әйелі мен досының көмегімен екі мың доллар қажет старт-ап капиталды жинайды. Веб сайттар құрумен айналысатын компанияларды, Ма “Қытай Yellow Pages” деп атады.

Үш жыл өткен соң, фирманың кірісі бес миллион юаньды (шамамен 800,000 АҚШ доллары) құрады.

1998 жылдан бастап 1999 жылға дейін, Ма Қытай халықаралық Электрондық коммерция орталығы бастаған, сыртқы сауда және экономикалық ынтымақтастық министрлігінің бөлімшесін басқарады. 1999 жылы Ма жұмыстан шығу туралы шешім қабылдап, 17 досымен, шағын және орта кәсіпорындардың сауда-саттыққа арналған алаң ретінде ойластырылған “Alibaba Group” компаниясын құрады. Оны құру үшін 60 мың доллар қажет болған.

2000 жылдың қаңтары мен 1999 жылдың қазан аралығында “Alibaba” $ 25 млн венчурлық инвестиция жеңіп алғанымнн, бкомпания шығынға ұшырауын жалғастырады. Компания Қытайдан экспорттаушылар АҚШ-тан клиенттерді табуға мүмкіндік беретін жүйені әзірлеуден кейін шығынға ұшырауын тоқтатады. 2002 жылы компанияның кірісі бір долларды құраа, уақыт өте келе тез өсе бастады.

2012 жылдың қараша айында “Alibaba”  кірісі 1 трлн юаньнан асты.

Маның ой салатын нақыл сөздері:

▪️Махаббат - біртүрлі сезім. Бұл - уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

▪️Өміріңде кездескен кез келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама. Осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.

▪️Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын. Тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміз адам табысқа жету үшін құлшына үйреніп, тынбай еңбек ету керектігінің дәлелі, мына әлемде ақы алмайтын асхана жоқ.

▪️Адамдарға сенiң құрғақ сөзiң емес, жасаған iс-әрекетiң маңызды.

▪️Көптеген табысқа жеткен кәсіпкерлердің білімі орташа болған, бірақ бұл құлшына үйренбеген адам да табысқа жете алады дегендік емес. Есіңде болсын білімің ешкім сеннен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам білімсіз де кәсіп жарата алады, бірақ білімсіз бәрібір де оны дамыта алмайды.

▪️Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

* * *

Жетістікке жетуге көмектесетін 7 әдет

Өмірде кез келген адам өз биігін қалыптастыруды армандайды. Алайда оған бірі жетсе, бірі орта жолдан тоқтап, үмітсіз күй кешеді. Ал табысты адам болу жолында оның зейнетіне жету үшін бейнетін де бастан кешіруге дайын болуыңыз керек. Ендеше бүгін өзіңіз қалаған жетістік шыңына жетіп, биік белесті бағындыруыңызға арналған жеті әдет жайлы сөз қозғаймыз.

1️⃣ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату.

2️⃣ Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.

3️⃣ Медитация жасаңыз.

Просмотров: 38 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: