22:57 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Қалауыңызға қалағаныңыздай жетуге көмектесетін 20 әдет Кәсіпкер болу кез келген адманың қолынан келе бермейді. Дегенмен өз мүмкіндігіне сене білген әрбір азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады. Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, біз ұсынған 30 кеңесті әдетке айналдыруыңыз керек. ◾️ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату. ◾️Жаңалықтар легінен хабардар болыңыз. Жетістікке жеткен табысты адамның образынан өзіңізді көргіңіз келсе, әлем жаңалықтарынан, сонымен қатар сіздің қызығушылығыңызға байланысты қандай жаңалықтар болып жатқаны туралы хабардар болып отырыңыз. Білім — бұл баға жетпес байлық. ◾️Жаңа орта жаңа таныс табудан ешқашан бас тартпаңыз. Бұл жерден сіз өміріңізді жақсы жағына өзгертетін себептердің пайда болуына мүмкіндік табасыз. ◾️Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі. ◾️Жаныңызға жақын іспен айгалысыңыз. Тек қана қауырт жұмыспен шектелмей жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Бұл рухани тән саулығыңыздың кепілі. ◾️Сарапшы ретінде кеңес бере отырыңыз. Сарапшы ретінде, кеңесші ретінде сізден кейінгілерге білгеніңізбен бөлісу, сіздің біліміңіздің арттырып,кәсіп саласында жоғары статаус қалыптастыруыңызға себеп болады. ◾️Қоғамға пайдаңыз тисін. Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз. ◾️Командаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болсын. Командаңыздағы ара-қатынас мейлінше ашық болсын. Сұрақтар мен пікірлерге, талқылауларда ойларын ашық жеткізу үшін қамқорлық танытыңыз. ◾️Барлық істе шешімнің болатыны белгілі. Барлық іске сыни тұрғыдан қарай отырып, оны жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеңіз. ◾️Медитация жасаңыз. Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл ақыл-ойды тазартуға, стрессті азайтуға және фокустауға көмектеседі. ◾️Нәтижелі, өнімді жұмыстың кепілі ұйқы. Сегіз сағаттық ұйқы сізді физикалық және эмоционалды жағынан сергек сезінуге мүмкіндік береді. ◾️Дұрыс тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтаудың басты шарты. Сол себепті тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. ◾️Дене жаттығуларымен айналысыңыз. Бұл сіздің сергек әрі сенімді жүруіңізге көмектеседі. Спорт — денсаулық кепілі. ◾️Ақыл-ой үшін жаттығу жасаңыз. Миды жаттықтыруға арналған ойындар мен басқатырғыштар арқылы сыни ойлауды, есте сақтау қабілетін дамыта аласыз. ◾️Өзіңіздің жеке басыңыздағы маңызды сәттерге де уақыт бөліңіз. Себебі осындай көңілге қуаныш сыйлайтын сәттер сізге өмірлік мотивация беруі мүмкін. ◾️Кез келген жағдайға бейімделіңіз. Әрбір ситуацияға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда, қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі. ◾️Сала таңдаудан қателеспеңіз. Сала таңдау барысында, «сіз сол кәсіпте өзіңізді елестете аласыз ба? бұл кәсіп түрі қаншалықты жақын?» осы сұрақтардың шешімін қарастырыңыз. ◾️Аузыңыздан шыққан әрбір сөзге сақ болыңыз. Сіз осы серіктесіңіз бен қарапайым әңгіме барыснда тиянақты сөйлей білсеңіз оның сенімінен шығып, маңызды жобаларды бірге атқару мүмкіндіктеріңіз артады. ◾️Жаңа хобби іздеңіз. Естеріңізге сала кетейік, бұл ынта-жігер әр кәсіпкердің табысының кілті. Мүмкіндігінше көптеген салаларға қызығушылық танытуға тырысыңыз. ◾️Клиентке барынша көңіл бөліңіз. Сіздің клиенттеріңіз — сіздің бизнесіңізді жасайтын адамдар. Жасап отырған жұмысыңыз, алдымен сіздің қызыметіңізді тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруы керек екенін басты назарда ұстаңыз. * * * Уақытты дұрыс жоспарлап, сапалы өткізудің 4 ережесі “Уақыт - ақша. Уақыт - өмір”. ⏰ Бұл пікірге келіспеу мүмкін емес. Себебі уақытты тиімді пайдалану арқылы діттеген мақсатыңа жылдам арада жете аласың. Ендеше біз ұсынған кеңеске құлақ түріп, уақытты дұрыс жоспарлаудың алтын ережесін пайдаңызға жаратыңыз. Зерттеулерге сүйенсек, оқушылар уақытының басым бөлігін телефонға, әлеуметтік желіге, теледидар көруге, достарымен сөйлесуге арнайды екен. Ал бұл әрекеттер оқушының жетістікке жету көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан ең алдымен уақытты тиімді басқарудың 4 ережесіне назар аудар. Маңызды мақсаттарыңды анықтап ал; Барлық қажет емес затты лақтырып таста; Қажет емес нәрселерден бас тартуды үйрен; Нақты атқаратын ісіңнің орындалу уақытын белгіле. Содан соң күндік жоспарға көшесің. Бұл 3 бөлімнен тұрады. ▪️Бір күнді жоспарлау; ▪️Тапсырмалар тізімін жасау; ▪️Маңызды істермен түске дейінгі уақытта айналысу. Егер мақсаттарыңның жазбаша түрі болса, ол міндетті түрде орындалады. Сол себепті бір күнде, апта ішінде жасайтын істерің мен мақсаттарыңды белгілеп, жазып жүру маңызды болып келетінін есіңнен шығарма. Ал бір күндік жоспар оқуға деген өнімділігіңді 25%-ға арттырады. Орындайтын әрбір ісіңнің белгіленген уақыты болсын. Бұл нақтылыққа үйретеді. Бастаған ісіңді соңына дейін жеткізуді әдетке айналдыр. Бір істі аяқтамай жатып, екінші іске көшіп кетпе. Әр істі кейінге қалдыруды, уақытын кешіктіруді доғар. Бір сағат сабақ оқып, 5-10 минут үзіліс жасап отыр. Осы арқылы зейін мен өнімділікті қайта қалпына келтіре аламыз. Сабақ оқуда қажетті күш-қуаттың қалыптасуы үшін спортқа да арнайы уақыт бөлуің керек. Іс жүзінде уақытты жоспарлау өмірді жеңілдетеді. Ең бастысы табандылығың мен жігеріңді іске қосып, 20-30 күнде әдетіңе айналдыра аласың.✅ * * * Тауарлы-ақша қатынасы: Көшпенділер кезеңіндегі тұрақты сауда туралы не білеміз? X1X-XX ғасырлар шебінде жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептері болды. Біріншіден, қазақтар барлық жерде бірдей жаппай отырықшылыққа көше бастады. Екіншіден, уездік және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңінен етек алды. Сауданың бұл түрі қалаларда барынша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар шығаратын өнімдердің тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажетті бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, қазақтар емін-еркін сатып алатын еді. Қалаларда кең көлемді сауда жасайтын дүкендер мен дүңгіршіктер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшері де өсе түсті. Мәселен, ірі қалалардың бір жылдық сауда айналымы Петропавлда 4 миллион, Омбыда 3,5 миллион, Семейде 1,5 миллион, Қостанайда 0,9 миллион сомға дейін жетті. Қалаларда тұрақты жүргізілетін сауданың күшейе түсуі ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегі сауданың жағдайын әлдеқайда әлсіретіп жіберді. Қазақ өлкесінде тауарлы-ақша қатынастары дами түсті. * * * Несие тарихы: Оны қалай тексереміз және негізгі 4 ережесі қандай? ⚪️ Елімізде 3,5 миллионнан астам азаматтың несие тарихы бүлінген. Сондықтан көпшілік оны түзеу жөнінде жиі ойланады. Ендеше көптің сұрауы бойынша бүгін осы тақырыпты талқылаймыз. Несие тарихы дегеніміз не және оны қалай түзеуге болады? 1️⃣ Түзелмейді, тек жақсартуға болады Мамандардың айтуынша, несие тарихын түзеу мүмкін емес. Егер сіз кезінде несиені уақытылы төлемеген болсаңыз, ол ақпараттың барлығы сіздің несие тарихыңызда жазылып тұрады. Оны сіз өшіре алмайсыз. Бірақ несие тарихын жақсартуға болады. Әр адамның кредиттік рейтингі бар. Бұл несиені уақытылы жауып отыруыңызға байланысты қойылады. Сондықтан, егер тарихыңыз бүлініп қалса, бірнеше шағын несиелер алып, оны уақытылы жауып, өз рейтингіңізді көтеріп алсаңыз болады. 2️⃣ Өмірлік мәні Шағын тауар алып, оны төлемей қойып, есесіне өз өмірі үшін маңызды заттардан айрылып жататын азаматтар да бар. Мәселен, ипотека. Сіздің оның алдындағы болмашы несиені қайтармай қоюыңыз, ипотека алуға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан қаржы кеңесшілері, банк алдындағы міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауға шақырады. 3️⃣ Несие тарихын қалай тексереміз? Әрбір азамат несие тарихын тексеріп, бағалай алады. Оның бірнеше жолы бар. Қазір елімізде екі несие бюросы жұмыс істейді, бірі мемлекеттік, екіншісі жекеменшік. Мемлекеттік несие есебін электронды үкімет арқылы үйден шықпай-ақ алуға болады. Ол үшін www.egov.kz порталына кіріп, «Салық пен қаржы» бөліміндегі «Экономика мен қаржы» парақшасына өту керек. Онда «Жеке кредиттік есеп алу» батырмасын басып, электронды-сандық қолтаңбамен растап, анықтама ала аласыз. Жекеменшік компания – Бірінші кредиттік бюро жылына бір рет тегін несиелік есеп алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ұйым сайтына кіріп, ондағы нұсқаулықтарды орындау арқылы есеппен танысуға болады. Оған да электронды-сандық қолтаңба қажет екенін ескертеміз. 4️⃣ Несие тарихы жоқ болса ше? Өмірінде ешқашан несие алмаған адамға банк қомақты несие бермей қоюы әбден мүмкін. Өйткені банк үшін оның қандай адам екені белгісіз. Себебі азаматтың несие тарихы жоқ. Сондықтан қомақты несие (ипотека, автонесие) алатын ойыңыз болса, алдын ала несие тарихын құру бойынша қамданғаныңыз жөн. Ол үшін бірнеше шағын несие алып, уақытылы жауып тастасаңыз болады. Ең бастысы, банк сіздің адал және жауапты клиент екеніңізге көз жеткізуі керек. * * * Жаңа кинолар хақында "Әнші" отбасылық драмасы. Жас шопан Жаңбырбай атақты әнші болуды армандайды. Бірақ бұл ойын ата-анасы ұната қоймайды. Арманға жету жолында жас жігіт тоналып, бөтен қалада жалғыз қалады. Қиындықтарға қарамастан, Жаңбырбай өзінің арманына жету жолын жалғастырып, "Дауыс" байқауына өтеді, онда ол жаңа достар тауып, Ару есімді қызға ғашық болады. Сезімге бой алдырған жігіт конкурстан шығып кетеді. Кейін, досының қолдауына ие болғаннан кейін, жігіт конкурсқа қайта оралады. Барлық қиындықты олар бірге еңсеріп, байқауда жеңіске жетіп, өнер колледжіне түседі. Басты рөлдерде: Ерболат Тоғызақов, Кокан Көкеев, Жеңіс Ерқақова, Иван Бреусов. "Хотя бы кинода 3" комедиясы. Қайрат түрмеден шыққан соң бірден науқас анасын құтқарудың амалын іздейді. Дәрігерлердің диагнозы көңілге қаяу түсіреді. Анасының өмірін сақтап қалу үшін ол Қытайдан қымбат медициналық жабдықтар мен миллион долларлық дәрі-дәрмектерді алуы қажет. Ақшасыз әрі тұрақты жұмысы жоқ Қайрат түрмеде отырған бұрынғы олигархтарынан көмек сұрайды. Олар көмектесуге келіседі. Бірақ бір шарт қояды. Қайрат астық салынған жүк көлігін Қытайға жеткізуі керек. Таңдаудың нәтижесі Қайраттың келісім беруімен жалғасады. Қытай шекарасынан өтіп бара жатып, Қайрат пен оның жүргізушісін белгісіз қылмыстық топ тоқтатып, шабуыл жасайды. Екеуі де есінен танып қалады. Қайрат есін жиса, Қытайдың "Кунг-фу мектебінде" жатады. Жергілікті тұрғын оған досы екеуін құтқарғанын түсіндіреді. Өйткені олардың көлігі өртеніп кеткен еді. Қайрат болған оқиға туралы хабарлау үшін Қазақстандағы олигархтармен бірден байланысады. Олар жоғалған жүкте бағалы алтын болғанын мойындайды және оны табуды талап етеді. Олай болмаған жағдайда анасын көрмейтінін айтып, қорқытады. Енді Қайрат жүкті ұрлау құпиясын ашуы керек. Оған кунг-фу мектебінің мұғалімдері мен оқушылары көмектеседі... Басты рөлдерде: Қайрат Әділгерей, Аманғали Сыпабеков, Нұрбек Мұқышев, Қанат Әлжапаров. "Өмір ағысында" деректі драмасы. Жылдың 4 маусымының панорамалық көрінісі: көктем, жаз, күз және қыс. Қазақ шопандарының "су мен шөп үшін" дәстүрлі көшпелі өміріндегі өзгерістер және отырықшы мал шаруашылығының қазіргі өміріне көшу. Фильм соңғы 40 жылдағы Қытайдағы қазақ халқының өміріндегі үлкен өзгерістерді көрсетеді. Жас рейтингі: 16+ "Я не киллер" комедиясы. Гари Джонсон нағыз қылмыскерлерді ұстау үшін өзін қаскөй өлтіруші ретінде көрсетеді. Бұл әрекет әйел пайда болғанға дейін жоспар бойынша жүреді. Басты рөлдерде: Глен Пауэлл, Адриа Архона. Жас рейтингі: 18+ "Незнакомцы: Начало" қорқынышты фильмі. Майя мен Райан мерейтойын бесінші рет атап өтуге шешім қабылдайды. Бірақ бұл олардың соңғы кеші болуы мүмкін екенін білмейді. Бүкіл ел бойынша пикаппен саяхаттап, олар жергілікті тұрғындар, тіпті балалар да үлкен қызығушылықпен қарсы алған шағын қалаға аялдама жасайды. Ерлі-зайыпты бұл оғаш жерде қалғысы келмейді, бірақ көп ұзамай қуыршақ маскаларын киген жындылар жиналатын үйде түнеуге мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Габриэль Бассо, Маделин Петш. Жас рейтингі: 18+ "10 жизней" мультфильмі. Мысықтардың тоғыз өмірі бар екенін бәрі жақсы біледі. Сондай-ақ, мысықтар жалқау, қыңыр және басқаларға өте агрессивті болып келеді дейді. Дегенмен, олардың ішіндегі ең тәкаппары - Бекетт есімді мысық. Бірақ оның жұмыс күндері көп ұзамай өзгеріске ұшырайды. "Пушистый вояж" мультфильмі. Екі үй жануары Педро мен Грейси көшу кезінде иелерінен көз жазып қалады. Қорқынышты және белгісіз әлемде олар отбасымен қайта қосылуға тырысады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |