22:27 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Әлем миллиардері Уоррен Баффеттің жетістік құпиясы Уоррен Баффет - дүнижүзіндегі ең бай америкалық кәсіпкер әрі инвестор. Оның инвестициялық дағдылары күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді. Ендеше назарларыңызға миллиардердің табысқа жетудегі бірнеше қарапайым ережесін ұсынамыз. Баффет алғашқы инвестициясын 11 жасында салады. Бастапқыда 120 доллар жинаған кәсіпкер әпкесін серіктес ретінде тіркеп, Cities Service Preferred компаниясының үш акциясын 38,25 доллардан сатып алады. Алайда акция сол сәтте арзандап кетеді. Ал Уоррен қиындыққа мойынсұнбайды. Ол акция 40 долларға көтерілген бойда “сәтсіз жасалған саудадан” бірден құтылуға тырысады. Акциясын сатып жібергеннен кейін аталмыш қордың бағасы бес есеге өседі. Осы сәтте Баффеттің өкініші өзекті өртейді. Бұл оқиға кішкентай Уорренге көп нәрсені үйретті. Ол үшін ең маңызды өмірлік сабақтардың бірі - әрдайым шыдамдылық таныту әрі сенетін инвестициядан бірден тас тартпау болды. Гарвард Баффеттің MBA бағдарламасы бойынша өтінішін қабылдамайды. Осылайша жас жігіт Колумбия университетіне түсіп, әйгілі инвестор Бенджамин Грэммен кездеседі. Грэм жиырма жасар Баффеттің тәлімгері әрі кумиріне айналады. Ал оның “Интеллектуал инвестор” кітабындағы қағидаларын Баффет күні бүгінге дейін басшылыққа алады. Олар біраз уақыт бірге жұмыс істеді. Бірақ уақыт өте келе олардың көзқарастары өзгере бастайды. Баффет компанияларды басқаруға үлкен көңіл бөледі. Ал Грэм үшін талдаудың ең маңызды құралы есеп беру болды. 1956 жылы Баффет 105 000 доллар капиталы бар басқару жүйесі бар компаниясын ашуға шешім қабылдайды. Омахалық инвесторлар Баффетке сеніп артып, бар қаржысын инвестицияға салады. Ал миллиардер өз үлесін 100 доллармен шектейді. Бір жыл ішінде Buffett Associates 300 000 долларлық активтерді басқарды. Баффет басқару комиссиясын алмады. Бірақ барлық кірістің төрттен бір бөлігін алып отырды. Ол 4% -дан асты. 1972 жылға қарай оның 100 доллары 1 миллион долларға айналды. Ал қазіргі таңда Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясы Apple, Alphabet, Amazon, S&P-500 индексіндегі сияқты ең ірі 5 компанияның біріне айналды. Олай болса Уоррен Баффеттің ұстанымдарымен танысайық: ▪️Ақшаңызды есепсіз шашпаңыз. Мәселен, казино сынды инвестицияларға жақындау тиімсіз әдіс. Сол себепті ақшаңызды салмас бұрын ең бірінші үй тапсырмасын орындаңыз. Толық көзіңіз жеткен әрі өз кәсібін жақсы түсінетін компанияларға инвестиция салғаныңыз дұрыс. ▪️№1 ережені ешқашан ұмытпаңыз. ▪️Табысты инвестор көпшіліктің пікіріне құлақ аспайды және сол пікірге қарсы шықпайды. ▪️Өзіңіз түсінбейтін бизнеске ешқашан қаржы салмаңыз. Мысалы, Баффет технологияны жетік түсінбегендіктен, бұл салаға ақша салмайды. Жалғыз ерекшелік - Apple акциялары. ▪️Егер компания қарқынды дамып келе жатқан бизнеске ие болса, онда оның акция бағасы да өседі. Баффет Грэммен келісімге келіп, аталмыш компанияның үлесін сатып алу арқылы бір бөлігінің иесі атанады. Сондықтан сіз де компанияның болашағына сенуіңіз қажет. Бұл үшін операциялық қызметтің тұрақтылығына, компанияның операциялық жүйесі мен ақша ағынын қалай жасайтынын, ол өз сегментінде көшбасшы ма және оны басқару қаншалықты кәсіби екеніне көз жеткізіңіз. Егер компанияның капиталдандыруы айналысатын бизнестен аз болса, Баффет оған міндетті түрде назар аударады. ▪️Нарық алдамшы болып келеді. ▪️Жеңілдікпен орташа компанияны сатып алғаннан гөрі, әділ бағаға мықты компанияны сатып алған дұрыс. ▪️Инвестициялау кезеңі – мәңгілік. Инвестициялық портфельде акцияны қанша уақыт сақтау керек? Баффеттің айтуынша, егер акцияны он жыл бойы ұстайтыныңызға сенімді болмасаңыз, оны тіпті он минутқа да сатып алудың қажеті жоқ. ▪️Кейде ең жақсы нәрсе - ештеңе істемеу. Нақтырақ айтсақ, жарамсыз инвестициялардан аулақ болудан қорықпаңыз. ▪️Сіз қанша жерден дарынды болып, қаншама күш-жігер жұмсасаңыз да кейбір нәтижелерге қол жеткізу үшін тек уақыт қажет. Мәселен, сіз тоғыз әйелді жүкті қылсаңыз да, бір айда бала таппайсыз ғой. ✔️ Уоррен Баффет инвестицияға байланысты идеяларды күнделікті өмірден алады. Осыған орай танымал бір мысалға тоқталып өтейік. Баффеттің газдалған сусынға деген махаббаты ерекше болғанын атап өту керек. Ол ұзақ уақыт бойы Pepsi өнімін тұтынады. Алайда миллиардердің ойы шие дәмімен жасалған коланы ішіп көргеннен кейін толықтай өзгереді. Себебі оның бала кезіндегі естелігі Coca-Cola газдалған сусынымен тікелей байланысты еді. Кез келген адамнан газдалған брендті сұрайтын болсаңыз, көпшілігі ойланбастан Coca-Cola деп жауап беретіні рас. Осылайша Баффет Coca-Cola-ның 80 жылдық тарихына үңіледі. Баффеттің жетістікке жету құпиясы осы әрекетімен тікелей байланысты деп айтуға болады. Оны толық зерттей келе, жай ғана сироптан жасалған кола арқылы компания әр доллардан 80 цент пайда табатынына көз жеткізеді. Сонымен қатар Баффет Coca-Cola сатылымы соңғы 80 жылда жыл сайын тұрақты өскенін анықтайды. Мысалы, Ұлы депрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс секілді бірнеше маңызды оқиғаға қарамастан газдалған сусынның сатылымы артып отырған. Осы тұста Баффет өзіне “Бес, он, елу жылдан кейін Coca-Cola-ны қанша адам сатып алуы мүмкін?” деген қарапайым сұрақ қояды. Оның берген жауабы миллиардерді қанағаттандырады. ✔️ Баффет бұл инвестиция арқылы мансап жолында жоғары табысқа шықты. Coca-Cola акциясы сол уақытта 5 доллардан төмен болды. Содан бері компания тұрақты дивидендтер төлеп, он есеге дейін қымбаттады. Жақында Қытайда Баффеттің инвестициялау дағдысына байланысты культ пайда болды. Мұнда олар миллиардердің портреті бейнеленген шие кока-коласының шектеулі санын шығарды. ▪️Қазіргі уақытта Berkshire Hathaway компаниясы АҚШ-тың қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері ретінде айтарлықтай үлкен қаражатқа ие. Бұл сома акцияларға салынған инвестицияның шамамен үштен екісіне тең. Сондай-ақ Баффеттің кеңсесінде ескі Times журналының 1907 жылғы мұқабалары және Ұлы Депрессия кезіндегі суреттері ілулі тұр. Мұны Баффет бұл дүниеде бәрі де мәңгі емес әрі бәрі де мүмкін екенін еске салу үшін іліп қойғанын жеткізді. * * * Уақытты дұрыс жоспарлауға арналған ТОП-5 кітап Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. Harvard Business Review. “Қалай өнімді бола аламыз”, (Как стать продуктивнее) Harvard Business Review мақалалар жинағы өнімділіктің барлық саласын қамтиды: тек күнді жоспарлау ғана емес, сонымен қатар назар аудару қабілеті, мотивацияны іздеу және артық жұмысқа «жоқ» деп айта алуға үйретеді. Барлығы алты бөлімнен тұратын 34 мақала. Мұнда «Түгендеу», «Күнді жоспарлау», «Көңіл бөлу», «Мотивация» және «Сапарлар» тарауларынан басқа маңыздылығы жоғары – «Демалыс» туралы да айтылады. Николай Мрочковский, Алексей Толкачев “Экстремалды тайм-менеджмент” (Экстремальный тайм-менеджмент) Бұл уақытты тиімді басқаруды қалыптастырғысы келетіндер үшін таптырмас кітап. Кітаптың оқырманға берер пайдасы көл-көсір. Бұл туындының басты кейіпкері - Глеб есімді орташа жастағы қарапайым адам. Оның өзін-өзі бағалау қасиеті төмен болады. Соған байланысты жұмысы мен жеке өмірінде көптеген мәселемен арпалысып жүреді. Қуанышына орай өміріндегі бұл келеңсіз жайттар ұзаққа созылмайды. Ол сәтсіз сәттердің бірінде табысты кәсіпкер Макспен танысады. Осылайша Макс оның өмірінің өзгеруіне айтарлықтай көмектеседі. Глеб тәлімгері ұсынған әдістерді орындау арқылы мансаптық жолы мен жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жете бастайды. Әр тараудың соңында кітап авторлары оқырманға Глебпен бірге орындай алатын үй тапсырмасы түрінде ұсынылған жаттығуларды ұсынады. Макс оқырманға өз мақсаттарын теңдестіруге көмектесетін, 8 секторға бөлінген шеңберден тұратын - "өмір теңгерімі" әдісін ұсынады. Әр сектор- адам өмірінің негізгі саласы ретінде қарастырылады. Олар: ▪️Денсаулық және спорт; ▪️Тұрақты орта, достар; ▪️Отбасы және жеке қарым-қатынас; ▪️Мансап және кәсіп; ▪️Қаржы; ▪️Руханият және шығармашылық; ШЫНАР ӘДІЛОВА "ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ" Кітапта адам баласының теңдессіз қазынасы — уақыт жайлы сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы уақытты орнымен пайдаланудың қыр-сыры көрсетіледі. Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына ұсына отырып, оны асыл дініміздің шеңберінде қолдану жолдары беріледі. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдістерімен таныстырады. Кітап - уақытына бей-жай қарамайтын барша оқырман қауымға арналады. Стивен Кови. «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (Семь навыков высокоэффективных людей) Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (7 Habits Of Highly Effective People) еңбегі – әлемнің 40 тілінде 30 миллион данамен таралған жеке тұлғаның дамуы туралы танымал кітап. Бұл туынды №1 әлемдік бестселлер болып есептеледі. Кітап 4 бөлімнен тұрады. Автор жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін 7 дағдыны атап көрсетіп, әрқайсысын жеке-жеке талдайды. Алғашқы үш дағды адамның өзін-өзі басқару – толық тәуелсіздікке жету жолдары, келесі үш дағды – айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынас, соңғы жетінші дағды – адамның өзін және өзгелермен қарым-қатынасын басқара білу қабілетін үздіксіз жетілдіріп отыру тақырыбын қамтиды. Жетістікке жетудің жолы мен өмірлік маңызды негізгі принциптерді атап көрсетіп, кез келген жағдайда дұрыс әрі нақты шешім қабылдаудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. * * * Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері қалыптасып келеді. Олар тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Соған орай үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамып отырды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. Қазақ халқының қолөнерінің ішінде зергерлік ісі өте жоғары бағаланды. Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған. Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық, көнек т.б жасаған. Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты. * * * Жаңа кинолар хақында "Соңғы үкім" тарихи драмасы. Бұл - қоғам қайраткері, ғалым, ақын, ХХ ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының ең көрнекті көшбасшыларының бірі – Ахмет Байтұрсыновтың таңғажайып тағдырына әсер еткен елеулі оқиғалар туралы киножоба. Кейіпкердің өмір жолы қасіретті дәуірдің аясында өрбиді. Басты рөлдерде: Азамат Сатыбалды, Дарья Александрова, Назгүл Қарабалина, Еркебұлан Дайыров. "Менің атым - Қызболсын" комедиясы. Әділ – прокурордың көмекшісі, патриархалды отбасының жалғыз ұлы. Жұмыста бастығына жағу мақсатымен ол сотта отбасын қорлаушы - әйелін ұрып-соққан жоғары лауазымды баскарушының баласын “ақтайды”. Бір күні ол ерлер мен әйелдер қарама-қарсы рөлдерді атқаратын параллель әлемде оянады. Ол әлемде Әділ еркектерге қатысты теңсіздік пен алалаушылықпен бетпе-бет келеді. Содан соң гендерлік теңдік туралы көзқарасын өзгертіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық кұрбанына көмектесуді ұйғарады. Оның бұл әрекеті прокуратура қызметінен бас тартуға әкеледі. Бірақ ол әділдік үшін күресін жалғастырады... Сайып келгенде, ол тәуелсіз құқық қорғаушы болуға шешім қабылдайды. Басты рөлдерде: Еламан Есентаев, Ақбота Нұр, Азат Сейтметов, Әзиз Бейшеналиев. "Қораға кірдік" комедиясы. Ұсақ алаяқтықпен айналысатын екі дос құлдықтан құтылуға тырысады. Мұнда олар үлкен көлемде тұшпара жасауға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Мансұр Серіков, Ерболат Алкожа, Олжас Нұрбай, Әшім Ахметов. "Фуриоса: Хроники Безумного Макса" боевигі. Жасыл жерде жас жауынгер Фуриоса қолбасшы Дементус бастаған байкерлер ордасының қолына түседі. Олар шөл даладан өтіп бара жатқан сәтте Өлмес Джо басқаратын Цитадельге тап болады. Екі тиран үстемдік үшін күресіп жатқанда, Фуриоса үйіне жол табуға тырысып, көптеген сынақтан өтуі қажет. Басты рөлдерде: Аня Тейлор-Джой, Крис Хемсворт. Жас рейтингі: 16+ "Реинкарнация. Демоны желаний" қорқынышты фильмі. Мэтт Клэрді қатты жақсы көреді. Ол айықпас дертке шалдыққан ғашығын жоғалтқысы келмейді. Сол себепті Мэтт сүйіктісі ажал құшпас үшін арнайы рәсім жасап, тілек айтады. Дегенмен тілек орындалуының кері тұсы да бар. Мэтт қараңғылық жындарымен күресіп, емдеудің шынайы құнын түсінуі керек. Басты рөлдерде: Джуди Маккуин Бауэр, Брэнди Боткин. Жас рейтингі: 18+ "Гарфилд в кино" мультфильмі. Дүйсенбіні жек көретін, лазаньяны жақсы көретін әлемге әйгілі үй мысығы Гарфилд үйдегі жайлылықтан тыс жабайы шытырман оқиғаға аттанады. Осылайша ол ұзақ уақыттан бері жоғалып кеткен әкесімен күтпеген жерден кездесіп, көше мысығы Викпен және ит досы Одимен жайлы өмірінен бас тартып, көңілді әрі қауіпті шытырман оқиғаға қосылуға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Ханна Уэддингем, Крис Пратт. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |