10:25 Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз... |
* * * Әлемге әйгілі Ferrari автокөлігінің тарихы: Нарықты қалай бағындырды? Ferrari тарихы 90 жыл бұрын бастау алды. Осы жылдар аралығында ол әлемге әйгілі әрі ең қымбат брендтердің біріне айналды. Балалық шағы Энцо Эро Ансельмо Феррари 1898 жылы Италияның Модена атты шағын қаласында дүниеге келді. Бала кезінде Энцо әкесінің жанынан бір елі алыстамай, Альфредо Феррариге парохоқа арналған металл бөлшектерді жасайтын шеберханасында көмектесті. Энцо бос уақытында әкесінің ісін зерттеумен айналысты. Ол кішкентайынан журналист әрі опера әншісі болуды армандады. Алайда 1908 жылы Феррари отбасы Болоньядағы автокөлік жарысына қатысқан кезде бәрі өзгереді. Себебі мұндағы жылдамдық, түрлі көліктер, қауіп-қатер және көпшіліктің қуанышы - он жасар баланы таң қалдырып, жүрегін жаулап алады. Осы сәтте ол жарыс жүргізушісі боламын деген шешім қабылдайды. Мансап жолы 1914 жылы жас жігіт La Gazzetta dello Sport газетіне спорт шолушысы болып жұмысқа орналасады. Онда футбол туралы баяндамалар жазып жүрді. Алайда бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені соғыс басталып, Феррариге де шақырту келеді. Соғыстан кейін Энцо үйіне оралды. Бұл уақытта оның көлікке деген сүйіспеншілігі мен жетістікке деген ұмтылысы ғана болған еді. Сол себепті ол Fiat-ке қызметке орналасуға тырысады. Өкінішке қарай, ол қабылданбайды. ▪️1919 жылы оның айы оңынан туды. CMN Энцоны сынақшы және көлік жүргізушісі ретінде қабылдайды. Сол кезде жарыстан да бой көрсете бастады. Бірақ бәрі ол ойлағандай болған жоқ. Себебі ол жарыс мансабында төрт жылдан кейін ғана жеңіске жетті. 1923 жылы Circuito del Savio-да жеңіске жетіп, өзіне деген сенімділігі артады. Сонымен бірге Энцоның жаңа қызығушылығы пайда болып, ол кәсіпкерлікке де бет бұрады. Осылайша өзі жұмыс істеген компанияда алдымен (AlfaRomeo) басшылық қызметке ұмтылады. Бұл құштарлығы кездейсоқ пайда болған жоқ. Себебі бұл әрекеті арқылы ол өзінің туған қаласында Ferrari AlfaRomeo автокөліктерін сататын компания құрды. Басшы ретінде оның қолында еркіндік болды. Энцо жауапкершілігі көп болса да, жарысты шет қалдырған жоқ. Нәтижесі де тамаша болды. Сондықтан 1929 жылы ол өзінің Scuderia Ferrari атты жарыс командасын құруға шешім қабылдайды. Команданың демеушілері AlfaRomeo (жеткізілген автокөліктер), Bosch (ұшқындар), Shell (жанармай мен май) болды. ▪️Бірте-бірте Ferrari командасында әйгілі жүргізушілер пайда бола бастады. Олардың қатысуы арқылы Ferrari туралы ақпарат кең етек жайды. Команда дамып, жеңістері артты. Осылайша байыпты спортшыларды тартып, жоғары беделге ие болады. Отызыншы жылдардың аяғында бас демеуші жеке өзіне әрекет ететін уақыт келді деген шешімге келіп, командаға тиесілінің бәрін сатып алады. Ал Энцоға жоғары лауазым ұсынады. Бірақ оны қанағаттандырмайды. Себебі өзі жетекшілік ете алатын ісінде біреуге жұмыс істеуді қаламайды. 1939 жылы Ferrari автокөліктерге арналған станоктар мен бөлшектерді шығаратын Auto Avio Costruzioni атты жеке компаниясын құрды. Компания соғыстың басталуына байланысты ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды. Бірақ Ferrari тарихындағы бірінші автокөлікті - AAC Tipo 815 жасап шығарды. ✔️ Ferrari көлігінің дүниеге келуі 1945 жылы соғыс аяқталды. Дәл сол кезде Ferrari спорттық автомобильдер шығару туралы шешімін жариялайды. Ол жаңа жобасына бұрынғы қызметкерлерін, сондай-ақ AlfaRomeo-дағы бұрынғы әріптестерін тартуға тырысты. Үздіктермен жұмыс істей отырып, екі жылдан кейін ол Ferrari 125 S көлігін таныстырды. Автокөлік өзінің алғашқы жарысында жеңіске жете алмайды. Бірақ кейін бірқатар жеңіске қол жеткізеді. Жақсы нәтижелер ауқатты адамдардың назарын аударды. Нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлер, ақсүйектер мен саясаткерлердің қатары көбейе бастады. Ferrari автокөлігінің жыл сайын өндірісі мен жарысқа қатысу саны да артты. Алайда компания қиын кезеңмен бетпе-бет келеді. 1956 жылы Энцоның ұлы қайтыс болады. Бұл Феррариді компанияның бүкіл құрылымын қайта қарауға және оны ашық компанияға айналдыруға мәжбүр етті. * * * Жаман әдеттерден қалай бас тартамыз? - Нәтижеге жеткізетін 5 әдіс Сөзіңді түзе - әдетіңе айналады, Әдетің - мінезіңе айналады. Мінезің - сенің тағдырың. Шәкәрім Құдайбердіұлының дәл осы нақыл сөзі бүгінгі тақырыпқа арқау болып тұр. Себебі біздің бүгінгі іс-әрекетіміз ертеңгі күні қандай адам болатынымыздың айқын көрінісі. Сол үшін күнделікті әдеттерімізді бақылауға алу өте маңызды. Ендеше біз ұсынған кеңеске назар аудар. 1️⃣ Өз қателігіңді мойындап үйрен. Егер жаман әдетіңнен расымен арылғың келсе, шындыққа бетпе-бет қарауың керек. Себебі мойындау арқылы онымен күресе аласың. ✔️ 2️⃣ Ниет етіп, әрекет етудің нақты бір жоспарын құр. Нақты әрекеттердің тізімін жазып, өзіңді жақсарту үшін не жасауың керек екенін жаз. Сонымен қатар осы мәселені шешу үшін нақты уақытын белгіле. Осы тұста «Егер сен жоспар құрмасаң, сәтсіздікті жоспарлайтын боласың» деген нақыл сөзді есіңнен шығарма. 3️⃣ Жаман әдеттердің орнын әлдебір пайдалы әрі дұрыс нәрсемен алмастыруға тырыс. Есіңде болсын, жаман әдеттермен күрес анағұрлым сәтті болады. ➿ Көп жағдайда жағымды эмоция мен жақсы әсердің жетіспеуінен жаман әдеттер пайда болады. Мысалы, әлеуметтік желіде өткізетін уақытты пайдалы кітап оқумен немесе спортпен айналысумен алмастыр. 4️⃣ Сені жаман әдетке алып келетін үйреншікті дағдылардан бойыңды аулақ ұста. Мәселен, егер сен ақшаны тез жұмсап тастауға әуес болсаң, оны бірден сенімді адамға беріп қоюға тырыс. 5️⃣ Араласатын ортаңды ауыстыр. Себебі жаман орта әсерінен жаман әдеттер пайда болып жатады. ⚪️ Өз ортаңда сені жаман әрі дұрыс емес әрекеттерге итермелейтін достарың мен ескі тамырлардан бас тарту керек. Мұндай жандардан аулақ жүруге тырыс. Өмір салтының өзгеруі - адамдар мен оқиғалардың әрекетіне жаңа серпін береді. Сондықтан ішкі дауысыңызды тыңдаңыз және шұғыл мәселелерді шешуді кейінге қалдырмаңыз. Ал жаңа әдетті серік ету үшін нені ескерген жөн? Оның шешімі қандай? Біздің кеңеске көз жүгіртіңіз. Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату. Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі.
|
|
Всего комментариев: 0 | |